15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Ертегілер еліне саяхат»
Джубанчалиева Альбина Пангереевна
№ 4 ЖО жҚББМО жанындағы
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
БҚО, Орал қаласы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру салалары: «Таным», «Коммуникация»
Бөлімдері: «Қарапайым математика», «Сөйлеуді дамыту», «Құрастыру».
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат"
Мақсаты: Балалардың ақыл ойларын, сөздік қорларын дамыту. Сөзді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, адал достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ - жауап, қайталау, мақтау.
Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады.
Пән аралық байланыс: математика, сөйлеуді дамыту, жапсыру, қоршаған орта.
Сөздік жұмыс: Үйшік
Үштілділік компанент: қоян – заяц - hare, бақа – лягушка - frog, қасқыр – волк - wolf, түлкі – лиса - fox, аю – медведь - bear.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Мотивациялық қозғаушылық:
- Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасып аламыз.
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Көңілмен ақ пейілмен
Қайырлы таң деймін мен!
- Сәлеметсіңдер ме?
- Сәлеметсіз бе?
2. Ұйымдастырушылық – ізденістік:
- Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат» деп аталады. Сендер қандай ертегілер білесіңдер?
Таңғажайып сәт: Есік қағылып топқа ханшайым кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегі әлемінің Ханшайымымын. Мен сендерді өз әлеміме қонаққа шақырамын!
Тәрбиеші:
- Балалар сендер қонаққа барғанды ұнатасындар ма?
– Ия.
- Дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
- Олай болса балалар, бәріміз сиқырлы кілемге отырып, ертегілер еліне сапарға шығайық. (Әуен орындалады).
Қуаныш пен қызықтан арылмайық,
Жүгіріп, секіруден жаңылмайық.
«Үйшік» деп аталатын ертегіде,
Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.
«Үйшік» ертегісін тамашалайық.
- Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен.
1. Тышқан музыка әуенімен кіреді - Аянат
Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
- Сүп – сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Сол кезде Ханшайым: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады! – дейді.
1 - тапсырма: «Қоршаған орта». Сурет № 2
1.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс.
- Қазір жылдың қай мезгілі, неше айдан тұрады?
- Қазір көктем мезгілі, үш айдан тұрады: наурыз, сәуір, мамыр.
2. Бақылдауық бақа келеді - Фархат
- Сүп - сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын, ал сен кімсің?
- Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: Кел бірге тұрайық, дос болайық.
Сол кезде Ханшайым: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады! - дейді.
2 - тапсырмасы: 1-3 дейін тура және кері санап бер. ( 1-3 дейін үш тілде санау). Сурет №2
2.
Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан»
3. Қоян келеді – Бегайым.
- Сүп - сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, ал сен кімсің?
«Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын»
Бақа: - Кел бірге тұрайық, дос болайық.
Сол кезде Ханшайым: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады!- дейді.
3 - тапсырмасы: № 3, 4, 5 суреттер. Пішіндерді атап бер (қай пішін артық, түстері бойынша бірдей пішіндер)
№ 3.
№ 4.
№
5.
4. Түлкі келеді- Нұргүл
Сүп - сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, мен қорқақ қоянмын, ал сен кімсің?
-Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай шу күлкінің
Сол кезде Ханшайым: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады!- дейді.
4 - тапсырма. Дидактикалық ойын «Қанша сан көрсең сонша қыстырғыш іл»
5. Қасқыр келеді - Ибрагим
-Мен көкжал қасқырмын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын,
Сайларда жортамын
Сол кезде Ханшайым: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады!- дейді
5 - тапсырма. Құммен жұмыс
Балалар, бір жақсы ертегі бар. Ол ертегіде қасқыр досының соңынан қуады, оны ұстап алғысы келеді. Бірақ, оқиға соңында досы құтылып кетеді, ал қасқыр болса айғайлап қалады. Ол қандай ертегі? Қандай мультфильм? Қасқырдың досы не?
-«Ну погади!» мультфильмі.
- Қояндар не жегенді ұнатады?
- Сәбіз
- Қоянның сәбізін қасқыр тығып қойған екен, тауып берейікші. (құм арасынан сәбізді табу)
Тапсырма орындалған соң есік ашылып тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, сұлу тұлкі, көкжал қасқыр бірге тұра бастайды.
Сергіту сәті: Сыңғыр, сыңғыр сыңғырлар
Құлағымда сырғалар
Оң қолымда сырғалар,
Сол қолымда сырғалар
Саусақтарда сақина
Санайықшы қанікей, 1, 2, 3
Демаламыз жинап күш!
6. Аю келеді – Мансұр.
- Сүп - сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
- Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын, мен қорқақ қоянмын, мен көкжал қасқырмын, ал сен кімсің?
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас саламын ойланбай
Кел бірге тұрайық, дос болайық
Сол кезде Ханшайым: «Балалар, сендер бұл ертегіні білесіңдер ме? Аю үйге сияма? (Балалар, жооқ, симайды) Олай болса, менің 6 тапсырмам мынандай!» - дейді
6 - тапсырма: Құрастыру
«Аю мен оның достарына көмектес! Үлкен үй құрастырып- жапсырап бер!»
Топтық жұмыс: үйшікті құрастыру
- Балалар аюға үйшігін тұрғызуға көмектесеміз бе?
- Иә.
- Ол үшін балалар, бәріміз үйшікті құрастырып берейік
Аю: Балалар сендерге көп - көп рахмет! Бүгін сендер тапсырмаларды жақсы
орындап, үйшікті салуға көмектестіңдер. Енді мен достарыммен бірге тұратын болдым. Рахмет!
Ханшайым: Балалар, жарайсыңдар! - Сендерге ертегілер еліне саяхат ұнады ма? Тапсырмаларды тамаша орындап шықтыңдар, бізге аю өз алғысын айтып сендерге тәттілер берді. Оларды топқа барып шаймен жейсіңдер!
- Ал, енді балалар сиқырлы кілемшеге отырып, тобымызға оралайық.
Ханшайым: Сау болыңдар, балалар!
-Сау болыңыз!
Рефлексиялық – түзетушілік:
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Орманда не бар екен?
- Үйшікке бірінші қай аң келді? - тышқан – мышь - mouse
- Тышқаннаң кейін қандай аң келді? - бақа – лягушка - frog
- Бақадан кейін қандай аң келді? - қоян – заяц - hare
- Қояннан кейін қандай аң келді? - түлкі – лиса - Fox
- Түлкіден кейін қандай аң келді? - қасқыр – волк - wolf
- Соңында үйшікке қандай аң келді? - аю – медведь - bear.
-Аю үйге сиды ма?
- Иә, балалар аю өте үлкен болғандықтан, үйге симайтындықтан біздер басқа үлкен, әдемі үй салуға көмектестік
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Ертегі кейіпкерлерін тани біледі. 1-3 тура, кері санау біледі.
Игереді: Сахналау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгереді: Ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген