15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Бағдаршам біздің досымыз" (балабақша)
№43 «Өркен» бөбекжайы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»
Өткізген: Медресова.А.М
2017жыл
Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта, сурет.
Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларға бағдаршам жайлы түсінік беру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілін дамыта отырып сөздік қорын байыту. Жолда жүру ережелерін, қызыл, сары, жасыл түстерді ажырата білуге үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Алдын-алажүргізілетін жұмыстар: бағдаршам туралы айту.
Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, слайд көрсету, сергіту сәті, жеке жұмыс, қимылды ойын: «гараж», «бағдаршам».
Қажетті көрнекті құралдар: слайд, үлестірмелі материалдар, губка, гуашь, қол сүрткіш.
Қостілділік компонент: Жақсы–хорошие,жаман-плохой.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің кезеңдері |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
-Балалар, бүгін ерекше күн, өйткені біздің топқа көп қонақтар келді. Қонақтарға таңғы сәлемімізді жолдайық. Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Күлкі – көңіл айнасы Күліп өмір сүрейік. -Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello! -Балалар қане енді орнымызға отырамыз. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде неше ай болады, соларды 3 тілде айтайықшы? |
Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Күлкі – көңіл айнасы Күліп өмір сүрейік. (Қыс мезгілі, күн суық, ызғарлы, боран болады, қар жауады, 3 ай бар, олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
Ғажайып сәт: Топқа дымбілмес келеді. Тәрбиеші: Балалар бізге қонақ келген сияқты. Дымбілмес: -Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендерді кездестіргенім қандай жақсы болды. Анам мені дүкенге жіберген еді, көшеде көліктер көп екен. Маған көшеден өтуге жәрдем бересіңдер ме? Тәрбиеші: Қош келдің Дымбілмес. Жақсы келдің. Бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз бағдаршам туралы. Бізбен бірге жүріп бағдаршам туралы, жол тәртібі туралы мағлұмат ал. Біздің балалар ақылды, білімді, бағдаршам туралы өздерінің білгендерін айтады. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешуін табыңдар. Үш көзі бар қаз-қатар, Кезек-кезек ашады. Үшеуінен байқасам, Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам) -Жарайсыңдар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бағдаршам көше тәртібін реттейтін құрылғы. Оның қызыл, сары, жасыл түсті көздері бар. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз, сары көзі жанғанда дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Көшеден өткенде сол ақ жолақтардан өту керек. Бағдаршам туралы видео ролик көрсету. Билингвальды компонент: бағдаршам – светофор – traffic light. Қане кім бағдаршам бағдаршам туралы тақпақ айтып береді? Әмина Қалада көлік көп, Қалада апат көп, Сақтайтын апаттан, Тек қана бағдаршам Малика Помагает с давних пор Детям, друг наш светофор Объяснить без напряженья Детям, правила движенья. Айкөркем Red on top Green below Red says stop Green says go Yellow says wait Even if you’re late. -Балалар бағдаршамның неше көзі бар екен? -Дұрыс, енді бағдаршамның көздерінің түстерін атайық? Сергіту сәті Жеке жұмыс: картопты пайдаланып бағдаршам көздерін бояу. Ойын: «Гараж» Шарты: Балалар қолдарына рульді алады соның ортасында пішін бар. Сол пішінге қарап, машина айдағандай жүреді, сосын өз гараждарына тұрулары керек. |
Сәлематсыз ба!
Бағдаршам
бағдаршам – светофор – traffic light. Әмина Қалада көлік көп, Қалада апат көп, Сақтайтын апаттан, Тек қана бағдаршам Малика Помагает с давних пор Детям, друг наш светофор Объяснить без напряженья Детям, правила движенья. Айкөркем Red on top Green below Red says stop Green says go Yellow says wait Even if you’re late. үш көзі бар қызыл – красный – red, сары – желтый – yellow, жасыл – зеленый – green
Картоппен бағдаршамның көздерін бояйды.
Ойынды жақсы көңіл күймен ойнайды. |
|
Іс-әрекетінің бағалау кезеңі |
Қорытындылау. -Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы өттік? -Бағдаршамның неше көзі бар екен? -Көздерінің түстері қандай? -Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер? Ойын: «Бағдаршам» Шарты: Балаларға қызыл түсті көрсеткенде қимылдамайды, сары түсті көрсеткенде шапалақтайды, жасыл түсті көрсеткенде жүреді. Ойынды бірнеше рет қайталайды. Жол тәртібін білейік Аман есен жүрейік. Дымбілмес балаларға сыйлық береді. Балалар мен бағдаршам туралы көп мағлұмат алдым. Жол ережесін жақсы меңгердім. Енді арғы бетке қалай өту керектігін білемін. Сау болыңдар балалар. Мадақтау. Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасайық. |
Бағдаршам туралы. үш көзі бар қызыл, сары, жасыл Ақ жолақтар
Сау болыңыздар! До свидания! Good bay! |
Білуі: бағдаршамның түстерін.
Меңгеруі: бағдаршам жол тәртібін реттейтінін.
Жасай алуы: картопты пайдаланып бағдаршам көздерін бояуды.






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген