Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Күзгі көрініс" балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Күзгі көрініс" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Күзгі көрініс" балабақша тәрбиешіліеріне көмек жаңаша СМАРТ мақсатпен ,4К модель бойынша құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші :Иманбаева М Я

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Күзгі көрініс»

Мақсаты:балалар қайшымен жұмыс істей алады,ретімен дұрыс желімдейді, ұжыммен бірігіп композиция құрастырады.

Алдын ала жұмыс:серуенде ағаштардың жапырақтарының күзгі өзгерісіне назар аударту;

Қ/құралдар:т/түсті қағаздар,желім,қайшы,мақта таяқшалары,дайын  жұмыстың үлгісі, майлықтар

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер : Армысын -Алтын күн!

Армысын жер- Ана!

Армысын достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


Жұмбақ жасыру.\сыни ойлау\

Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?(күз)

2Балалармен әңгімелесу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Балаларға әртүрлі суреттер көрсету.

Балалардың тақпақтары :

Нұралы :Жемісін мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Ақниет:Алтын сары ,қызыл,көк

Алуан алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ахмедияр:Тұмсығында түймесі

Деп тұрғандай тимеші

Азулыдан сақтайтын

Кірпінің көп инесі

-Бүгін біз сұлу күзгі көріністі өз қолымызбен жасайтын боламыз. Табиғат көрінісінің композициясын құра отырып, негізгі қағаз бетіне орналастырамыз.

Құрылымдалған ойын «Қай ағаштың жапырағы?»

Мақсаты:Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба алады.

Карточка таратып үш топқа бөлу\командамен жұмыс\

І-команда қайшымен жұмыс \кірпінің тікендерін желімдеу\

ІІ-команда жіппен желімдеу жұмыс\алма мен саңырауқұлақты желімдеу\

ІІІ-команда жырту әдісімен\ ағаштың жапырақтарын желімдеу\

Балаларға жұмыс орнын қалай дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіне түсіру. Балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектесу.

І- команда

Балаларға жолақшаларды қалай дұрыс қию керек екендігін көрсету,қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіне түсіру.

ІІ-команда Үстелдің үстінде ыдысқа салынған түрлі-түсті дайын қиылған жіптер ,желім тұрады.\Жіппен желімдеу \

ІІІ-команда

Үстелдің үстінде ыдысқа салынған түрлі-түсті қағаздар тұрады. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап, олардың түстерін, анықтау. Мысалы: жапырақтар, қызыл, сары, жасыл; т.б. сұрақтардың көмегімен балаларға жапырақтар күзде түрлі- түсті болатындығы туралы айтып түсіндіру.Қағазды жырту әдісін пайдалана отырып ағаштың жапырақтарын желімдеу.

Содан соң балаларды жапсыруды барлық кезеңімен көрсете отырып түсіндіру.



  • Композицияның барлық бөлшектерін ПВА желімін пайдалана отырып, қағаз бетіне ретімен желімдеу.

  • Балалар күзгі көрністің композициясын құрады.

  • Педагог балалар жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық

Отырайық,тұрайық,

Біраз тынығып алайық.

Қорытындылау.

  • Қортындылау «Ашық сұрақ» әдісі

  • Бүгін біз нені жапсырдық?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі