ШҚО білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК
Тәрбиеші: Ибраимова Асель Бауржановна
Білім беру салалары: шығармашылық, қатынас, таным .
Бөлімі: шығармашылық
Тақырыбы: Аққала.
SMART мақсат:Аққаланың дайын ірі және барынша ұсақ элементтерін
орналастыру мен желімдей білу дағдылары қалыптасады.
Міндеттері:
Білімділік : дайын пішіндерден аққаланың бейнесін жасауға үйрету.
Желімдеу техникасын қалыптастыру.
Дамытушылық : балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,
заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: жұмысты ұқыпты, таза жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
түсінеді: нұсқаумен ұқыпты жапсыруды;
қолданады: түстер мен пішіндерді ажыратуды.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: балабақша ауласына серуен; табиғат құбылыстарын бақылау; алғашқы жауған қарды бақылау, өлеңдер оқу; тақырып бойынша әңгімелесу.
Құралдар мен материалдар: фетр матасынан дайын қиылған үлестірмелі материалдар , желім, сүлгі орамал.
Билингвальді компонент: қар- снег, аққала - снеговик.
Сөздік жұмыс: қар жауды, қар түйіршіктері, өрнек, қыс, суық, аязды, таза ауа.
Әдіс- тәсілдер: «Миға шабуыл» әдісінің «Жұмбақ шешу» тәсілі, «ТРИЗ» технологиясының «Карусель» әдісі , «Көрме» әдісі, бала үні, сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Жуан және жіңішке» сұрақтар әдісі
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Психологиялық дайындық:
Бір, екі, үш!
Топтың іші тып- тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Ойынды біз бастаймыз!
І. Кіріспе бөлім: «Миға шабуыл» әдісі арқылы балаларға жұмбақ шешкізіп ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбымен таныстыру.
Бүгін таңертең кіп - кішкентай марғауым көзін ашып, керіліп, ұйқысынан оянды. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақшы болды. Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ, суық нәрсеге тиді. Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп,төсектің астына тығылып қалады.
– Балалар, марғау неден қорқып таңғалды?
– Ол даладан нені көрді? (марғау алғашқы жауған қарды көрді)
ТРИЗ технологиясының «Карусель» әдісі арқылы қарды сипаттау.
«Карусель» дидактикалық , құрылымдалған ойыны
Мақсаты: балалардың ойын барысында қарды сипаттата отырып танымдық қабілеттері арттыру, тілдерін дамыту.
Қардың түсі ақ, суық, қарда сырғанақ, шаңғы, қолшана тебуге болады, аққала жасауға болады, қардың дәмі жоқ деген сияқты тіркестермен қарды сипаттайды.
Билингвалды компонент: қар- снег, аққала- снеговик
ІІ. Негізгі кезең
Қызықтыру сәті.Қонаққа Аққала келеді.
Аққала: Сәлеметсіңдерме, балалар! Менің көңіл –күйім жоқ болып тұр, себебі достарым жоқ жалғызсырап тұрмын.
Балаларға қар жаңадан жауғандықтан аққаланың достары әлі жоқ екенін түсіндіріп, аққалаға достар жасап беруді ұсыну.
«Жуан және жіңішке » сұрақтар
Мақсаты: Балаларды толық жауап беруге дағдыландыру.
- Балалар, аққала неден жасалады? (аққала қардан жасалады)
- Аққала қандай пішіндерден жасалады? (аққала дөңгелек пішіндерден жасалады)
- Аққаланың дене бөлігінің дөңгелек пішіні қандай болады? (аққаланың денесі үлкен дөңгелек)
- Аққаланың бас бөлігінің дөңгелек пішіні денесімен салыстырғанда қандай болады? (аққаланың басы денесінен кішірек дөңгелектен жасалады)
- Аққаланың қолдары ше? (қолдары кішкентай дөңгелектерден жасалады)
- Аққаланың көздері мен мұрны қандай пішіндерден болады? (аққаланың көздері дөңгелек , қара түсті, мұрны үшбұрыш сары түсті)
І . Балаларға алдымен аққаланы үлгі көрсете отырып құрастыртып алу.
1. аққаланың денесін;
2. аққаланың басын денесінің үстіне қою;
3. аққаланың қолдарын дене бөлігінің оң және сол жағына қою;
4. аққаланың басына қалпақ кигізу және бетіндегі ұсақ бөлшектерін орналастыру;
Сергіту сәті:
«Қармен ойын» Саусақ жаттығуы
Қарды қолымызға алып домалақтаймыз, (алақан арасында қарды домалақтағандай қимылдар жасау )
Қолымыз тоңып кетті, қолымызды уқалаймыз, (5-6 рет)
Саусақтарымызды ашып жұмамыз. (5-6 рет)
Қолымызды сілкиміз. (3-4 рет)
ІІ. Аққаланы құрастырған ретімен таза, ұқыпты, етіп желіммен жапсыру.
Аққала енді достарының көп екендігіне қуанғанын және рахметін айтып балалармен қоштасып кетеді.
Кері байланыс:
«Әдемі көрме» әдісі
Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырылады. Әр бала көрмеден өзіне қай жұмыс ұнайтынын көрсетіп, неге ұнайтыны айтады. Балалар бір- бірінің жұмыстарын бағалайды.
Балалар бүгінгі ҰОҚ «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Аққала"

шағым қалдыра аласыз