400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қысқы ғажайыптар"

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед мамандарға, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Қысқы ғажайыптар»

(кіші тобы)

Логопед: Сұлтанаева Г.Ж.

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары»

Бағдарламалық міндеті:

Білімділік: Балаларда қыс ғажайыптары туралы түсінік қалыптастыру. Қыс мезгілінің ғажайыптары: аққала, шана, шаңғы,коньки туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Дидактикалық материалдар арқылы балаларда есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын оятып, тәрбиелеу.

Түзете-дамытушылық:балаларды бір тәртіп жүйесіне енгізу.

Көрнекілік құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер.

ҰОҚ барысы:

-Сәлеметсіздер ме,балалар?

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста қандай өзгерістер болады?

Тыныс жаттығуы: «Қаршаларды ұшыр»

Орындалуы: Балалардың қолына қағаздан қиылған қаршалар беріледі. Балалар мұрынмен демді ішке тартып, аузымен демді шығара отырып, үрлейді. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Артикуляциялық жаттығу:

«Сағат»

Орындалуы: Күлеміз, ауыз ашық, тіліміздің ұшын ерніміздің екі жақ шетіне кезек-кезек апарамыз.



«Піл»

Орындалуы: Аузымызды жауып тұрып, еріндерімізді алға қарай созамыз, піл тұмсығын көрсетеміз.



«Бақа»

Орындалуы: Аузымызды ашып, күлеміз,тістерімізді көрсетеміз.



Қыс мезгілінің негізгі ерекшеліктері туралы айтылады.Тақтаға аққала жасап жатқан, шанамен сырғанап жүрген, коньки және шаңғы теуіп жүрген балалардың суреттері ілінеді. Балаларға сұрақтар қою арқылы суреттер түсіндіріледі.

Осы кезеңде есік қағылады. Қонаққа аққала келеді. Аққала өзінің кім екендігін таныстырып, балаларға әкелген тапсырмасын түсіндіре отырып, орындатады.

Сергіту жаттығуы: «Шаңғы»

Аязда да тоңбаймыз,

Суыққа да төземіз.

Тон мен тымақ киеміз,

Шаңғы теуіп жүреміз.

Қалайша?- Былайша...( балалар шеңбер болып айналып, шаңғы теуіп жүрген баланың қимылын жасайды)

Ойын: «Суретті құрастыр»

4 партаға аққала, шана, коньки және шаңғының сурет қиындылары беріледі. Балалар өздері сурет қиындыларын құрастыруы керек және ойын соңында суретте не бейнеленгенін атап айтуылары қажет.

Саусақ жаттығуы: «Қыс» (аққаламен бірге орындалады)

Жерге қонған қар қыста, (қолдарды алақанын төмен қарата түсіріп, саусақтарын жыбырлату)

Тып-тыныш жатыр әр тұста.( қолдарды алақанын төмен қарата екі жаққа жаю)

Жылынсын деп оны аламын,

Алақаныма саламын. (екі алақанды бір-біріне уыстау- «қарды домалақтау» қолымызда үрлейміз.)

Аққала: балалар жарайсыңдар, сендер берілген тапсырманы өте жақсы орындадыңдар! Өте тамаша.

-Маған ыстық болып бара жатыр, мен бұлай тұра берсем қазір еріп кетемін...

Логопед: Балалар, қане бәріміз аққаланы үрлейікші. Аққала ыстықтап бара жатыр, кішкене болса да оны суытайық. Қане,балалар бәріміз бірге үрлейік.

Аққала: ой,балалар сендерге көп-көп рахмет! Көзім шайдай ашылып, бір рахаттанып демалып қалдым ғой....Балалар мен мүлдем еріп кетпей тұрғанымда тезірек қайтайын, сау болыңыздар балалар, келесі кездескенше.

-Қане,балалар бәріміз бірге аққалаға «сау болыңыз» деп айтайық.(аққала шығып кетеді)

Логопед: балалар қараңдаршы, аққала сендерге әкелген сыйлығын табыстауға ұмытып кетіпті. Қане, балалар, сыйлығымды ашайықшы.(қорап ішінде ақ ұлпа қарға ұқсас кәмпиттер)

-Балалар олай болса біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі