Елін сүйген –
Елбасы
Тәрбие сағат.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев
атамыз туралы мағлұмат беру.
Білімділік мәні:
Президент күні туралы ұғымдарың қалыптастыру .
Отанға деген сүйіспеншілік арттыру.
Дамытушылық мәні:
Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы
мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой –өрісін
дамыту.
Тәрбиелік мәні: Балаларды Отанын, халқын, жерін
сүюге, батылдыққа,азаматтыққа, патриоттыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Елбасы сүреті, шарлар,
гүлдер
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
-Қыс мезгілі қандай айлар (желтоқсан,
қантар,ақпан)
Жарайсындар балалар.
Шаттық шеңбері:
- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда
терезеден нені көресіңдер?
- Күнді, күннің жарқыраған нұрын
көреміз.
- Күннің нұрын көргенде сендер қалай
қуанасыңдар?
- Алақай! деп қолымызды шапалақтап
қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз,
төменнен не көреміз?
- Жоғарыдан аспан, күнді,
бұлтты.
- Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды
көреміз.
- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге
және өздерімізге сәлем берейік.
Шеңберге тұрады:
- Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Балалар қыс
мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке
біздің Елбасымыздың құрметіне
арналады.
Сендер
елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар,
көгілдір экранға назар
аударайық.
- Балалар, бұл
кім?
- Балалар,
сендер қандай елде
тұрасыңдар?
- Әр елдің өз
басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау
– Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны
– Ақорда.
Іздену-
ұйымдастырушы
Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін
балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз
автобусқа отырайық..
- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз
Қарағанды қаласында бастаған.
Осы Қарағандыда не бар?
Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала
көмірге бай.
- Қазір балалар Елбасымыз қай қалада
тұрады?
- Бұл қала біздің елордамыз.
- Ал Астанада
не бар?
- Ия, байтерек, бар, ол біздің елдің
символы
- Балалар
елбасымызға арнап тақпағымызды
айтайықшы.
Інжу:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Назерке:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Айғаным:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
Султан:
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен
бірге
«Қазақ
жігіттері» әніне билейді.
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері
болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап
білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің
біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір,
самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар
туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың,
бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран
құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын
болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі
екен.
- Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік,
еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға,
білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек
етті.
Балалар бәріміз бірге әң ұранымызды
орындаймыз.
Қорытынды: балалар біз бүгін кім туралы
айттық.?
Балалар: Н.Ә. Назарбаев туралы.
Тәрбиеші: Ол кім?
Балалар: Ол біздің елдің
президенті
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар!
Осымен тәрбие сағатымыз
аяқталды.
Тақырыбы: Елін сүйген
–Елбасы
( тәрбие сағат)
Дайындаған: тәрбиеші
Ахметова Ж.Е.
Кокшетау қаласы
2020-2021 жыл