Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Блок: «Жануарлар әлемі»
Кіріктірілген білім беру салалары: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Экология негіздері,мүсіндеу
Тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру. Құстар туралы білімдерін кеңейту.Құстардың суреттерін, табиғат бұрышындағы тіршілік иелері және тордағы тотықұсты көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру.Олардың пайдасы және құстар жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы», «қанат» деген сөздермен толықтыру,ойлау қабілеттерін дамыту.Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Аспалы экран, мультимедия,тақырыпқа арналған таныстырылымдар, бейнероликтер, құстардың суреттері,тордағы тотықұс, оған арналған жем, ермексаз, үлгі,кескіш,тақтайша, түрлі түсті қағаздар, желім.
Әдіс-тәсілі: Бірлесіп ойлау мақсатында балалар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану :Сыни тұрғыдан ойлау,АКТ, топтық жұмыс, «Кір жаю», сәйкестендіру, «Нақ сұрақ-дәл жауап» , «Шапалақ», «Бағдаршам»;
Үштілділік компонент: Тотықұс – попугай-parrot, қанаттар – крылья-wings,тұмсық – клюв-beak,табиғат бұрышы – уголок, отдыха- sitting area.
Сөздік жұмыс:тотықұс
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
І.Жылулық шеңбері: Күлім қағып қолымды, «Бір,екі,үш» деп соғайын Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын ІІ.Топқа бөлу Үш түсті фишкалар арқылы топқа бөлу. І топ «Күншуақ» ІІ топ «Тотықұс» ІІІ топ «Табиғат» ІІІ.Психологиялық дайындық Топтастыру (слайд арқылы) «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» -Балалар табиғат ден не? –Табиғат нешеге бөлінеді? -Өлі табиғатқа не жатады? –Ал, тірі табиғатқа нелер жатады? |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, қайталап айтады, іс-қимылын жасайды. Балалар фишкалардың түстеріне қарай үш топқа бөлінеді. Слайд арқылы топтастырады. Екіге бөлінеді. «Тірі және өлі табиғат» болып. Балалар жауабы. |
|
|
(құстардың дауысы естіледі) - Балалар, бұл ненің дыбысы болды екен? Ия, құстардың дыбысы әр түрлі болады екен. Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.Олардың ауыздарының орнына тұмсық,қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып қалықтап жүреді. Олар түрлеріне қарай әр түрлі сайрайды. -Мен сендерге осы құстардың сайрауы туралы бір әңгіме айтып берейін. Сендер жақсылап тыңдаңдар.Әке құстар ана құстарға ән айтып береді екен. Құстардың да ата-аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді екен. Ал балапандары өздерінің тамақ жегісі келетінін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда айқайлап, шулап кетеді.Басқа дыбыстарды естіген құстар топталып жиналып, жат құстарды өздеріне тиіскізбей қуады. Міне, балалар құстардың осындай қасиеттері бар екен -Балалар қалай ойлайсындар,құстар неше топқа бөлінеді?
қыстап қалатын құстар жыл құстары Біздің елімізде құстардың 489-дай түрі мекендейді екен.Олар далалы,шөлді,орманды,таулы жерлерде мекендейді.80%-ы ағаштарды зиянкестерден тазалап, тіршілікке көмектеседі екен. Үй құстары, дала құстары, қыстап қалатын және жыл құстарына тоқталу. (Үй құстарының пайдасы көп, жұмыртқасын,етін тағам ретінде пайдаланады, ал жүнінен жастық,көрпе жасайды.) -Ал біз өткен оқу қызметінен де бұл құстар жайлы көп мағлұматтар білеміз.Ал енді сол сендердің білімдеріңді тексеру үшін «Кір жаю» әдісі арқылы тексеріп көреміз. Үш топқа үш түрлі құстар тобын тауып, оларды жіпке тізіп, қорғаймыз. І топтың тапсырмасы: «Үй құстары» (әтеш, тауық, қаз, балапандар, күркетауық). -Неге бұл құстарды үй құстары деп атаймыз? ІІ топтың тапсырмасы: «Қыстап қалатын құстар» (қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін, торғай) ІІ топтың тапсырмасы: «Жыл құстары» (қараторғай, аққу, көкек, қарлығаш, шағала,ұзақ) «Шапалақ» әдісі бойынша бағалау. -Балалар өте жақсы, енді келесі тапсырмаларыңызбен таныстырып өтейін. Ойын : «Ертегілер елінде» және құрастыру. Шарты: «Ұсқынсыз үйрек» және «шұбар тауық» ертегісінің кейіпкерлерін тауып ,ретімен орналастыру және берілген пазлдар арқылы тақырыптық құрастыру. Сергіту: «Менің шөжелерім» |
Құстардың дыбысы Балалар зейін қойып тыңдайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Құстар екі топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары болып. Балалар зейін қойып тыңдайды. Балалар топтық ұжымдық әрекет етіп, өз жұмыстарын қорғап шығады. Қызығушылықпен тыңдайды. Ертегі желісі бойынша орналастырып, құрастырады Бір-екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оның қалай қоректенгенін бақылайды.
Музыка әуенімен би қимылымен сергіту жаттығуын орындайды |
|
|
|
–Балалар табиғат бұрышын мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
Табиғат бұрышында өмір сүретін тіршілік иелеріне
тоқталу. Жұмбақ шешу: Сөйлесе
сөзді, Тотықұс торға тез үйренеді. Тордың ішінде ондаған жыл өмір сүре береді. Ол қатты айғайлап немесе сыбырлап тілдеседі. -Оның қандай ерекшелігі бар? Үштілділіккомпонент:Тотықұс – попугай-parrot қанаттар – крылья-wings тұмсық – клюв-beak табиғат бұрышы – уголок отдыха- sitting area Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп, торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстар да бар. Олар сенің айтқаныңды қайталайды. Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек. Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік(құстың жемін, жемсауытын көру,ұясын қауырсынын,көру) 1 топқа: сурет салу 2 топқа: жапсыру 3 топқа мүсіндеу. -Ендеше дайын болсақ тапсырмамызды орындайық. Топтарды бағалау. |
Балалардың жауабы-аквариумдағы балықтар, тасбақа, қоян, тотықұс Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады. Назарларын тотықұсқа аударады. Жаңа сөздердің қазақша және орысша,ағылшынша атауларын қайталайды.
Тотықұс туралы білетіндерін айтады.
Зейін қойып тыңдайды.
Тәжірибелік жұмыс жүргізеді.
Топтық тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
«Нақ сұрақ-дәл жауап» стратегиясы бойынша меңгерген білімдері тексеріледі. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. -Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Ендеше «Жүректен жүрекке» шеңберін құрып құстарымызға алғысымызды білдірейік. Қамқоршы боп жүреміз, Табиғатқа, құстарға. Аялаймыз оларды, Жақсы көріп бәріміз. Құстарды қорғап,олардың ұясын жұмыртқасын бұзба, қамқорлық жаса.Себебі олар біздің қанатты достарымыз. Құстар сендерге алғыстарын білдіріп, сыйлық қалдырып кетіпті. «Тотықұс» бағалау бетшесін тарату, мадақтау. |
Балалар жауабы.
Бағдаршам көздері арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін және топтардың жұмыстарына баға береді. «Жүректен-жүрекке» шеңберіне тұрып, іс- қимылын жасайды. Сыйлыққа қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құстардың пайдасы,оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды орындады.
Игереді: табиғат бұрышындағы тіршілік иелері және тордағы тотықұс тұралы мәліметтерді.
Меңгереді: құстар тобының ерекшелігін біліп,оларды анықтай алу дағдыларын; өз ойларын еркін айтуды, ертегі желісін ретімен құрастыруды .
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Ақтоты» бөбекжай балабақшасы
«Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибесі»
Карабалаева Гүлден Серікқызы
тәрбиеші
2016-2017 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Біздің қанатты достарымыз" балабақша

шағым қалдыра аласыз