Тәбиеші:
А.Ы.Құмарова
Өтпелі
тақырып: «Дені
саудың жаны сау»
Апта
тақырыбы:
«Адамның дене мүшелері»
Тақырыбы:
«Дене мүшелерінің атқаратын қызметі»
Мақсаты:
Білімділік:
Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға,
дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін
айтуға, сөздерді септелуіне, жіктелуіне
қарай байланыстыруға үйрету.
Дамытушылық:
Балалардың сөздік қорын зат есім
сөздермен, сын есімдермен байыту.
Тәрбиелік:Баланы
өз дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге,
тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған
технологиялар:Зайцев
технологиясы, Дамыта оқыту технологиясы,
Денсаулық сақтау технологиясы, ТРИЗ
технологиясы, Ойын арқылы оқыту
технологиясы, Ақпараттық-қатынастық
технологиясы.
Кіріктірілген
оқу қызметтері:Математика,
Орыс тілі.
Көрнекі-құралдар:Отбасы
мүшелері бейнеленген сурет, гүл, сағаттың
тықылы, табиғат құбылыстарының дыбыстары
жазылған аудиожазба, доп, түрлі түсті
шығыршықтар мен текшелер, жұлдыз пішіндес
печеньелер.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Кіріспе
бөлім:
Сәлемдесу:
-Қайырлы
таң, көздерім!
-Ояндыңдар
ма?
(қабақтарын сипайды)
-Қайырлы
таң, құлақтарым!
-Ояндыңдар
ма? (құлақтарын
сипайды)
-Қайырлы
таң, қолдарым!
-Ояндыңдар
ма? (қолдарымен
шапалақтайды)
-Қайырлы
таң, аяқтарым!
-Ояндыңдар
ма? (аяқпен
жерді тебу)
-Қайырлы
таң, тәрбиеші апайым!
-Мен
ояндым! (Күлімсіреп,
күнге қолдарын созады)
«Ой
ашар»
-Балалар,
сендер орыс тілінде қандай тақпақ
білесіңдер?
Один,
два, три, четыре, пять,
Будем
пальчики считать
Все
такие нужные
Крепкие
и дружные(балалардың
барлығы бірге айтады)
-Балалар,
біз не туралы айттық? Өз ойларыңды айтып
көріңдерші. (Саусақтар,
қол туралы деген сияқты балалар өз
ойларын айтады)
-Дұрыс
айтасыңдар, қол – ол адамның дене
мүшесінің бірі. Дене мүшелеріне нелер
жатады? (Балалардың
жауабы)
-Демек,
бүгінгі біздің оқу қызметіміз адамның
дене мүшелері туралы болмақ.
Негізгі
бөлім:
«Суретпен
жұмыс»
«Миға
шабуыл» әдісімен
Отбасы
мүшелері бейнеленген сурет көрсетіледі.
Әрбір отбасы мүшелерінің суреттері
жеке-жеке жабық тұрады.(бірі
гүлмен, бірі жұлдызбен, т.б.)Мысалы,
бірінші атасының суреті ашылады. Ол кім
екені сұралады. Екінші әжесінің суреті
ашылады. Ол отбасының қандай мүшесі
екені сұралады. Осылай жалғасады. Соның
ішінен отбасы мүшесінің бірін алып дене
мүшелерінің атқаратын қызметі туралы
әңгімелейді. Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиеші сұрақ-жауап әдісімен балаларға
әңгімелеуге көмектеседі.
Сергіту
сәті:
Әрбір
құбылыстың дыбысы қосылады. Барлық дене
мүшелерін қатыстырып қимылдарын жасайды.
Күн
ұйықтайды.
Күн
оянды.
Жел
соқты,
Жаңбыр
жауды,
Найзағай
жарқылдады.
Күн
ашылды.
Жел
басылды.
Қимылды
ойын:
«Өз үйінді тап»
Мақсаты:
Барлық дене мүшелерін қатыстырып билеуге
үйрету. Қимыл-қозғалыс белсенділіктерін
дамыту. Ойын арқылы балалардың
көңіл-күйлерін көтеру.
Барысы:Балалар
3 топқа бөлінеді.
Қолдарына қызыл, сары, жасыл түсті
текшелер беріледі. Жерге 3 түсті шығыршық
қойылады. Көңілді әуен қосылады. Әуен
ырғағымен балалар билейді. Әуен тоқтағанда
кімде қандай түсті текше, сондай түсті
шығыршыққа барып тұру керек.
Қорытынды
бөлім:
Қимылды
тапсырма: «Былай істе»
Мақсаты:
Дене мүшелерін дұрыс атауға және қимылын
жасауға үйрету.
Гүл
көрсетіледі (немен
иіскеуге болатынын көрсету - мұрынмен)
Сағаттың
тықылын қосу (немен
тыңдауға, естуге болатынын көрсету -
құлақпен)
Жерге
қағазды түсіріп алу(немен
алуға болатынын көрсету - қолмен)
Топтағы
ілініп тұрған сағатқа қараймыз (қай
мүшемен терезені көреміз? - көзбен)
Допты
тебу (қай
дене мүшесімен тебеміз? - аяқпен)
Жұлдыз
пішінді печеньені тістеп жеу (неменемен
тістедім? - ауызбен)
Қоштасу
шеңбері: «Көмекшілерге алғыс білдіру»
Рахмет
саған, көздерім, сендер бәрін көресіңдер
(көздерін
сипайды)
Рахмет
саған, құлақтарым, сендер бәрін естисіңдер
(құлақтарын
сипайды)
Рахмет
саған, қолдарым, сендер бәрін істейсіңдер
(шапалақтау)
Рахмет
саған, аяқтарым, сендербарлық жерге
апарасыңдар(аяқпен
жерді топырлату)
Балаларды
мадақтау.
Жұлдыз
пішіндес печенье тарату.
-Балалар,
бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы
қатыстыңдар. Мен сендерге жұлдыз пішіндес
печенье тараттым, жайдан-жай жұлдыз
пішіндес печенье таратқан жоқпын,
жұлдыздың 5 бұрышы болады. Яғни, мен
сендердің бүгінгі оқу қызметіне
қатысуларыңды жоғары5 деген бағамен
бағалаймын дегенді білдіреді және
жұлдыз жарқырап аспанда жоғары тұрады,
әрқашанда осы жұлдыз сияқты жарқырап
жүре беріңдер деген тілек білдіргім
келеді.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
дене мүшелерін бір-бірінен ажырата
алады.
Игереді:әрбір
дене мүшесінің атқаратын қызметін.
Орындай
алады:дене
мүшелерінің атқаратын қызметін көрсете
алады.