Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Қонжыққа арналған пирамида»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Қонжыққа арналған пирамида»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада балалардың саусақты дамыту методикасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары

Сөздік жұмыс: шуақ, адал

Билингвальді компонент: ит-собака, мысық-кошка, достар- друзья, үйшік- домик


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суретін ілу

Жұмбақ

Ырылдайды үреді,

Үй маңында жүреді

Иесін ол біледі

Бөтен біреу келсе егер

Үріп белгі береді


Мақал

Ит- адамның досы


Жұмбақ

Түссе күннің шуағы

Көзін жұмып алады

Жылы жерді сүйеді

Беті-қолын жуады


Сөздік жұмыс: шуақ, адал

Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп , қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес - кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағын , сипалағанын қаламайды.

Пудель- өзінің иесіне берілген үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылықсыз көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шал үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Болонка – сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушағ келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Чау-чау - арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды , бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ, иесіне адал болады.

Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады

Ангор мысығы - көңілді , қылықты мысық. Ойынпаз,адамды жатырқамайды. Белсенді үйірсек,кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы – ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық, Қылықты , балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ , үлпілдек болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.


Канадалық және дондық сфинкс – жұмсақ тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қырсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды, жалы көрпенің астында ұйықтағанжы жаны сүйетін, адамға емдік қасиеті бар мысықтар.

Суреттерді қызға қарайды


Жұмбақты шешеді



Жауабы: ит





Мақалды тыңдайды, қайталайды




Жұмбақты шешеді

Жауабы: мысық

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ғажайып сәт

-Балалар бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық.

Жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді

Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?


Билингвальді компонент: ит-собака,

Мысық-кошка, достар- друзья, үйшік –домик



Үлестірмелі материалға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.



Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді





Көмектесуге ынта білдіреді




Қайталайды: ит-собака,

Мысық-кошка, достар- друзья, үйшік –домик


Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады


Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

Ал негізін ше?

- үйшіктің тағы несі болады?



Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады

1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің

2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды

3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды

4. қолындағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды

5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып құлап кетпейтіндей берік қою керек

6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап , жинастыру қажет


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Сергіту сәті

Мысығым , тұршы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы


Ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын (наклейка) балаларға бір-бірден тартып береді.

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің трезесіне отырғызады

-Шатыры-үшбұрыш

Негізі – шаршы неме тіктөртбұрыш

Терезелері –шаршыдан




Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі













Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар жапсырманы жабыстырады.

«Абала» деп ойыншық итке, «марғау» деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жабыстырады

Рефлексиялық түзетушілік

Қараңдаршы балалар қандай керемет үйлер бой көтерді

Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады .Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды

Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап , итпен және мысықпен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

біледі: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды, үйшік жасайды ;

игереді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін , олардың бір-бірінен айырмашылықтарын

меңгереді: шаршы, тіктөртбұрыш, ұшбұрышты қолданып үйшік жасайды



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!