15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: "Сыйқырлы пішіндер"
ҚМҚК Өскемен қаласы әкімдігінің
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы
Тақырыбы: «Сыйқырлы пішіндер»
Тәрбиеші: Съезбек К
«Аққайың» II-кіші тобы
Өскемен қаласы, 2018-2019 оқу жылы
Білім
беру саласы: Таным.
Шығармашылық.
Білім
беру бөлімі:
Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру.
Тақырыбы: «Геометриялық
пішіндер»,
«Тәулік бөліктері: таң және кеш»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың геометриялық пішінде, тәулік бөліктері туралы білімдерін қалыптастыра отырып, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, құрастыру.
Сөздік
жұмыс: Үшбұрыш,
төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Қолданылатын
құрал-жабдықтар: Ведиопроектор,
АКТ, сыйқырлы әуендер, фребель сыйы
Әдіс-тәсілдер: Релакцация, тіл ұстарту, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, тапсырмаларды орындау, мақтау-мадақтау.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық Таза ауадан салайық Жүрек жылуын салайық Осы жиналған жылуды Достарымызға шашайық (сыйқырлы әуен) |
Шаттық шеңбері Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық Таза ауадан салайық Жүрек жылуын салайық Осы жиналған жылуды Достарымызға шашайық (сыйқырлы әуен) |
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Рефлексциялық, түзетушілік, қорытындылау
|
Қызығушылық сәті: -Балалар бүгінгі сабақ ерекше болайын деп тұр,өйткені біз сендермен «Сиқырлы пішіндер» әлеміне саяхатқа аттанамыз. Саяхатымызға аттанбас бұрын айтындаршы:
Оянамыз, бақшамызға келеміз. Бұл тәуліктің бөлігін қалай атаймыз? Балалар, біз тауліктің қай бөлігінде саяхатқа шыққалы түрмыз таңертең бе, алде кешке ме?
Саяхатқа дайынсындар ма? Олай болса, бәріміз шеңберге тұрып қолымыздан ұстап көзімізді жұмып бір-біріміздге сәт сапар тілейік.
(сол кезде әуен ойналады, араның ызыңдаған дауыстары естіледі)
-Балалар, біз қайда келдік «Сыйқырлы пішіндер» әлеміне жетіп қойдық па, бұл ненің дайысы? -Ара қалай ызылдайды екен, бәріміз салып көрейікші. -Қане, көзімізді ашып сол араны көрейікші. (балалар таңырқай қарайды) Ара: Сәлем достар, менің сыйқырлы пішіндер әлеміне қош келдіңдер! -Сәлем,сәлем Аражан біз сыйқырлы пішіндер әлеміне бара жатқан едік. Ара: Ааааа, сыйқырлы пішіндер ме, оларды көру үшін...... Тәрбиеші:Таптым, таптым сен бізбен ойнағың келіп тұрма? Ара: Иа (басын изеп) Қане балалар сыйқырлы пішіндерді көру үшін арамен ойнауымыз керек екен. Ендеше ойнайық. Орындарыңа жайғасыңдар. Тәрбиеші: Аражан қандай ойын ойнағың келеді, жасырынбақ па? Ара: Иа (басын изейді) Тәрбиеші: Балалар, ара бізбен жасырынбақ ойнағысы келеді екен, ойнаймыз ба? Қане, ендеше тығыл біз сені тауып көрейік. Ара қайда балалар,ол қандай пішіннің артына тығылып қалды? Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл пішін төртбұрыш деп аталады. Түсі қандай? Тәрбиеші: Балалар,біз пішіні төртбұрышке ұқсайтын заттарды тауып көрейікші. Мына үстел үстіндегі заттардың арасынан маған кім осы төртбұрыш пішінге ұқсайтын заттарды тауып береді?
Тәрбиеші: Аражан біз сені тауып алдық, сен төртбұрыш пішіннің артына жасырынып қалдың, шыға ғой. (ара ұшып шығады)
Тәрбиеші: Ара қайда балалар,ол қандай пішіннің артына тығылып қалды?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл пішін дөңгелек деп аталады. Түсі қандай? Тәрбиеші: Балалар,біз осы дөңгелек пішінге ұқсайтын заттарды таппасақ ара дөңгелектің артынан шықпаймын дейді. Мына үстел үстіндегі заттардың арасынан маған кім осы пішіні дөңгелекке ұқсайтын заттарды тауып береді?
Тәрбиеші: Аражан біз сені тауып алдық, сен дөңгелек пішіннің артына жасырынып қалдың, шық қане. (ара ұшып шығады)
Тәрбиеші: Ара қайда балалар,ол қандай пішіннің артына тығылып қалды?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл пішін үшбұрыш деп аталады. Түсі қандай?
Тәрбиеші: Балалар,біз осы үшбұрыш пішінге ұқсайтын заттарды таппасақ ара үшбұрыштың артынан шықпаймын дейді. Мына үстел үстіндегі заттардың арасынан маған осы пішіні үшбұрыш ұқсайтын заттарды тауып береді? Тәрбиеші: Аражан шыға ғой біз сенің үшбұрыш пішіннің артына жасырынып қалғаныңды білеміз (ара ұшып шығады) Балалар, ара шығатын емес осы үшбұрыш пішін оған қатты ұнап қалған сияқты. Ол ойынын қандырып алғанша біз бойымызды сергітіп алайықшы. Сергіту сәті: «Бала бала балақан» Тәрбиеші: Аражан шыға ғой біз сенің үшбұрыш пішіннің артына жасырынып қалғаныңды білеміз.Ойының қанған шығар. Ара: Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер мен жасырынған барлық пішіндерді біледі екенсіңдер, қане енді осы пішіндерді маған таяқшалардан құрастырып көріңдерші. Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, төртбұрыш пішінді құрастырдыңдар, енді осы төртбұрыштың ішіне үшбұрыш пішін құрастырыңдар ал, сыртына дөңгелек құрастырыңдар.
Д/о «Айналадағы заттардың пішіні" Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту. Тәрбиеші: Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (балалар пішіндерге ұқсайтын заттарды атап айтып көрсетеді) Ара: Достарым сендер өте білімді екенсіңдер.Сендермен кездескеніме өте қуанып тұрмын, саяхатқа жиі келіп тұрыңдар. Хош сау болыңдар! Тәрбиеші: - Балалар, күн ұясына батуға жақындап қалыпты. Міне, бұл кезді біз тәуліктің қай мезгілі дейміз? Дұрыс айтасыңдар «кеш» дейміз Біз кештің қалай болып қалғанын сезбей де қалыппыз. Біздің қайтатын уақытымыз болды.Барлықтарың араның жасырынған пішіндерін дұрыс атап шықтыңдар. Сол үшін сендерге жұлдызшалар таратылды.
-Бірақ балалар бұл жұлдызшалар жай жұлдызшалар емес, біздің жолымзды жарыққылып тұратын жұлдызшалар.
-Балалар түнде аспанда не болады? Дұрыс айтасыңдар. Мына біздің айымыз жалғыз екен оның қасына не жетіспей тұр? Ендеше осы жұлдыздарды Айдың жанына орналастырайық. Ол түн болып кетсе біздің жолымызды жарық қылып тұрады.
Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз несімен қызықты болды?
Қане балалар көзімізді жұмып таза ауамен тыныстап үйімізге қайтайық.
- Балалар, қонақтарға «сау болыңыздар» деп айтамыз.! |
-Таң
-Саяхатқа тауліктің таңғы бөлігінде шығамыз.
-Саяхатқа дайынбыз
-Балалар, көздерін жұмып баяу әуен тыңдайды (реалакцация)
-Балалалар араның ызыңын қызыға тыңдайды.
-Біз орманға келдік - Араның дауысы (балалар таңырқай қарайды) - З-З-З-З-З-З-З-З ызылдайды (тіл ұстарту жаттығуын жасайды)
-балалар орындарына жайғасады
-Төртбұрыш пішіннің артына тығылып қалды.
- Түсі көк
-Балалар үстел үстінен пішіні төртбұрыш ұқсас заттарды тауып сипаттап береді.
-Дөңгел пішіннің артына тығылып қалды.
- Түсі қызыл.
-Балалар үстел үстінен пішіні дөңгелекке ұқсайтын заттарды тауып сипаттап береді
- Үшбұрыш пішіннің артына тығылып қалды.
- Түсі жасыл.
-Балалар үстел үстінен пішіні үшбұрышқа ұқсайтын заттарды тауып сипаттап береді
-Балалар, іс-әрекетпен көрсетіп жасайды.
-(Балалар таяқшалармен төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш пішіндерді құрастырады)
-Сау бол аражан біз тағыда саяхатқа келеміз.
-Кеш дейміз
-Иа
-Ай мен жұлдыздар болады.
-Жұлдыз жетіспей тұр.
-Балалар қолдарындағы жұлдыздарын айдың қасына орналастырады.
-Арамен ойнаған ұнады. -Сергіту сәті ұнады. - Пішіндермен танысқанымыз ұнады.
-Көздерін жұмып терең тыныстап, келген қонақтармен қоштасып үйлеріне қайтады.
- Сау болыңыздар |
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Геометриялық пішіндерді дұрыс
атауды
Игерді:
Геометриялық пішіндердің орналасуын
өз бетінше ажыратуды
Меңгерді:
Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды
дұрыс атауды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген