Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақ тиін мен қасқыр

Мақсаты: Балаларға ертегіні оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу. Тіл байлығын арттыру, сөздік қорларын молайту.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, атрибуттар

Билингвалды компонент: Орман – лес, қасқыр – волк, тиін – белка, ертегі - сказка

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушы












Ұйымдастыру – іздестіру

















































Рефлексивті - түзетушілік

Шаттық шеңберіне тұрады, сәлемдеседі. Өлең жолдарын айтады.



-Қане, балалар, тобымызға қонаққа келген апайлармен сәлемдесейік.

Жыл мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу.Соған байланысты сұрақтар қою.

-Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр. Мұқият тыңдаңдар:

1 Шырша сая күркесі,

Өзі орман еркесі.

Қарғып жүрер жан – жаққа,

Өте құмар жаңғаққа. Ол не?

2 Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні.

-Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтардың шешуін дұрыс таптыңдар. Ендеше бүгін көркем әдебиет оқу қызметінде «Ақ тиін мен қасқыр» деп аталатын ертегімен танысатын боламыз.

(Фланелеграфпен жұмыс)

Ертегіні айтып беру. (фланелеграфқа ертегі кейіпкерлерін іле отырып)

-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегіде не туралы айтылыпты?

-Қасқыр қайда жүреді?

-Тиін нені жақсы көреді?

-Ертегідегі қасқыр тиінмен дос болды ма?

Ғажайып сәт: Тиін келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?Мені танисыңдар ма? Мен кіммін?

-Ой, жарайсыңдар! Мені танитындарыңа қуанып қалдым.Мен туралы не білесіңдер?









-Балалар, Тиін досымызға бүгінгі тыңдаған ертегіні сахналап берейік, ол қуанып қалсын.

(Атрибуттар киіп, ертегіні рольге бөлініп ойнайды)

-Жарайсыңдар, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Ойнаймыз ба?


Ойынымыздың аты «Ойллан тап!» деп аталады.

Мен сендерге ойынның шартын түсіндіріп берейін. (Ойынның шартын түсіндіреді)

-Қанекей, бәріміз Тиін досымызбен бірге шаршағанымызды басу үшін сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті:

Әр күніміз сан – салалы,

Жаттығудан басталады.

Орнымызда тұрып ап,

Жүгіреміз бір уақ.

Ор қоянша секіреміз, 1-2-3; 1-2-3,

Біз осылай жетілеміз.

Тиін: - Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты «Кім жылдам?» деп аталады.

Шарты: Ортаға 4-5 бала шығады. Жерде шашылып жатқан жаңғақтарды жылдам терулері керек. Кім жаңғақты көп терсе, сол бала марапатталады.

Тиін: - Ой, достарым. Сендермен уақытты жақсы өткіздім. Мен енді орманға қайтайын.Сендер де маған қонаққа барыңдар. Сау болыңдар!

-Балалар, ойын ұнады ма?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай ертегімен таныстық?

-Сендерге қай кейіпкер ұнады?

Бүгінгі үйренген сөздеріміздің орыс тіліндегі айтылуын үйренейік.Орман – лес, қасқыр – волк, тиін – белка, ертегі – сказка.

Балаларды мадақтап, оқу қызметін қорытындылау.

Біз ерекше баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар?








-Тиін


-қасқыр






Ертегіні мұқият тыңдайды



Қойылған сұрақтарға жауап береді.




-Сәлеметсіз бе?

-Сіз ертегідегі Тиінсіз


Қарақат:

Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің

Дидар:

Ағашқа секіріп,

Жауынан қашады.
Ал қарыны ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағады


Ертегіні сахналайды


-ойнайық



Ойынға белсене қатысады.







Музыка әуеніне сай қимылдар жасайды.




-ия







-Сау болыңыз!


Қойылған сұрақтарға жауап береді.




Сөздердің орыс тіліндегі баламасын айтады.


Күтілетін нәтиже:


Жаңғырады

Ертегінің мазмұнын тыңдап, айта білуге дағдыланады


Қолданады


Ертегіні рольге бөлініп ойнай алады.


Түсінеді

Ертегі кейіпкерлерінің жақсы – жаман қасиеттерін ажыратады;
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.05.2021
735
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі