Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: "Ақ ұлпа қар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: "Ақ ұлпа қар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


«Балапан» I -кіші тобы

Тәрбиеші: Габбасова Д.С

Күні: 19. 01.2018 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: Ақ ұлпа қар

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу. көрсету, сергіту сәті,бақылау

Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреті, интер тақта, тақпақтар, мақта, ақпарақ, желім,қар.

Алдын-ала жұмыс: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу..


Іс - әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі.

Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық – қозғаушылық

Сәлемдесу.

Үлкенге де, сіз.

Кішіге де, сіз.

Баршаңызды құрметтеп ,

Бас иеміз, біз!

Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде ,

Қуанасын сенде.

Қуанады достарым,

Арайлап атқан күнге!


-Сәлеметсіңдерме ме, балалар!

-Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!

-Деніміз сау болсын!





Балалар топпен бірге қайталап амандасады.



Амандасады.




Балалар бір-біріңе жымияды.





Ұйымдастырушылық ізденіс








- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Қыс мезгілінде біздер жылы киінеміз. Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады.

Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.

Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды. /Дыбысын тыңдату/.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.

Тәжірбие мен жұмыс:

-Балалар сендерге қазір арналған шағын тәжірбие көрсеткім келіп тұр
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.

-Қар жылыға ериді, ал салқынға мұз болып қатады екен

-Ендеше казір мен сендерге мына ұнтақтан қар жасағанымды қалайсындар ма?

-Кане, қараймыз!

-Не шықты, қарға ұқсай ма?

Сурет пен жұмыс.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.

-Балалар қыс туралы тақпақ білеміз бе?

-Кане кім айтады?

-Өте жақсы, рақмет балалар!

Сергіту сәті:

Бейне баян: Аппақ-аппақ жапалақтап...

Әли мен Айяның әнімен бірге сергіту сәтін жасаймыз.

Жұмыс барысымен таныстыру, көрсету:

- Біз қазір балалар, аппақ мақта дөңгелектерінен қар ұлпаларын жапсырамыз.

(ватный дисканы көрсету; желімдеп жапсыру.)

-Аппақ дөңгелекшіні алып , желімдеп жапсырамыз,.

-қараңдаршы не шықты?

-иә, аппақ қар шықты.


Ойын : Қар жинау

Мақсаты: Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққы баулу.

Балалар терезеге назар салып, қарайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.







Қарды ұстап қарап, мұздай, жылы жерде ерейтінің байқайды.

(өз ойларымен бөліседі)


-суық

-ериді.













- шанамен сырғанап , шаңғы теуіп ойнаймыз.

-жылы киімдер киеміз.

-қарды күрекпен тазалайды.



Тақпақ жаттау:

Аят

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын ақшақар

Фаатин

О, алақай қыс келді

Бізге қуаныш әкелді

Дала қарға оранды

Бала біткен қуанды.


Әнге қосылып, қимыл арқылы сергіту сәтін жасайды


Г.Ясмин

Дала да қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.


Балалар назар салып, тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Балалар жердегі қарларды шапшаңдылықпен жинайды.

Рефлекциялық – түзетушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қардан біз не жасадық?
- Қардың түсі қандай?
Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

-қыс мезгілі

-аққала жасадық

-ақ түсті.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қысқы табиғаттың өзгерісін , табиғат қызығы туралы толық мағлұмат алу.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілі туралы толыққанды түсінігі болуы.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қардың ерекшелігің,қасиетерін түсіне бастайды.

35 «Шұғыла» бөбекжайы



















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Ақ ұлпа қар
















Тәрбиеші: Габбасова Д.С













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
4162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі