15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Гайбуллаева Нилуфар Абдикадировна
Гайбуллаева Нилуфар Абдикадировна
«Балапан» бөбекжай – балабақшасы
«Ата мен әженің ауылына саяхат»
Білім
беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі:
Драма.
Тақырыбы:
«Ата менәженің ауылына саяхат»
Мақсаты:
Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып,
үй жануарлары туралы түсініктерін
кеңейту. «Триз» әдісін қолдана отырып,
ұлттық тағамның бір түрі – құртпен
таныстыру. Құрттың дәмін, түсін ажырату.
Дидактикалық ойындар арқылы танымдық,
ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын
молайту, тілдің белсенділік қызметін
арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер:
Үй жануарларының суреттері, сандар,
дидактикалық құрал, отау, қоймадағы
заттар, асық.
Жылулық
шеңбері:
Білер
қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң ата - ана
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң достарым
Тәрбиеші: Балалар бәріміз терезеге қарайықшы. Аспанда не жарқырап тұр?
Балалар: Күн
Тәрбиеші: Барлығымыз күн сияқты күлімдейікші. Қолымызды күнге созып күннің жылуын, күннің сәулесін саусақтарымен сезінейікші. Жиналған жылы шуақты қонақтарға шашайық. Тілегімізді айтайық.
Сөнбе ешқашан күніміз
Тілейді мұны жеріміз
Тілейді мұны еліміз
Тілейміз мұны бәріміз
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Енді бәріміз өз орнымызға отырайықшы.
Тәрбиеші:Балалар,
есікті біреу қағып тұрған
сияқты.
Кімболдыекен?
Пошташы
бала:
Мен пошташы бала Азаматпынсендерге
хат алыпкелдім.
Тәрбиеші:
Олқандай хат? Қане, ашыпкөрейік. Балалар,
бұлата
мен әжеденкелген
хат екен. Мен сендергеоқыпберейін,тыңдаңдар.
Қымбатты құлындарым
сендерді қатты сағындық. Бізге қонаққа
келіңдер. Сәлеммен ата- әжелерің.
-Балалар
ата мен әженің ауылына қонаққа барғыларың
келе ме?
Балалар:
-Иә
Тәрбиеші: Қанеки балалар поездға мініп ата мен әженің ауылына саяхатқа шығамыз. Барлығымыз поездға мінеміз.
Поездға міңген кезде алдыдан қоян шығады.
Қоян:Балалар сендер қай жерге баражатырсындар
Балалар: Ата мен әженің ауылына қонаққа баражатырмыз
Қоян: Менің сендерге қояр сұрақтарым бар. Егер сұрағыма жауап берсеңдер ата мен әженің ауылына жол көрсететін картаны беремін.
Тәрбиеші: Балалар қоянның сұрағына жауап беремізбе?
Балалар: Ия
Қоян:-
Балалар, бір жылда неше мезгіл
бар?
Балалар:
4
мезгіл. Көктем, Жаз, Күз, Қыс мезгілі
- Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар:
3
ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
-
Қыста табиғатта қандай өзгешіліктер
болады?
Балалар:
Күн
суытады, қар жауады, адамдар қалын
кийімдерін киіп жүреді
Қоян: Жарайсындар балалар. Картаны береді
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл карта неге ұқсайды?
Балалар: Орманға ұқсайды
Тәрбиеші: яғни айналмалы жол мен ата әженің ауылына барады екенбіз.
Ән:
«Сағындым әже сағындым»
Тәрбиеші:
айналмалы
жолдың сұрақтары
Сұрағы: 1ден-10ға дейін болған сандарды 3 тілде айту
Қиылған қағаздан сурет құрастыру
«Не артық» дидактикалық ойын
Тәрбиеші:
Жарайсындар
балалар, жолымызды жалғастырайық.
Сергіту
сәті
Біз кішкентай баламыз
Ауылға біз барамыз
Ата- әжемізді біз көріп
Көмектесіп қайтамыз
Олар
жолда жайлаудағы малдарды, киіз үйлерді
көреді.
Тәрбиеші
және балалар: Балалар
біз ата мен әженің үйіне де келіп
жеттік.Ата әжемен амандасады.
Әже:
- Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым,
ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!
-
Тәрбиеші:Иә,
балалар сіздерді сағынып қалыпты.Ата
бізге бау бақшаңыз туралы және төрт –
түлікті таныстырсаңыз.
Ата:
Жарайсыңдар,
қошақандарым. Сендерге барлығын көрсетіп
айтып береміз.
-
Ал мынау менің қысқы азық жинайтын
қойма.Мұндағы барлық жиналған дәнді
дақылдар өзімнің бау - бақшамнан.
-
Мынау тұрған ұн. Бұның ішінде картоп,
пияз, сәбіз, бидай, жүгері, тары бар.
Көктемде егіп, күзде егістіктен
жинап алып қысқа дайындапқоямыз. Ұнды
бидайдан жасаймыз. Бидайдан ұн жасап,
ұннан нан пісіреміз.
Енді
төрт түлікті айтайын.
-
Бұл біздің малдарымыз яғни төрт түліктің
үйі.
-
Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты.
Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар,
жылқының төлін қалай атайды?
Балалар:Құлын.
Мынау
- түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні
киім. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге
шыдамды. Түйенің сүтін шұбатдейміз
Мынау
- қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің
момыны. Қойдың еті,сүті, майы пайдалы.
Жүнінен киіз басады, киім - кешек, алаша,
кілем тоқиды.
Балалар,
қойдың төлі қалай аталады?
Балалар:
Қозы
Ал
мынау - сиыр. Ірі қарамалына жатады.
Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен
қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар,
сиыр төлі қалай аталады?
Балалар:
Бұзау
Мынау-ешкі.
Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа
секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті
пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай
аталады?
Балалар: Лақ
Тәрбиеші:
әжемізге төрт түлік мал туралы тақпақ
айтып берейікші.
(Балалардың тақпақтары)
Балалар,
төрт түлік туралы қандай мақал - мәтелдер
білесіңдер?
Мадина
Малды
баға біл,
Бабын
таба біл.
Шодиер
Ер қанаты – ат,
Сөз
қанаты – хат.
Дилшод
Жылқы
- малдың патшасы,
Түйе
- малдың қасқасы.
Әже:
Жарайсындар балапандарым. Енді маған
көмектесіңдер. Мен сүзбеден құрт істейін
деп едім.
Тәрбиеші:Балалар енді екіге бөлініп. Ата мен әжеге көмектесейік.
Қыздар мына сүзбені неден жасайды.?
Қыздар: сүттен, айраннан
Тәрбиеші: Сүтті бізге кім береді?
Қыздар:сиыр
Тәрбиеші: Ендеше әжемізге көмектесейік
Қыздар әжесіне, балдар атаға көмектеседі
Тәрбиеші: Ата сіздің қандай жұмысыңыз бар? Балалар сізге көмектессін
Ата:
Балалар, мен сендерге қазақтың ұлттық
ойыны асық ойнауды үйретемін
Әже:
Рахмет құлындарым. Сендерге нан, бауырсақ
пісіріп, ет асып қойдым дәм
татыңдар.
Тәрбиеші:
Ата- әже сіздерге көп – көп рахмет.
Балалар ата әжемен қоштасайық!
Қоштасып топқа оралу
Балалар біздің Ата мен әженің ауылына саяхатымыз аяқталды.
Дидактик
ойын:
«Ғажайып алаң»
Балалардың
еңбегін бағалап, мадақтау, сабақты
қорытындылау.
Күтілетін
нәтиже:
Білу
керек:
Үй жануарларының аттарын атап, немен
қоректенетінін, адамға пайдасын білу
керек
Нені
игереді:
Толық сөйлеммен тапсырмаға сәйкес
нақты жауап беруді игереді.
Ненібіледі:Өз
ойларын жүйелі айтуға дағдылану.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген