15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі " Біз шыныққан баламыз"
№4 «ЖО ж ҚББМО» «Балбұлақ»шағын орталығы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: " Біз шыныққан баламыз"
(Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша)
Екінші кіші топ
Тәрбиеші: Ғұмар А.Н.
2018 жыл
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Денсаулық, коммуникация
Тақырыбы: Біз шыныққан баламыз (Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша)
Мақсаты: Балалардың икемділігін, зейінін, жылдамдығын дамыту; денсаулыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Өз бетімен секіре білу, тапсырмаларды орындай білу, өз бетімен ойнай білу қабілеттерін дамыту.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрау, көрсету, жасату.
Қажетті көрнекі құралдар: Доптар,саңырауқұлақтар, үйшік т.б.
Қос тілділік компонент (блингвизм): Бауырсақ-колобок-zeban. Қоян-заяц-Arabit, Аю-медведь-Abia
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық, Күннің нұрын шашайық Таза ауаны жұтайық, Жұрекке жылу салайық Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық.
Бауырсақ кіреді. -Ой, мен қайда келіп қалдым? Мында не болып жатыр? -Бауырсақ сен қайдан жүрсің? -Мен атам мен әжемнен адасып қалдым, баратын жол таба алмай жүрмін. -Балалар сендер бауырсақты білесіңдер ме? Қай ертегінің кейіпкері? Балалар біз бауырсақты үш тілде айтайықшы: Бауырсақ-колобок-zeban. Балалар олай болса, бауырсаққа көмектесеміз бе?
|
Балалар шеңберде тұрады, шаттық шеңберін орындайды.
-Ия. -Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
-Ия |
Ұйымдас- тырушылық ізденіс |
Жүру және жүгірудің түрлері. Қане олай болса, Бауырсақты атасы мен әжесіне апаратын жолмен жүрейік. (Жаймен жүру) Балалар бізде уақытымыз өте аз, тездетіп жүгірейік. ( Бірінің артынан бірі жүгіру) Балалар қараңдаршы бізге бауырсақтың достары доптар келіп қалған. Қане олай болса, доптармен жаттығу жасайық. Олардың көптігі сонша бәрімізге жетеді.Мен сендердің барлықтарыңа ұсынамын. 1.Тұру: Допты жоғары көтеріп, төмен түсіру. (3-4 қайталау) 2.Тұру: Допты қолдарына ұстап оңға, солға бұрылады. 3.Тұру: Допты қолға ұстап секіру. (тоқтап тоқтап секіреді). Енді, балалар доптарды кәрзеңкеге саламыз.
Қоян шығады. Қоян секіріп жүріп, бауырсаққа кезігеді.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын! «Мені, жеме қоян мен де сен сияқты секіре аламын, саған көрсетейінші». -Балалар бізге қандай кейіпкер келіп тұр? Қоян-заяц-Arabit Қимылды қозғалыс (Қоянға ұқсап секіру). Қоян бауырсақты жемеді.
Балалар қараңдаршы Шыршалардың
қасында Саңырауқұлақтар қалай көп! Себетіміз әбден толды. Алақандарың кірлеп қалыпты, жүріңдер, бұлаққа қолымызды жуайық. Ал
енді қолымызды құрғатамыз, аузымызға
ауа толтырып, алақандарымызға үрлейміз.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін! -Сен, мені жеме аю мен сен сияқты жүре аламын. Балалар бізге қандай кейіпкер келді? Аюды үш тілде айтайықшы: Аю-медведь-Abia Қимылды қозғалыс (Аюдың жүрісі). -Бауырсақ мен жатып-жатып көп қозғалудан қалдым. Балалармен бірге тағы да бір серігіп алсам. -Қане олай болса, балалар аюмен серігіп алайық. Сергіту сәті. (әуенмен)
Қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын! Қасқыр, сен мені жемеші. Олай болса маған денсаулық туралы тақпақ айтып бер. Балалар ал, мынау қандай кейіпкер? Қане қасқырды үш тілде айтайық: қасқыр-волк-Avul -Қане балалар бауырсаққа көмектесейік.(тақпақтар) Бауырсақ қасқырдан да құтылады.
Түлкі шығады. Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін! Сен мені жемеші түлкішек, жүр екеуміз балалармен бірге ойын ойнайық. Балалар мына кейіпкер кім? Қане, түлкіні үш тілде айтайық: түлкі-леса-Afox Қимылды ойын. «Бауырсақ» Мақсаты:балаларға жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету. Барысы: балалар бауырсақтың бетперделерін киіп ойынға қатысады. Бауырсақ болып ойнайтын балалар түлкідн қашып құтылу керек.Егер ұсталса онда түлкі болады.
|
Балалар жаймен жүреді.
Балалар жүгіреді.
Доптарды алады. Жоғары, төменге допты көтеріп, түсіреді. Оңға,солға бұрылады. Допты ұстап секіреді. Доптарды кәрзеңкеге салады.
-Қоян. Балалар бауырсақпен бірге қоянға ұқсап секіреді.
Балалар
саңырауқұлақтарды бір - бірден теріп
себетке салады.
Балалар қолдарын жуады.
Балалар қолдарын құрғатады
-Аю Балалар қайталайды. Балалар бауырсақпен бірге аюдың жүрісін салады
Балалар аюмен бірге сергіту сәтін орындайды.
-Қасқыр. Балалар бауырсаққа көмектеседі.
Ақылды біз баламыз, Айтққан тілді аламыз. Жаттығу жасап, шынығып, Өсіп, үлкен боламыз. Денсаулық – зор байлық Дені саудың – жаны сау Бірінші байлық – денсаулық Спорт – денсаулық кепілі Шынықсаң шымыр боласың
-Түлкі.
Балалар түлкімен, бауырсақпен бірге ойын ойнайды.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Қорытынды бөлім: Ой, балалар ойын ойнап жүріп, бауырсақтың атасы мен әжеінің үйшігіне де келіп қалыппыз.Олай болса, бауырсақты атасы мен әжесіне табыстайық. Балалар қараңдаршы атамыз бен әжеміз сіздерге алғысын айтып дәмді бауырсақ дайындап қойған. (Балаларға бауырсақ оқу қызметінің соңында беріледі) Жәй қозғалысты ойын: - Балалар, қане шеңберге тұрайықшы. Бір бірлерімізге жақындайық, енді үлкен шеңбер жасау үшін үрлейік. Балалар қараңдаршы біз қандай үлкен шеңбер жасадық, ол біздің бауырсағымыз сияқты.
-Балалар, біз бүгін бауырсақпен бірге қандай қимылдар жасадық?
- Балалар біз бауырсаққа көмектестік пе?
Ендеше біз де тобымызға барайық.
|
Шеңберге тұрады.
Бір бірлеріне жақындайды, үлкен шеңбер жасайды.
Қоянға ұқсап секірдік, аюдың қимылын салдық, доптармен жаттығулар жасадық, саңырауқұлақтар тердік.
-Ия
Қол ұстасып тұрайық Шеңберді
біз құрайық. Сау саламат болайық!
|
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Ертегі мазмұнын біледі.
Баланың меңгеруі: Секіру, қимыл-қозғалыс ойынында, доппен түрлі әрекеттер жасау жолдарын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Өз бетімен секіреді, қимылдайды, жаттығуларды орындайды, тыныс алу жаттығуларын жасай алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген