400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы
маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд

Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз,

Қайырлы таң, достарым!

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады
Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
- Балалар, тыңдаңдаршы,қай жануардың дауысы естілді?

Балалар: Ешкінің

Ешкі: Лағым-ау, лағым!

Ерке тотай шұнағым

Ойнап кеттің тым ұзақ

Табыла қойшы лағым

Қарның ашып сенің

Қалған шығар шырағым

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жайылып жүрген лақтарымның арасынан бір лағым адасып кетті, соны мен іздеп жүрмін!

Көрдіңдер ме балалар?
Балалар:- Жоқ

Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын

Бәріненде мықтымын

Көріп қалып сендерді,

Амандасуды жөн көрдім

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ешкі: Сәлеметсің бе, қасқыр! Мен лағымды жоғалтып алдым едім, сен менің лағымды өз үйіңе алып кеткен жоқсың ба?

Тәрбиеші: Ешкі лағын жоғалтып алыпты, көрмедің бе лақты?

Қасқыр: Мен білемін лақтың қайда адасып кеткенін, бірақ сендерге тапсырмаларым бар, егер орындасаңдар мен ешкіні лағымен жолықтырамын!

Тәрбиеші: Біз ешкіге лағын табуға көмектесеміз, бірақ алдымен тапсырмаларды орындау керекпіз

Жұмбақ шешу:
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы)
2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар (Сиыр)
3. Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар (Түйе)
4. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
5. Секең - секең етеді
Таумен - тасқа жетеді. ( Ешкі)
6. Үй жанында өмір сүреді
Біреу келсе үреді. ( Ит)
7. Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды Мысық

Тәрбиеші: Үй жануарларына не жатады? Төлдері қалай аталады? Қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы –

бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. 
1 тапсырма:
«Не артық?» ойыны ойналады.
Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдар аралас қойылады, балалар жабайы аңдарды алып тастау керек. Қалған жануарларды бір бірден сипаттайды.

2 тапсырма: Төлдерін тап» ойыны; 

Тәрбиеші: Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Қой – қозы
Ешкі – лақ
Түйе – бота
Ит – күшік
Мысық –марғау:

3 тапсырма: «Сокыр теке» ойыны

Кәусар: Ақ бұзауым ұнайды
Мө - мө деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды.
Инаят: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным қозым деп
Жасмин: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Амира: Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Бектұрған: Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ

4 тапсырма:

Қасқыр: Балалар сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, ал мен уәде бергендей лақты ешкімен табыстырамын

Ешкі: балалар сендерге көп рахмет лағыммен қауыштырғандарыңызға!
- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымыздан тұрып жылулық шеңберін құрайық доңыз жылына арналған тілектерімізді айтайық!
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Жылқы жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Тәрбиеші: Осы тілектеріміз қабыл болсын! Балаларымыздың апайларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Бұл сыйлық биылғы жылқы жылының күн тізбесі. Алдағы күндері сәтті, табысты болсын деген тілекпен сіздерге тарту етеміз.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі