400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Күзгі табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек ретінде пікір алмасуға мол ықпал береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ботақан тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тексерілді

________________________

Күні: 26.11.2018 жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күзгі табиғат»

Мақсаты: Өлі табиғаттағы күзгі құбылыстар (жауын-шашын, ауа температурасы, судың жағдайы), туралы білімдерін кеңейту. Денені үнемі шынықтырудың арқасында табиғат құбылыстарына қарсы тұра алуға болатынын түсіндіру. Қойылған сұраққа ойланып жауап беруді дамыту,өзінің пікірін дәлелдеуге үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: күз мезгілінің суреті, кинетикалық топырақ.

Билингвалды компонент: Күз-осень, жапырақтар-листья, жел-ветер, жауын-шашын-осадки, ағаш-дерево.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай бүлдіршіндерім.

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Себебі бізде бүгін қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді,тәртіптеріңді көруге келді.Қонақтарға қандай білімді екенімізді көрсетейік.

Балалар бүгінгі көңіл - күйіміз қандай ?

Бүгінгі көңіл-күйлеріміз тамаша болса ендеше шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң ұстазым!

Қайырлы таң достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.



Доброе утро учитель

Доброе утро друзья

Встанем вместе в кружочек

И пожелаем друг-другу добра.



Good morning teacher

Good morning friends

Lets stand in a circle

And give the warmth

Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын,біз өткен оқу қызметімізде «Күзгі еңбек» тақырыбын өткен болатынбыз. Балалар олай болса «Күзгі еңбек» тақырыбын толықтай меңгерген болсақ,аздап шолу жасайық.

-Күзде адамдар қандай тіршілік жасайды?

-Дәнді-дақылдарға нелерді жатқызуға болады?

-Өте жақсы балалар. Ал, осы дәнді-дақылдарды егіп,өсіріп, баптайтын адамды қалай атаймыз, кім біледі?

-Күзде не піседі?

Жарайсыңдар балалар диқаншылардың еңбегі өте зор. Олар біздің өмірімізге қажетті астықтарды егеді. Күзгі еңбек тақырыбын жақсы меңгеріпсіңдер.

- Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы «Күзгі табиғат»

- Балалар қазір,жылдың қай мезгілі?

-Күзде қандай табиғат құбылыстары болады ?

- Дұрыс айтасыңдар. Күз-жылдың төрт мезгілінің бірі. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап,ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді.



- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз. Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

- Балалар күз мезгілінде неше ай бар?

- Қандай атайықшы?

- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер? (Ана-әке,ата-әже)

- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер? (Аспан,бұлт,күн, ағаш)

- Балалар қалай ойлайсыңдар, күн, су, ауа керек пе? (Иә күн, су,ауа бізге керек)

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда недейміз? (Табиғат)

Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Тірі табиғат-олар өседі, қоректенеді,тыныс алады.Оларға адамдар,жан-жануарлар, өсімдіктер жатады. Өлі табиғат-қоректенбейді , өспейді.Оларға су,ауа,жер,күн,бұлт жатады.Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Жұмбақ

1.Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

2.Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн)

3.Өмірде одан мол ештеңе болмайды, Құшақтасаң құшағың тең болмайды. (Ауа)

Дидактикалық ойын: «Қолшатыр»





- Ал, балалар енді бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.


Качаются деревья

Веет ветер передомной

Маленькие деревья

Становится большими.



Зерттеу жұмысы:

Күзде ауа-райы салқындайды. Күн салқындағанда топырақ тоңазиды.Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды.Жапыраққа да қажетті күн көзінің жылуы азаяды.Осының бәрі өсімдіктердің қоректенуін баяулатады. Осылардың нәтижесінде жапырақ түсіп сарғаяды.

Ал ендеше балалар біз бүгін жапырақтарды зерттейміз.

Алдымен балалар үстел үстіндегі сары және жасыл түсті бейджектерді өз қалауымыз бойынша алып, орнымызға отырамыз. Сары түсті таңдағандар жас журналистер. Жасыл түсті таңдағандар жас зерттеушілер.

«Жас журналистер» «Жас зерттеушілер»

Ойын: «Жапырақтар»

Рефлексивті – түзетушілік : Қорыту

Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Бүгінгі оқу қызметінде не үйрендік?

Сонымен балалар

- Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

- Құстар қай жаққа ұшып барады?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Күз мезгіліндегі ауа-райы кезінде жылы киініп, денсаулықтарын күтуді біледі.

Нені игереді: Балалар өлі табиғат және тірі табиғат туралы,күз мезгілінде болатын ауа-райы туралы толық меңгереді.

Нені біледі: Күз мезгілінің ерекшелігін-күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1042
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі