15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: "Қасқыр және жеті лақ"
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет»
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу- қызметтері: Қоршаған ортамен таныстыру, Көркем әдебиет, Музыка
Тақырыбы: «Ешкі мен лақтар»
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні ойнау барысында, балалардың үйдегі қауіпсіздігі, қауіпті заттар туралы білімдерін кеңейту, түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың ерте гіні қою арқылы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Балаларды ойын арқылы сақ болуға, бөтен адамдармен сөйлеспеуге, есікті бөтен адамдарға ашпауға үйрету.
Балалардың драмалық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, өзіне жүктелген рөлдерді дұрыс сомдай білуге, дауыс ырғағын, мимикасын, өз- өзін дұрыс ұстай білуге үйрету.
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, қорытындылау.
Сөздік жұмыс: бөтен, таныс, туғаным
Көрнекіліктер: үйшік, атриубуттар, маскалар, костюмдер
Ойынға қатысушылар: қасқыр-Доматай М, лақтардың анасы-Съезбек К, лақтар- Айша, Бахтияр, Ақниет, Раяна,Ақерке, Сұлтан, Амир, Алихан, Асылым, Айсури.
Алдынала жұмыс: «Мен және бөтен адам», «Үйдегі және ауладығы қауіпсіздік» тақырыбында ұйымдастырылған оқу- қызметін өткізу және әңгіме жүргізу.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік қызмет:
Тәрбиеші: Лақтарым шырақтарым, келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалалар: Сәлеметсіздер ме?
Ешкі: Балалар, бүгін мен сендерді кішкентай ғана өзімнің «Ертегілер әлеміме» шақырғым келіп отыр. Қараңдаршы бұл қандай ертегі?
Лақтар: Жеті лақ
Ешкі: Сендер осы ертегідегі лақтар болғыларың келеді ме?
Балалар: Иа
Ешкі: Ендеше Жеті лақ ертегісін ойнап көрейік. Сендер лақтар болыңдар ал мен лақтардың анасы боламын.
Ешкі: Ертегі желісі бойынша лақтар мен аналары қайда тұрады?
Лақтар: Орманда тұрады
Ешкі: Ендеше, менің ақылыма құлақ асыңдар (әндетіп, лақтарына ақыл айтады)
Шөре , шөре лағым,
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеге сал құлақ
Ойнай көрме тым ұзап,
Боп жүрмесін бөрі тап
Секірмесең нетеді
Тау текеден өтеді
Сынама деп тұяғың
Сенен зәрем кетеді
Шола берме жан-жақты6
Болшы бөртем салмақты
Жібермеймін тым ұзақ
Жайылыңдар маңайда.
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым қарындарың ашқан болар, мен орманға барып сендерге дәмді тамақтар алып келейін. Мен жоқта ешкімге есікті ашпаңдар, алаңға шығып ойнамаңдар. Менің әнімді естеріңе сақтап алыңдар. Аналар келгенде бұлай әндететін болады.
Ешкінің әні:
Дин-дон
Лақтарым менің
Шырақтарым менің
Мен келдім
Дин-дон
Өрістен келдім
Сүт жинап келдім
Бәріңе
Қайырмасы:
Ля-ля-ля-ля-ля
Мен келдім
Ля-ля-ля-ля-ля
Ашағой
Ля-ля-ля-ля-ля
Мен келдім
Дин-дон
Лақтарым менің
Шырақтарым менің
Мен келдім
(ешкі орманға кетеді)
Лақтар үйде қалып, бірі ойнап, бірі үй сыпырып,бірі ыдыс жинап бір біріне көмектесе бастайды.
Ешкі кете берісімен лақтарды аңдып жүрген аш қасқыр келеді.
Қасқыр: О, мына орманда ешкі мен лақтары тұрады екен ғой! Оңай олжаға тап болдым ғой, қарным бір тоятын болды – деп қарнын сипап қояды.
Қасқыр есіктің алдына келіп: Сендер, сендер лақтар
Сендер, сендер шырақтар
Жылдам аяқ басыңдар
Есікті тез ашыңдар
Лақтар дауысты естиді. Шешесінің дауысына ұқсамайды. Оның қасқыр екенін біледі.
1 лақ: Естідік, естідік, сенің дауысың анамыздың дауысына ұқсамайды.
Біздің анамыздың дауысы жуан емес жіңішке және анамыз бұлай әндетпейді. Бізді алдай алмайсың, есікті ашпаймыз.
2 лақ: Иә, иә рас
3 лақ: Есікті ашпаймыз.
4 лақ: Ашпаңдар,әйтпесе бізді жеп қояды.
Қасқыр: Қап бәлем тұра тұрыңдар- деп күтіп отырып-отырып, ақыры аузына түк түспей кетіп қалады.
Орманнан Ешкі оралады. Есіктің алдына келіп әндетеді.
Дин-дон
Лақтарым менің
Шырақтарым менің
Мен келдім
Дин-дон
Өрістен келдім
Сүт жинап келдім
Бәріңе
Қайырмасы:
Ля-ля-ля-ля-ля
Мен келдім
Ля-ля-ля-ля-ля
Ашағой
Ля-ля-ля-ля-ля
Мен келдім
Дин-дон
Лақтарым менің
Шырақтарым менің
Мен келдім
Лақтар: Алақай, алақай анамыз келді!
Лақтар: Анашым жаңа сіз жоқта үйімізге қасқыр келді.
Ешкі: Ал, сендер оның қасқыр екенін қайдан білдіңдер?
Лақтар: Өйткені оның дауысы жуан болды біз есікті ашпадық.
Ешкі: Дұрыс жасадыңдар лақтарым. Есікті ашпағандарың жақсы болды. Келіңдер мен сендерге ненің қауіпті, ненің қауіпсіз екенін айтып берейін.
Естеріңде сақтаңдар! Егер, қандайда бір бөтен адам келіп сендер үйде жалғыз отырғанда есікті қақса немесе есікті ашуды сұраса ешқашан ашпаңдар. Тіпті тусқандарыңмын,апаңмын, мелициямын, дәргермін, көршіңмін – деп өздерін таныстырса, анам мен әкем келген соң келіңіз біз сізге есікті аша алмаймыз деп жауап қатыңдар.
Ешкі: Лақтарым, бөтен адам деп кімдерді айтамыз?
Лақтар: Бөтен адам деп бұрын көрмеген, танымайтын адамдарды айтамыз
Ешкі: Ал, таныс адам деп қандай адамдарды айтамыз?
Лақтар: Таныс адам деп көршімізді, топтағы достарымызды айтамыз.
Ешкі: Ал, тусым деп кімдерді айтамыз?
Лақтар: Туысым деп ата-апамыз, ағамыз, апайымыз т.б
Ешкі: Лақтарым, жаңа орманнан келе жатып, жолдан бір дорба тауып алдым ашып көрейікші ішінде не бар екен. Лақтарым бұл дорбаның ішінде қауіпті заттар бар екен бұл жаңғы бізге келген қасқырдікі болар.
(дорбадағы қауіпті-қауіпсіз заттармен лақтарды таныстырады)
Лақтарға қауіпсіздік туралы әнгіме айтылып , қауіпсіздік заттары жайлы слайд көрсетіледі.
Бір кезде есік қағылады.
Қасқыр: Лақтарым, қарақтарым
Естіді ме құлақтарың
Сүтін жинап келді анаң,
Еміп, тойсын тамақтарың
Аш есікті, шырақтарым- деп әндете кетеді
Ешкі : Бұл кім болды екен а?
Лақтар: Анашым, қорқамыз бұл қасқыр шығар.
Ешкі: (есікті ашады) Салеметсіңбе, Қасқыр
Қасқыр: Сәлеметсіңбе, Ешкіжан.
Ешкі: Қасқыр сен екенсің ғой менің лақтарымды қорқытып жүрген?
Қасқыр: Жоқ, жоқ Ешкіжан мен лақтарды қорқытатын ойым болмаған. Тек мен олармен дос болып ойнасамба деген ойым болған. Ал олар болс мені теріс түсініп қалған ғой.
Ешкі: Мен жоқта сен үйге келген соң қорқып қалған ғой. Жақсы ниетпен келсең онда үйге кір.
Қасқыр: Ешкіжан сенің лақтарың өте ақылды екен, менің дауысымды бірден таныды және өз аналарының да дауысын біледі екен. Бөтен адамға есік ашпау керек екенін біледі екен.
Ешкі: Рахмет, Қасқыр!
Лақ: Аааааа Қасқыр, жаңа анамыз бізге орманға барып тамақ алап келуге барғанда жолдан бір дорба тауып алпты бұл сенікі емес пе?
Қасқыр:Иа, иа мен ол дорбам жоғалтып алған едім. Жақсы болды ғой.
Лақтар: Қасқыр жан, сенің бұл дорбадағы заттарың өте қауіпті екен.
Ешкі: Лақтарым айтып жіберіңдерші Қасқырға онда қандай қауіпті заттар бар екенін.
Лақтар: Сіріңке ұстама өрт шығуы мүмкін. Пышақ қауіпті қолыңды кесіп алуың мүмкін.
Лақтар: Сенің мұндағы заттарың қауіпті заттар Қасқыр оларды пайдаланғанда абай бол!
Қасқыр: Жарайды мен оларды пайдаланғанда абай боламын. Ешкіжан мен сенің лақтарыңмен ойнасам бола ма, біз доспыз ғой.
Ешкі: Лақтарым, қасқыр бізбен дос болып ойнағысы келеді екен. Қане Қасқырмен дос боламыз ба?
Лақтар: Иа, боламыз.
Қасқыр мен лақтардың әні:
Қасқырмен жеті лақ
Ертегіні білеміз
Барлығымыз бірігіп
Ойнап шықтық бәріміз
Достықпенен барлығында
Жеңіп шықтық аяғында
Ал енді біз хош дейміз
Сау болыңыз бәріңіз
Достықпенен барлығында
Кездестік біз қуанышпен
Хош дейік біз сағынышпен
Сау болыңыз бәріңіз
Ля-ля-ля-ля-ля
Қасқыр менен жеті лақ
«Өскемен қаласы әкімдігінің №5 «Арай балабақша- бөбекжайы» КМҚК
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ-ҚЫЗМЕТІ
Тақырыбы: «Ешкі мен лақтар»
Тәрбиеші: Съезбек Күншайм
«Аққайың» II-кіші тобы
Өскемен қаласы, 2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген