Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Табиғатты қорғау тазалықты сақтау
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын эмоционалды елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Білімділік: Балалардың табиғат туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу, табиғатты қорғау мәселесіне қызығушылықтарын қалыптастыру
-
Дамытушылық: Ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту
-
Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Жылулық шеңбері
Арайлап міне таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Балалар бүгін мен балабақшаға келе жатып бір әжені кездестірдім. Ол әже маған не бергенін білесіңдер ме? Айна. Балалар бұл айна қарапайым айна емес, бұл сиқырлы айна. Егер бұл айнаға әдемілеп күліп қарасақ біз ғажайып орманға саяхатқа бара алады екенбіз. Қанекей маған келе қойыңдаршы. Айнаға күлімдеп қарайықшы. Енді көзімізді жұмамыз. Бір,екі, үш.....(музыка)
Міне балалар біз ғажайып орманға келіп жеттік. Ал енді балалар маған мынаны айтыңдаршы. Табиғат дегеніміз не ол?
Балалар: Гүлдер, өзендер, ағаштар, өсімдіктер, адамдар, жануарлар, ауа, таулар, тастар, жұлдыздар, планеталар, т.б
Дұрыс айтасыңдар табиғат деген бізді қоршаған ортадағы барлық дүниелер. Бізді қоршаған ортамыз. Балалар қараңдаршы сиқырлы айнамыздың артқы жағында бізге біреу хат қалдырыпты. Қане мұнда не жазылған екен. Оқып көрейік.
Хат мазмұны: Құрметті бөбек тобының балақайлары. Біздің орманға сендердің көмектерің керек. Орманымызға қауіп төніп тұр.
Балалар орманға қауіп төніп тұр екен. Бізден көмек сұрап жатыр екен. Көмектесемізбе? (Иә) Ендеше жолға шығайық балалар.Бірақ біз жол білмейміз. Бізге жол бағыттап көрсетуші карта керек. Картамыз қайда екен? (интерактивті тақтадан видео қосылады)
1.Қоқыстанған алаңға келеді. Ой балалар мына жерге не болған. Орман ішін осылай шашып, ластауға болама? (Жоқ болмайды)Не істеуіміз керек? Дұрыс айтасыңдар балалар. Қоқысты жинап алайық. Менде балалар үш түсті корзина бар. Көк түсті корзинаға қағаз, картон қоқыстарды, қызыл түсті корзинаға металл қоқыстарды ал сары түсті корзинаға пластикалық қоқыстарды жинаймыз. (Қоқыстарды жинайды)Жарайсыңдар балалар. Бұл жерді енді келесі жолы ешкім ластамауы үшін қандай белгі қоямыз. Дұрыс айтасыңдар. Қоқыс тастауға болмайды деген белгішені қоямыз.
2.Балалар мына ағашқа қараңдаршы. Оған не болған? Бұтақтарына қараңдаршы. Осылай жасауға болады ма? Ағашты не істеуге болмайды? (сындыруға, майыстыруға, жапырағын жұлуға болмайды) Дұрыс. Ендеше ағаштың сынған бұтақтарын жіппен байлап емдеп жіберейік. (тәрбиеші көмегімен ағаштың бұтағын жіппен байлайды) бұл жерге қандай белгі қоямыз. Иә ағашты сындыруға болмайды деген белгішені қоямыз.
3.Балалар ағаш басында нелер мекендейді? (құстар)Олардың ағаш басында несі болады? Дұрыс айтасыңдар. Құстардың ұясын бұзуға бола ма? Болмайды. Ал мына ормандағы құстардың ұясын бұзақы балалар бұзып кетіпті. Ал біз құстардың ұясын құрастырып береміз бе? (Иә)
Ойын: «Ұя құрастыру»
Жарайсыңдар балалар. Енді бұл жерге қандай белгі қоямыз. Жан-жануарлардың үйін бұзуға болмайды деген белгішені қоямыз. Жолымызды жалғастырамыз.
4.Балалар орманда көптеген жан-жануарлар өмір сүреді. Олар осында ұйықтайды, қоректенеді. Орманда жүргенде шулауға болама балалар? (болмайды) Дұрыс орман тыныштығын бұзбау керек. Шулауға болмайды. Тыныш қана сергіп алайық. Жолдан шаршап қалған шығарсыңдар.
Сергіту сәті: «Тез отыра қаламыз»
Балалар табиғат жанды және жансыз болып екіге бөлінеді. Жанды табиғатқа нелер жатады атап жіберейік. (ағаштар, гүлдер, адамдар,жануарлар) Жансыз табиғатқа нелер жатады?(аспан, күн, ай, жұлдыз, тау, тас, құм, су)
Ойын: «Жанды және жансыз табиғат» (жанды және жансыз табиғаттың бөлшектерін ажыратып көрсету)
Үй жануарларына нелер жатады?(сиыр,жылқы,ит)
Жабайы жануарларға нелер жатады?(қасқыр,түлкі,қоян)
Жұмбақ:
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (су)
5. Балалар карта бізді өзенге қарай бағыттап тұр. Ол жақта қандай қауіп төніп тұр екен?! (Интерактивті тақтадан ластанған өзен видеосы көрсетіледі) Балалар көрдіңдерме? Өзен суын біреулер ластап кетіпті. Балықтар демала алмай жатыр екен. Осылай жасауға болама? Болмайды. Өзен суын тазартып беремізбе? Ол үшін бізге мақталы диск, су құйғыш түтік және бірнеше ыдыс керек.
Сумен жұмыс.
Жарайсыңдар балалар. Өзен суын тазалап судағы балықтарға көмектестіңдер. Енді олар жақсы демалып жүзе алатын болды. Бұл жерге қандай белгі қоямыз. Суды ластауға болмайды деген белгіні қоямыз.
6. Карта енді бізді сандыққа қарай бағыттап тұр екен. Сандықшаны ашу үшін біз сұрақтарға жауап беру керек екенбіз.
-
Балалар біз бүгін қайда келдік?
-
Табиғат дегеніміз не?
-
Орманда жүргенде не істеуге болмайды?
-
Орманға қандай белгілер қойдық?
Балалар орман тұрғындары сендерге Орманға қауіп төніп тұрғанда көмектесіп, табиғатты қорғап,тазалап, аялап, қамқорлық жасағандарың үшін медаль беріпті. Жарайсыңдар балалар әрқашанда табиғатты қорғау- тазалықты сақтау екенін ұмытпайық. Орманға көмектесіп болсақ сиқырлы айнамыз бен картамызды алып балабақшамызға оралайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Табиғатты қорғау тазалықты сақтау"

шағым қалдыра аласыз