КММ №19 санаторлық
бөбекжай-бақша
АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ
ҚЫЗМЕТІ
Тобы: ІІ-кіші топ
"Көгершін"
Айлық тақырып: "Дені
саудың-жаны сау"
Апталық тақырып: "Біз
күштіміз, ептіміз"
Тақырыбы: "Болайықшы
осындай"
Музыка жетекшісі: Демесова
Аида
2018-2019 оқу
жылы
Білім беру
саласы: "Шығармашылық"
Бөлімдері: Музыка
Айлық
тақырып: "Дені саудың-жаны
сау"
Апталық
тақырып: "Біз
күштіміз,ептіміз"
Тақырыбы: "Болайықшы
осындай"
Мақсаты: Жақсы әдетке, өз-өзіне
сенімділікке тәрбиелеу. Әуенге сай қимыл жасауға дағдыландыру, әнді
әуенімен таза айтуға баулу. Дене қозғалысының маңызды екендігін
түсіндіру.
Көрнекіліктер:
Зал әдемі
безендірілген
Әдіс-тәсілі:
Ойын технологиясы, АҚТ
технологиясы
Билингвалды
компанент: Денсаулық-здоровья,
күшті-сильный
ҰОҚ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Балаларды көңілді әуенмен
залда қарсы алу. Ырғақты қимыл
жасату.
( әуенмен
орындалады)
Таңмен бірге
тұрып,
беті қолды
жуып
физорядка жасаймыз алаңқайда
тұрып.
Гантель алып
қолға
Жаттығамыз
залда
Суық суға
жуынып,
Сүртінеміз
қарға
Оңға, солға,
алға
Орында тұрып
қалма
1,2,3 ерінуші
болма

Сәлемдесу: (әуенмен
орындалады)
Қалайсыңдар
балалар?
Балалар:
тамаша
Көңіл күйлерің
қалай?
Балалар:
керемет
Оқу қызметке
дайынбызба?
Балалар:
я-я-я
Ән салып би
билейміз
Балалар:
я-я-я

Негізгі
кезең:
Ғажайып
сәт:
Есік қағалып залға пошташы
келеді. Пошташы: Сәлеметсіңдерме балалар сендерге алыстан хат
келді. Сыртында "№19 санаторлық бөбекжайдың" "Көгершін" тобының
балаларына деп жазылған. Ой балалар мұнда не бар екен кәнекей
барлығымыз тақтаға назар салайық. Балаларға слайд тақтасы "Микки
мен Миннидің" жаттығамыз шынығамыз мульттоптамасын көрсету. Балалар
мультоптаманы көріп тамашалайды.

Музыка
тыңдау: "Болайықшы осындай"
А.Меңжанова
Балалар бұл әннің мағынасында
еріншек болуға болмайтындығы, және еңбекшіл болу керектігін
айтқан.
Дауыс
жаттығуы: ( әуенмен
орындалады)
"Күй сандықты
ашамын"
Балалар:
я-я-я
Тілдерін мен
басайын
Балалар:
я-я-я
Бас кілтті мен
табайын
Балалар:
я-я-я
Жайлап әнге
салайын
Балалар:
я-я-я

Ән
айту: "Шыныққандар қайсарлар"
А.Айтуова
Әнді әуенімен айтқызып үйрету.
Әннің мазмұнына сай қимыл жасату.

Әуенді ырғақты қимылды
ойын: "Жаттығамыз,
билейміз"
( әуенмен
орындалады)
Орнымыздан
тұрайық
Бойымызды
жазайық
Қолымыздан
ұстасып
Шеңбер бола
қалайық
Әуенменен
ырғалып
Алға қадам
басайық
Жан жануар
аңдардың
Қимылдарын
жасайық
Қояндарша
секіріп
Біз көңілді
болайық
Сылаңдаған
түлкідей
Бұлғаң,бұлғаң
қағайық
Қорбаңдаған қонжық
боп
Еркелейік
ойнайық
Қасқыр сынды
қайратты
Мықты батыр
болайық
Құлыншақтай
шапқылап
Шеңберменен
жүреміз
Балапандай
балпаңдап
Дәнді шоқып
тереміз
Ботақандай
момақан
Адымсдаймыз
жүреміз
Қарлығаштай
қалықтап
Орнымызға
келеміз

Қорытындылау.
Балалар сендер өте керемет
белсенді екенсіңдер. Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады
ма?
балалар:
ұнады
Бүгін қандай ән
үйрендік?
балалар: "Шыныққандар
қайсарлар"
Жарайсыңдар балалар олай болса
бір тізбекке тұрып тобымызға
қайтайық.
Әуен ойналып балалар топтарына
қайтады.

Күтілетін
нәтиже:
Қайталайды: Әуенге сай қимыл жасау
дағдыларын
Түсінеді: Дене қозғалысының маңызды
екендігін
Қолданады: Өз-өзіне сенімді болу
керектігін