400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қарлығаш" бөбекжай - бақшасы" Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне тәжірибе алмасу мақсатында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: Алма ағашы

Мақсаты: Балаларға алма туралы,оның пайдасы жайлы түсінік беру,түрлі пішіндерден ағаш бейнесін жапсыруды үйрету,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу,қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге қалыптастыру.

Көрнекілігі: Үлгі сурет, түрлі – түсті қағаз, қайшы,желім,қол сүрткіш, қызыл, сары, жасыл алмалар

Билингвалды компонент: Алма – яблоко, ағаш – дерево,Алма ағашы-яблоня,қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленый

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушы












Ұйымдастыру – іздестіру























































Рефлексивті - түзетушілік

Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Шуақпен нұр төгіп,

Көтерді көңілді.

(Орындарына жайғасады)

-Балалар, мен сендерге бір ойын дайындап қойдым, ойнағыларың келе ме?

Ойынымыздың аты «Бұл қай ағаш?» деп аталады.

Ойынның шарты:Экраннан бірнеше ағаштардың суреттері көрсетіледі.

-Жарайсыңдар, балалар! Осы ағаштардың қандай пайдасы бар?

Жұмбақ жасыру:

1 Темірі көп ішінде,

Жесең кірмес тісіңе.

Сары,қызыл болады,

Дөңгеленген пішінде.Бұл не?

2 Ортасында қазығы,

Бұтағында азығы.

-Алма қайда өседі?

-Алманың қандай пайдасы бар?

-Алмадан не жасаймыз?


Алма ағашының суретін көрсету;бөліктерін таныстыру.

(тамыры, діңі,бұтағы, жапырағы, жемісі)

Ғажайып сәт: Сиқыршы келеді:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?Мені таныдыңдар ма?Мен – Сиқыршымын.Сендердің сиқыр үйренгілерің келе ме?Олай болса мен сендерге керемет сиқыр көрсетейін.(қызыл, сары, жасыл алмалар алып көрсетеді)

Тәрбиеші:-Ой,қандай керемет! Сиқыршының көрсеткен сиқыры ұнады ма сендерге?

Ендеше оқу қызметімізді ары қарай жалғастырайық.Сиқыршы, сіз балалардың білімін көріңіз,жоғары шығыңыз.




-Балалар,бүгін біз аппликация оқу қызметінде алма ағашын қиып, жапсырамыз.Әуелі бәріміз саусқтарымызды жұмысқа дайындап алайық.

Саусақ жаттығуы: 1-2-3-4-5,

Шықты саусақ серуенге.

1 саусағым билеп кетті,

1 саусағым секіріп кетті.

1 саусағым сәлем берді,

1 саусағым ойнап кетті.

1саусағым ұйықтап қалды,

Шаршамаңдар саусақтар,

Қане, жұмыс жасаңдар.

-Жұмысқа дайынбыз ба?

Олай болса, мұқият тыңдап алыңдар.Мен сендерге алма ағашын қалай қиюды, жапсыруды үйретемін.

(әдіс – тәсілін түсіндіру)

-қағаздан жарты шеңбер (жасыл түс,) және жолақша (қоңыр түс) қию;

-жарты шеңберге желім жағып, қағаздың жоғарғы бөлігіне жапсыру;

-жолақшаға желім жағып, жарты шеңбердің астына жапсыру.

Сергіту сәтін жасату:

Көңілді әуенге сай бірнеше би қимылдарын жасату.

-алдын – ала әр түстен қиылған алмаларды желім жағып ағашқа жапсыру;

-жасаған жұмыстарының үстінен қолсүрткішпен жайлап басу, қолдарын сүрткішке сүрту.

-Балалар,қане, сендердің қалай жұмыс жасағандарыңды Сиқыршы айтып берсін.Балалардың жұмыстарына баға беру.

-Қане, біз қонақтарға арнап «Апорт деген тәтті алма» әнін айтып берейік.

Сиқыршы оларды мақтап, қоштасып қайтып кетеді.

Билингвалды компонент: Алма – яблоко, ағаш – дерево,Алма ағашы-яблоня,қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленый

Қимылды ойын ойнату,«Биік – аласа»

(биік нәрселерді айтқанда аяқтың ұшымен тұрады,аласа нәрсені айтқанда отырады

Оқу қызметін қорытындылау


Хормен қайталайды.



-Сәлеметсіздер ме, апайлар?




-ия


Балалар оның қай ағаш екенін табады.

Ағаштардың пайдасы туралы өз ойларын айтады.





-алма


-алма ағашы

-бақта

-құрамында дәрумен бар

-тосап кайнатамыз, тәтті шырын дайындаймыз

Мұқият тыңдайды



-Сәлеметсіз бе?






-ия












Саусақтарын ашып жұмады.






-дайынбыз







Жақсылап тыңдап алады,тәрбиешінің жетектеу әдісі бойынша жұмысты орындайды


Би қимылдарын жасайды









Әнді хормен орындайды


-Сау болыңыз!

-Сөздердің орыс тілінде айтылуын қайталайды


Ағаш дегенде– тұрады,

Шөп дегенде – отырады т.б


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек

Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін;

Нені игереді

Түрлі-түсті қағаздан алма ағашын қиып, жапсыруды;


Нені білді

ұқыпты жұмыс жасауды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі