400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "«Көктем шуағы. Бақ-бақ гүлі»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тобы:

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Көктем шуағы. Бақ-бақ гүлі»

Мақсаты:Көктемнің алғашқы гүлдері жайлы білімдерін кеңейту. Дәстүрден тыс бейнелеу әректі мен дағдысын қалыптастыру. Гүлді бүткіл қағаз бетіне орналастыра білу. Дәстүрден тыс сурет салу жолдарымен, балалардың қызығушылықтарың, ойлау қабілеттерің одан әрі қалыптастыру;

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Бақ бақ гүлінің» суреті.

Қажетті қүрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі түсті бояу қарандаштар, гуашь,

Картоннан жасалған цилиндр, қылқалам.

Билингвальды компонент: Күн-солнце-sun, бақ бақ-одуванчик- dandelion

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Аманбысың ,алтын күн!

Аманбысың, жарқын күн!

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Шаттық шеңберін орындайды.



-Көктем

Ұйымдастырушылық-ізденүшілік






Педагог Көктем суреттерін көрсете отырып әнгімелейді. Көктем айлары, мерекелері, ауа райының өзгеруі туралы айтып өтеді.

  • Күн - бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін, емес.

  • Осы кезде есікті біреу қағады.

  • -Балалар бұл кім болды екен?

Есіктен күн кіріп келеді;

-Осы жақта мен туралы айтып жатқанын құлағым шалып қалды.

Балалармен амандасады.

-Ие біз сен туралы айтып жатырмыз. Балалар күн қарды ерітіп, жер бетіне алғашқы көктемнің гүлдері шыға бастайды. Өткен оқу қызметінде сендер көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек пен қызғалдақ гүлі туралы өтсеңдер, бүгін біз алғашқы гүлдердің бірі болып саналатын бақ-бақ гүлімен танысамыз. Бұл гүл наурыз, көкек айларында сары және жаз айларында үлпілдек мақта тәрізді гүл ашады. Гүліне сәл жел тисе болды, үлпілдек мақта тәрізді гүл жүндері ұшып кетеді.          Қазақ балалары наурыз, көкек айларында алғаш бақ-бақ гүл жарып, көктеген кезде гүлді үзіп алып, оның үлпілдек гүлін үрлеп, «бақа-бақа бақ-бақ, теке-теке тек-тек» деп ойнайды.

-Күн сенің келгенің мұндай жақсы болар ма. Бүгін біз 3 топқа, яғни орталықтарға бөлінеміз. Мына сиқырлы киізүйдің ішінде карточкалар бар, бір бір карточка алып, ондағы суреттер бойынша орталықтарға бөлініп отырыңдар.

Оқу қызметін бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

-Балалар бүгін біз сурет салу өнерінің тағы бір түрі , яғни дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолданамыз.

Балалар біз қазір бақ бақ гүлінің үлпегін саламыз. Ол үшін үш түрлі түсті қолданамыз. Ал енді қызметке кірісейік. Алдымен сабағымен жапырағын бояймыз.Енді картоннан жасалған қиылған цилиндрдің көмегімен үлпілдекті саламыз. Салып болған соң, ортасын ақшыл түсті бояуды губканың көмегімен жағып бояймыз.

Сергіту сәті:

Сәл дем алып, тынып ал.

Көктем келді, біліп ал.

Оң колымда бес саусақ,

Сол колымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Шыға келді күн шуақ.

Ақ үлпе боп гүлдеген,

Бақ – бақ гүлін көрдім мен.

Үрлеп едім бақ – бақты,

Үлпе жапты жан – жақты.

Бір бірінің жұмыстарын көреді.

-Сендер аяқтағанша Басқа орталығтардың жұмысын қарап келейін. Жұмыстарымызды аяқтасақ ойын ойнайық

Дидактикалық ойын «Гүл құрастыру» Гүл жапырақтарынан тақтаға апарып жабыстырып гүл құрастырады.












Амандасады


















Балалар орталықтарға бөлінеді.



















Сергіту сәтін бірге қайталайды.












Ойынға белсене қатысады.

Рефлекстік-түзетушілік

Балалар, біз не жасадық?-Қандай гүл?-Сабағы қандай?-Жапырағы қандай?-Гүлі қандай?Өте жақсы! Жарайсыңдар балалар !

Балалардың жауабы..

Қорытынды нәтиже:

Біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.

Игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.

Меңгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі