400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ;«Не дәмді?», «Дәмді алмалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 15 «Балбөбек» бөбекжайы.









Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Не дәмді?», «Дәмді алмалар»



Ортаңғы «Балапан» тобы

Тәрбиеші: Г Әбуова.















2018-2019 оқу жылы

Білім беру саласы: Коммуникация , Шығармашылық білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Сурет

Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі. Дәмді алмалар.

Мақсаты: Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту.Дөңгелек пішіндерді салуға үйретуді жалғастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық ойлау, қиялдау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту.Дәстүрден тыс әдісін пайдалана отырып сурет салуға үйрету.

Әдіс- тәсілі: Тәй-тәй тех, мнемо тех.

Көрнекілігі: Слайд, жемістер суреттері, Нейтбук, балауыз, субояқ,қыл қалам,атрибуттар.

Қостілділік: Жемістер- фрукты, алма-яблоко, алмұрт-груша, қарбыз-арбуз.

Сәлемдесу: Балалар үш тілде сәлемдеседі.

Жаңа тақырыпты ашу: Флипчарт арқылы «Не дәмді?» соны корзинаға жинау.

-Балалар алма қандай?

-Алма дәмді.

-Тағы не дәмді?

-Алмұрт, жүзім дәмді

-Балалар өткелі отырған оқу қызметіміздің тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Не дәмді.

-Жарайсыңдар балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде «Не дәмді?» ертегісін және тәтті алмалар тақырыбында өтетін боламыз.

-Балалал қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?

-Алма, алмұрт, шие, жүзім.

-Бұл жемістердің дәмі қандай?

-Өте дәмді.

-Иә, балалар, мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін айтып берейін.

Бір күні тауық, қоян, ит, ешкі, мысық қандай тағам ең дәмді дегенге таласып қалыпты.

Тауық: Қыт-қыт-қыт! Ең дәмді-дән.

Ит: Ыррррррр! Ең дәмді-сүйек.

Мысық: Мяууууууу! Ең дәмді-сүт.

Ешкі:-мм-е-е! Ең дәмді-орамжапырақ.

Қоян: Ең дәмді-сәбіз.

Сөйтіп, әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын айтыпты.

(Интербелсенді тақтадан суреттер көрсету арқылы, ертегі мазмұнын ашу).

-Ертегі кейіпкерлері сендерге таныспа?

-Иә, таныс.

Балалар тақырыппен толығырақ танысу үшін белсенді орталықтарға бөлініп жұмыс жасйық.

Әдебиет орталығы.

Мнемо тех пайдаланып өлең жолдарын жаттау.

Мақсаты:Балаларға өлең жолдарын жаттау арқылы, зат есімдерді жекеше көпше түрде айтуды үйрету.

Өрік, алма, шие, алмұрт,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз.

Дүкендерге түседі.

Өнер орталығы.

Тәтті алмалар.

Мақсаты: Балаларға дәстүрден тыс әдісімен сурет сала білуге үйрету.

Зерттеу орталығы .

Алманы зерттеу.

Мақсаты: Балаларға алманы зертей отырып, сок жасауға болатынын және олардың дәруменге бай екендерін айтып көз жеткізу.

Желілі-рөлді орталық

«Не дәмді?» ертегісін рөлге бөліп ойнау.

Мақсаты. Балаларды ертегі желісімен рөлге бөліп ойнауға үйрету.

Сергіту сәті.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық,

Ең үлкенін дәмдісін,

Қонақтарға сыйлайық.

(Екінші ауысымда жұмыс жасау)

Қорытынды:

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Иә, ұнаді.

-Қандай ертегіні рөлге бөліп ойнадыңдар?

-«Не дәмді?» ертегісін

-Орталықтарға бөлініп жұмыс жасаған сендерге ұнады ма?

-Иә, ұнады.

Жарайсыңдар балалар, сендер өте жақсы жұмыс жасай білдіңдер.

Келген қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін нәтиже.

Қайталай алады: «Не дәмді?» ертегісін айтып, рөлге бөлуді.

Түсінеді: Алманың дәмді екенін, пішінін, түсін ажыратуды.

Қолданады:Дәстүрден тыс әдісін қолдана алады.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі