400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық Ұйымдастырылған оқу қызметі. "Су асты әлемі "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбиешілерге қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жетісу » ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Таным»

Бөлімі: Сурет салу .Экология

Тақырыбы: «Су асты әлемі»

Мақсаты: Су асты әлемінің тұрғындары туралы білімдерін тереңдету.Әртүрлі техникалық және көркемдік дағдыларды меңгерту.Ой қиялын дамыта отырып шығармашылыққа баулу .Табиғатты сүюге және қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету ,ойын,әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ, тақпақ ,дәстүрлі емес әдістерді қолдану.

Сөздік жұмыс,билингвальды компоненті: жайын,балық –fish,табанқанатшалары, сүңгуірдің жейдесі,маскасы,көзілдірік,түтікше.

Оқу іс-әрекеттінің көрнекіліктері: Теңіздің дыбысы, пазл теңіз балықтары мен жануарларының суреттері-А4 форматта , «Сиқырлы қалам »теңіз жануарлары,алдынала граттаж техникасына дайын қағаздар( балауыз қарындашымен боялып содан кейін көк тушьпен қапталған ,көк түсті қағаздар,тіс таяқшалары,мақта таяқшалары,Ыдысқа құйылған түрлі түсті көбік су орамалдар,қылқалам,акварель бояулары тд



Тәрбиеші

Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Әдепті елдің баласы сәлем береді , демекші алдымен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап жүрейікші жараса,

Сәлем саған Жер-Ана! Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық, бейбітшілікті қалайық


Балалар

Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші

-Балалар мына үстелде қандай заттар жатыр?

Бұл заттар не үшін керек?

Балалар

Маска,көзілдірік,

Түтік,табанқанашалар

Сүңгуіршінің жейдесі

Құтқару шеңбері су астында жүзгенде киетін.




1-слайд –шағала ұшып келіп хат әкеліпті .


Ертегі елінен су ханшайымы көмек сұрайды.

«Балалар мыстан менің достарымды сиқырлады .Ол үшін сендер су асты әлеміне келіп тапсырмаларын орындасаңдар сиқыры жойылады» деп жазыпты.

Балалар

Көмек беруге дайынбыз.

Тәрбиеші

Су астында тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлардың түрлері сан алуан.Соларды есімізге түсірейекші


1-Медуза денесі қандай?Түсі қандай? – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген,ол улы

Адам сақтану керек,денеге тисе күйдіруі мүмкін


2-Тағы нені көрдің?-Теңіз жұлдызы –ол жұлдызға ұқсайды,денесінде дақтары бар.


3-Ал мынау қандай жәндік?-Атбасты балық-орташа балық онық басы атқа ұқсайды.


4-Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.


5-Балықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?


Арслан-Сазан

Айқайлама ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.

Қармақ салсаң сазанға,

Тіпті ақырын тыныста.

Оңайлықпен сазанның,

Түскісі жоқ қазанға.

Ханымсұлу-Алабұға

Жолаң-жолаң сауыры,

Балықтың бұл тәуірі.

Екі көзі сап-сары,

Ауырама бауыры,

Алабұға үйірі,

Сияқты бір иірім.

Қоңыр-жасыл жотасы,

Жасыл-сары бүйірі...

6-Теңізде де әртүрлі өсімдіктер өседі-балдырлар деп аталады.Балдырлардың түсі де пішіні де әртүрлі болады.



Тәрбиеші: Адам суға қамқорлықпен қарау керек.Қане,балалар суға байланысты тыйым сөздерді еске түсірейікші!


Ойын:"Сөйлемді аяқта"

Мәтін не тиым сөзді аяқтау.Балаларға, адамзат үшін судың маңыздылығын түсіндіру.

Суды...ластама,керісінше қоқыстардан тазарт!

Суға...түкірме

Суды... суды лайлама .

Бұлақты... былғама.

Су бар жерде...  ырыс бар.

Сулы жер... нулы жер.

Су тіршілік... негізі.



Су ханшайымының .Жұмбақтары


1.Білем десең біліп көр.

Қармағына іліп көр

Түсе қалса қармаққа

әрең тартар он адам. (Жайын)


2.Суда да ,құрлықта да

Тастамайды бір елі

Үйін сүйреп жүреді.(Тасбақа )


3.Тұла бойы тола ине ,жауын көрсе ол неме,

Едірейіп бүртігі бола қалар біртүрлі.

Тұрған түсі көз көріп,шыға келер өзгеріп.

Қарнын үрлеп алады,допқа ұқсай қалады. (Кірпібалық)



4.Мойыны жуан, тірсегі ұзын

Тікпесе өзі етік сақтар бізін

Іске ықғайлы бір қайшысы бар

Іс тігіп көрген де емес еш қызығын (Шаян)





Сергіту сәті:

Су астында медуза жүзіп жүр

Су атында дельфин жүзіп жүр

Акула жүзіп жүрген жерге

Шомылуға сен асықпа

«Сиқырлы қалам» жинағынан «Теңіз жануарлары»


(Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.)


Ойын «Теңіз түбін тазалаймыз»

Балалар біз теңіз астында саяхатқа барып көрген жәндіктердің суретін салайық?

Сурет салудың қандай әдістерін білесіңдер?Біз қандай тәсілдермен саламыз?


Балалар

Нүктелермен саламыз «пуантуализм» әдісімен.

Тырналау «граттаж»әдісімен

Ермексазбен мүсіндер жасаймыз

Тәрбиеші:Жұмысты бастамас бұрын саусақ, қолымызды жаттықтырайық.


Саусақ жаттығуы «Балық»

Тұп-тұнық мөлдір суда,

Балық жүзіп жүр екен.

Біресе керіледі,біресе жиырылады,

Біресе құмға тығылады.


Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмысын қадағалау талдау.

Балалар салған суреттерін талдайды


Тәрбиеші:-Қане барлығымыз жұмысымызды аяқтайық.Біздің ғажайып теңіз асты жануарларымыз пайда болды. Дайын болған жұмыстарды үстел үстіне қойып, балалармен бірге қарайды.

Балалардың салған суреттерін талдау.Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан жұмыстарға ерекше тоқталып, оның мазмұны орындалу мәнері, көбелектің көлемі, түр түсіне назар аударып, атап өту керек.




Рефлекстік- түзету

Тәрбиеші:

- Балалар қай орталықта болдыңдар?

- Қай тапсырма ұнады?

- Қай досыңның жұмысы көңіліңнен шықты?

Соңында СУ ХАНШАЙЫМЫ келіп,балаларға ризашылығын білдіріп теңіз маржандары мен таза су сыйлайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі