Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ."Көңілді шеңбер алаңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі ұйым психологтарына керек дүние. Балаларды ойындар арқылы дамытады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Тексерілді:

Бөбекжай – бақша меңгерушіс Әдіскер

Күні:

Бағыты:психологиялық түзете-дамыту

Жұмыс түрі:Топтық жұмыс


Тақырыбы: «Көңілді шеңбер алаңы» (тренинг-ойындар)

Мақсаты: балаларға әртүрлі ойындар ойната отырып,танымдық қабілеттерін дамыту,ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.тілін дамыту, бірігіп, топтасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, ойын - жаттығуы, сергіту сәті, топтық жұмыс,рольдік образды сомдау, қортындылау,мадақтау


Мазмұны:

1.Кіріспе

2. «Менің көршім» .Танысу сәті

3. «Біз біргеміз» топтық ойын

4. «Фотограф» рольдік ойын

5.Сергіту сәті «Джунглидегі жаңбыр»

6.Тілек шамы: «Жұлдызды сәт»

7.Қорытынды.



I.Кіріспе. 


Бүгінгі ойын- жаттығуға қош келдіндер, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.

Тренинг ережесі:
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңдау;

*Белсенді болу




2.«Менің көршім» жаттығуы 
Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір –бірімен танысады. Бірінші өз есімін, содан кейін көршісінің есімін атап өтеді. Мысалы: менің атым Айсұлу,көршімнің есімі- Айару


3. «Біз біргеміз» топтық ойын-жаттығуы

Мақсаты:балалардың топ болып,бірлесе жұмыс жасауын дамыту

Шарты:Балаларға мата беріледі.Барлыға сол матаны параллель бағыт бойынша ішкі шеңберге еніп ,топ болып бірге жүріп отыру керек.Барлығы бірдей бағытта қозғалып,межелі жерге дейін матаны айналдырып жеру керек.

Ескерту:ешқандай ойыншы қатардан шығып қалмау керек.




4. «Фотограф» ойыны

Мақсаты:баланың рольдік -сюжеттік образға еніп сомдауын дамыту.

Шарты:Балалар фотоаппартақа суретке түсу үшін жүргізіушінің нұсқауын орындайды.Жүргізіуші қандай да бір мамандық иесін айтқан кезде,қатысушылар рольге еніп,қимылдап тұрган бейнесін фотоаппаратқа суретке түсіріп алады. Фотографтар кезекпен ауысып отырады




5.Сергітіу сәті. «Джунглидегі жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.


6.Тілек шамы. «Жұлдызды сәт»


Балалар шеңбер бойымен тұрып,шамды бір-біріне бере отырып,жақсы тілектерін айтады.

Мысалы:Күндей күлімде,жұлдыздай жарқыра,мөлдір судай таза бол т.б


Қорытынды.

Балалар ,сендер өте керемет көңілді балалар болып шықтыңдар.Біз бүгін сендердің арқаларыңда нағыз көңілді шеңбер алаңын жасадық.Әрқашан осындай қалаптарыңмен көтеріңкі көңіл-күйде жүре беріңдер.Сол үшін мен сендерді төсбелгімен марапаттаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12