400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Ғажайып пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне қажетті оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»

Мақсаты: айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу,оларға талдау жасай білуді меңгерту. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. Берілген бағытта графикалық диктанттар (есту бойынша, тор көздер бойынша) орындауға үйрету.

Әдіс – тәсіл: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекі құралдар: геометриялық денелер (цилиндр, куб,шар), геометриялық пішіндер, экран

Әрекет кезеңі: Тәрбиеші әрекеті:

  • Сәлеметсіңдерме, балалар, бүгін ерекше әдемі болып тұрсыңдар. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлерің қалай?

  • Сәлеметсізбе, апай! Көңіл – күйіміз жақсы.

  • Ендеше балалар, осы жақсы көңіл – күймен бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Менің қолымдағы не зат?

  • Бұл – кубик

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл кубикте түрлі суреттер бар екен, кәзір мен кубикті лақтырамын,ненің суреті келсе,сол туралы айтып бересіңдер. (Кубикте қолғап,аққала,қар,қыс бейнесі, шана,етік бейнеленген). Балалар сурет бойынша әңгімелеп береді.

  • Жарайсыңдар балалар, мұның бәрі қай кезде болады?Қай мезгілді сипаттадыңдар?

  • Бұл қыс мезгілі

  • Енді балалар, парталарымызда нелер тұр?

  • Цилиндр, куб, шар тұр

  • Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Бұларды геометриялық денелер дейміз.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар,енді осы топқа бөлініп отыру үшін мына ыдыстан сол геометриялық денелерді таңдап аламыз. (балалар геометриялық денелерді таңдап алғандары бойынша барып орындықтарына отырады)

  • Енді балалар,орнымызға отырып болсақ, бәріміз экранға назар аударайық, экраннан не көріп тұрмыз?

  • Дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш.

  • Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Бұларды геометриялық пішіндер деп атаймыз.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, бұлар бізде жай пішіндер емес, ғажайып пішіндер екен.

Әр пішіннің өз тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындаймыз бп?

  • Ия, орындаймыз

  • Мынау қандай пішін?

  • Бұл – дөңгелек.

  • Дөңгелектің неше бұрышы бар екен?

  • Дөңгелекте бұрыш болмайды.

  • Дұрыс айтасыңдар, дөңгелекте бұрыш болмайды. Түсі қандай екен?(балалар түсін айтады). Енді дөңгелектің сендерге ойыны бар екен.

Дидактикалық ойын: «Цифрлар қайда жасырынған?».

Шарты: суреттен жасырынған сандарды айту.(үйдің шатында 5 саны,тал жапырақтарында – 3 саны, көлде – 2 саны, үйдің терезесінде – 4 саны орналасқан)

  • Жарайсыңдар балалар,сендерге ойын ұнады ма?

  • Бұл қандай пішін?

  • Бұл – сопақша.

  • Дұрыс, түсі қандай?

Дидактикалық ойын: «Суретке қарап есептер құрастыр».

Шарты: заттармен есептер берілген,соны есептеп шығару.

  • Келесі пішін қандай пішін?

  • Бұл – үшбұрыш.

  • Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Түсі қандай? ?(балалар бұрыш санын,түсін айтады).

Дидактикалық ойын: «Көршісін тап».

Шарты: сандардың көршісін табу.

  • Бұл қандай пішін?

  • Бұл – шаршы.

  • Шаршының неше бұрышы бар? Түсі қандай? ?(балалар бұрыш санын,түсін айтады).

Дидактикалық ойын: «Қайсысы көп».

Шарты: заттардың санын санап,салыстыру.

  • Бұл қандай пішін?

  • Бұл – тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыштың неше бұрышы бар? Түсі қандай? ?(балалар бұрыш санын,түсін айтады).

Дидактикалық ойын: «Бос орынға тиісті пішіндерді қой».

Шарты: бос графаға тиісті пішінді қою.

  • Жарайсыңдар балалар, сендер пішіндердің тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар,сендерге пішіндер қуанып қалды.Енді топпен ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Пішіндерден бейне құрастыру».

Шарты: берілген геометриялық пішіндерден бейне жасап шығу, жасаған бейнелерін таныстыру.

Дәптермен жұмыс

  • Балалар, енді дәптермен жұмыс жасаймыз. Графикалық диктант жазамыз.Сендер мені мұқият тыңдаңдар.Сендердің дәптерлеріңде нүкте белгіленген. Сол нүктеден бастап оң жаққа 5 көз жүреміз, жоғары 4 көз жүреміз, сол жаққа 5 көз жүреміз, төменге 4 көз жүреміз. Балалар, бізде ненің бейнесі шықты. Балалардың жауабы.

  • 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталап жіберейік. Ол үшін алдарыңда жауын құрт берілген соған сандарды тура жапсырып шығамыз.

Қорытындылау.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Қандай ойындар ұнады? Қандай тапсырма орындауға қиын болды? Балалардың жауабы.

  • Балалар,сендерге бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сыйлық бергім келіп отыр. Сендер алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтиже көрсетесіңдер деп сенемін. Сендерге көп рахмет.



Күтілетін нәтиже:

  1. Геометриялық пішіндерге талдау жасай білді.

  2. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап,ажыратты

  3. Берілген бағытта графикалық диктанттар (есту бойынша, тор көздер бойынша) орындады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі