400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Орманға саяхат»

Мақсаты: Ойын арқылы геометриялық пішіндерді, (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) кеңістікті бағдарлауды, (алдында,артында, дидактикалық, ойын: қайда отыр?) түстерді ажыратуды (сары, жасыл, қызыл), заттарды салыстыруды, биік-аласа, бір- көп ұғымдарын айыра білуді бекіту. Сурет бойынша әңгіме  құра білу дағдыларын дамыту (көктем мезгілі туралы сурет). Балалардың тілдік қорын жетілдіру, аңғарымдылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң Алтын күн
Қайырлы таң Көк аспан
Қайырлы таң Жер-ана
Қайырлы таң Достарым
Қайырлы таң Қонақтар!

Тәрбиеші: Көңіл күйлеріңіз қалай

Балалар: Жақсы

Тәрбиеші: Бүгін мен сіздермен  ғажайып орманға саяхат жасаймыз. Саяхаттауға дайынбыз ба?

Балалар: дайынбыз.

Тәрбиеші: Ал саяхатқа немен шығамыз? Орманға қандай көлікпен баруға болады?

Балалар: машинамен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен...

Тәрбиеші: Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табамыз.Сол көлікпен барамыз.

Жұмбақ:

Бұл тұлпар су ішпейді
Жем жемейді.
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.

Балалар: Автобус.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Өте жақсы. Ал енді жанармайын құямыз.

Бакты ашамыз

-    Чик-чик
Жанар майды құямыз
-    -сссссссссссссссссссс
Моторды қосамыз
-    -др-др-др
Ал,енді автобус оталдыма?
-    -пип-пип
Жолға шығайық

Ортада айналып жүреді. Автобустың дыбысы шығады.

Тәрбиеші: балалар біз орманға да келдік. Мына жер қандай тамаша. Қане, отырамыз. Балалар біз орманға да келіп жеттік

Осы кезде аю келеді

Аю: Балалар, мен қыс бойы ұйықтап-ұйықтап, көктем мезгілінің қандай болатынын, ауа-райы  қалай болатынын ұмытып қалдым. Маған көмектесіңіздерші.

Тапсырма: «Көктем мезгілі туралы» әңгіме құрастыру.

Аю: Рахмет балалар

Тәрбиеші: Аюға арнап тақпақ айтып берейік

Ормандғы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық

Орманда нелер өсіп тұр?

Балалар: Шыршалар

Тәрбиеші: Қане, қарайық, қанша шырша?

Балалар: көп шырша

Тәрбиеші: Балалар мұқият назар аударыңыздар, мына шырша қандай?

Балалар: биік

Тәрбиеші: Ал, мына шырша,

Балалар: аласа

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, мына шырша – биік, ал мына шырша - аласа.

Тәрбиеші: балалар мынау не?

Балалар: Тиін

Тәрбиеші: Тиін қандай шыршада отыр?

Балалар: биік

Тәрбиеші: Қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Ойын ойнағыларын келе ме?

Ойын: «Қайда отыр?» (тиінді биік шыршаның кез келген жағына орналастырып, балалардан қай жағында орналасқанын сұрау)

Сергітусәті: «Көңілді күн»

Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырайық. Ортада айгалып жүреді.

Тәрбиеші: Балалар, алдамыздан не шықты?

Балалар: Мына өзен қандай?

Балалар: Жіңішке өзен

Тәрбиеші: Аттап өтуімізге болады? Ал мына өзен қандай?

Балалар: жалпақ өзен?

Тәрбиеші: Бұл өзеннен аттап өте аламыз ба?

Балалар: Жоқ суға түсіп кетеміз! Батып кетуіміз мүмкін.

Тәрбиеші: Бұл өзенен өту үшін көпір жасайық, ол үшін жанындағы таяқшаны қойып өтейік

Тәрбиеші: Балалар қараңдар, бізді кім қарсы алды

Балалар: Үкі!

Үкі: Сәлеметсіздер ме балалар? Мен ақылды үкімін, мен неге ақылды екенімді білесіз дер ме? Себебі мен орманда көп жылдан бері тұрамын, сондықтан бәрін білемін. Ал сіздер бәрін білесіздер ме?

Балалар: Білеміз

Үкі: менің сендерге тапсырмаларым бар. Сол тапсырмаларымды орындайсындар ма?

Балалалар: Иә

Үкі: ендеше менің білімділер мектебіне қош келдіңіздер. Қане балалар орындықтарға отырайық. Ал, апайлары, мен сізге мынадай тапсырмаларға толы конвертімді беремін.

Балалар орындарына отырады.

Слайд-шоу: «Пішіндер»

1. Тапсырма

- маған шаршыны тауып көрсетіп, оны таяқшалармен құрастырамыз.

Балалар: Көрсетеді.

Тәрбиеші: келесі тапсырма үшбұрышты табыңыздар.

Балалар жоғары көтеріп көрсетеді. Ал енді таяқшалармен бейнелейміз.

Тәрбиеші: Ал енді шеңберді көрсетіп, оны алдымыздағы жіппен жасап көрсетеміз.

Тәрбиеші: Жарайсыздар ,балалар

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағылырың келеме?

Балалар: иә

Ойын: «Көп және біреу»

Алдарында парақшаны көріп тұрмыз ба? Көп нүкте бейнеленген парақша және бір нүкте берілген парақша бар. Мұқият назар аударамыз. Үкі бізге қызықты сұрақтар дайындапты. Сол сұрақтарға осы парақшалармен жауап береміз.

- Аспанда жұлдыздар қанша?

Балалар: Көп

- Аспанда күн нешеу?

Балалар: Біреу

- Мысықтын құйрығы нешеу?

Балалар: Біреу

- Біздің топта балалар қанша?

Балалар: Көп

Тәрбиеші: Балалар, маған ақылды үкі айтады қандай білімді, ақылды балалар деп, тапсырмаларды тамаша орындады деп, және үкінің бізге арнаған сыйлықтары бар екен.

Сыйлықтарды тарату.

Тәрбиеші:  Балалар, біздің енді қайтыумыз керек. Бізді балабақшамыз. Балабақшадағы достарымыз күтіп отыр. Қане үкімен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Ал енді, автобусымызды оталдырайық.

Балалар: Дтт-дтт-дтт!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі