Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы:"Жол белгілеріне саяхат" Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру,жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру,жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.Саусақ маторикасын,тілдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Мусалиева Дана Рахатовна

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Айгүл» бөбекжай-бақшасы МКҚК

Шығармашылық жетекшісі


Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет,жапсыру,мүсіндеу

Тақырыбы: «Жол белгілер елі»

Сабақтың мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру,жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру,жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.Саусақ маторикасын,тілдерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:дайын бағдаршам,тіс пастасы,қылқалам, түрлі-түсті ермексаз,сулы шүберек,түрлі-түсті түймелер,желім.

Қолданылатын көрнекіліктер: Жол белгілері,бағдаршам,ойыншық машина,велосипед.

Билингвальді компонент:Бағдаршам-светафор,сары-желтый,қызыл-красный,жасыл-зеленый


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Моти.

қозғ.

 -Қане балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізбен амандасайық!

Біздер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Бақшаға біз келеміз,

Жол тәртібін білеміз.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз!




Балалар өлең жолдарына сәйкес іс-қимылдармен қайталайды.



Ұйым.

Ізден





































Ұйым.

ізден

- Балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өзгеше,біз бүгін «Жол белгілер еліне» саяхатқа барамыз,ол жерден көп нәрсені көзбен көріп, жақсы әсер аламыз деп ойлаймын.Балалар жол сапар барысында көп жол қиылыстары кездеседі, жол ережесін мұқият сақтауымыз керек.Балалар «Жол белгілер еліне» саяхатқа шықпас бұрын жол белгілері н есімізге түсіріп алайықшы.Жолдан өту үшін бізге не қажет?

-бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейміз?

-ал сары көзі жанғанда ше?

-жасыл көзі жанғанда ше?

-жарайсыңдар,балалар енді маған жол ережесі туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші. (тақпақ айтады балалар)

Есік қағылады. Гаи инспекторы мен қоян  кіріп келеді.

Инспектор апай:Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар жолға қарап тұрсам, велосипед тепкен қоянды көрдім, жолдан дұрыс өтпей барлық ережелерді бұзып, машина қағып кете жалдады. Қоянды тоқтатып, қайда барасың деп сұрасам, «Айгүл» балабақшасына балаларға барамын деп өтінгесін, сендерге алып келдім.Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?

Инспектор апай: Ендеше қоянға үйретіңдерші, ал қоян сен жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін, ал мен жұмысыма барайын.

- Қоян сен ренжіме, біздің балалар саған жол ережесін айтып,түсіндіреді, сен жол ережесін үйренгесін велосипедіңді қайтарып береді.

Дымбілмес: Жарайды балалар маған жол ережесін айтып, мен үйреніп алайын.

- Қоян қазір біздің балалардан сұрайық,жауаптарын тыңдап есіне сақта!

-Велосипедті қай жерде тебу керек?

-Допты қай жерде ойнау керек?

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?


-Көше тәртібін бағдаршамнан басқа кім басқарады?

- Қоян балалардың айтқандарын есіне сақтадың ба, бұл ережелерді  білсең, сен әрқашан қауіпсыз боласың.

Дымбілмес: Рахмет балалар ,мен айтқан ережелерінді есте сақтаймын.

- Қоян біз балалармен «Жол белгілер еліне» саяхатқа баруға жиналғанбыз, бізбен бірге барасың ба?

Дымбілмес: әрине, менде барайыншы балалар ?

- Қоян сен жолда мұқият бол, балалардан үйрен.

(Муз әуенімен балалар бір-бірінің артынан жүреді)

- Балалар алдымызда екі жол айрығы жатыр, бірі-жіңішке, екіншісі-жалпақ жол.

-Қалай ойлайсыңдар қандай жол жаяу жүргінші?

- Міне, біз бірінші жол қиылысына жеттік.Жолдан өту үшін ненің көмегіне жүгінеміз?

-Бағдаршам көмегі қажет.

- Абайлаңдар балалар алдымызда көліктер жолы бар

Оңға солға қарайық, жол белгісін табайық!

Дымбілмес: Таптым,таптым! Жол белгісі оң жағымызда тұр.

- жол бетіндегі «жолақша жол»белгісімен таныстырады.

Балалар қолдарындағы жалаушаны көтеріп,жол бетіндегі  «жолақша жол»үстімен жолдың келесі бетіне шығады.


Жолдың арғы бетінде «Жол белгілер елі»кездеседі.Бұл елдің мекенінің табиғаты көз тартарлық әдемі екен.Балалардың алдынан Инспектор апай қарсы алады киіп алдан шығады.


Инспектор апай: Мен негізгі жол реттеушісімін. Менің елімнің жолдарын, көліктерін белгілерін көріңдер.

Дымбілмес қуанып: инспектор маған балалар жолда қалай жүру керегін үйретті, мен енді жол ережесін бұзбаймын,велосипедті аулада тебемін,велосипедімді беріңізші.

Инспектор апай: Қазір сені тексеріп жіберейін.

-Мынау не?

-Бағдаршам.

-Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?

Жасыл түсі жанғанда жүреміз.

Жарайды үйреніпсің,білесің,ала ғой велосипедінді,енді жол ережесін бұзба


 Дымбілмес: Жарайды, инспектор апай рақмет сізге, балалар сендерге көп рақмет, маған көп нәрсе үйреттіңдер,шығып кетеді.

Инспектор апай:Мен сендерді мына белгілермен таныстырайын.

Белгілерді көрсетіп,әңгімелеп түсіңдіреді.


Инспектор апай балаларға ойын ойнатады.

Ойын «Бағдаршамның үш көзін орнына қою»

Инспектор апай: Балалар сендер келіп, мені қуанттыңдар,жол ережесін біледі екенсіңдер,естеріңе сақтандар.Мен сендерге әдемі сыйлық ұсынамын,сендер ылғи сыйлыққа қарап менім әдемі елімді еске алып отырасыңдар.

- Рақмет Инспектор апай балалар өте қуанышты,сізге келіп көп белгілер,ережелер үйрендік. Біз енді қайтайық.Сау болыңыз.

(Муз әуенімен балалар бақшаға келеді)

- Балалар, сендер бүгінгі сендер «Жол белгілер еліне» саяхатқа бардыңдар!Жолдан өту үшін бізге не қажет екен?

-дұрыс айтасыңдар!Ал енді сол бағдаршамды біз үш түрлі заттардан жасап көрейікші.Балалар сендердің кеуделеріңде қызыл түс ілініп тұрса,қызыл түсті әлеміне,сары түс ілініп тұрғандар-сары түсті әлемге,жасыл түс ілінсе-жасыл түс әлеміне барамыз. .(педагог тақтадағы бағдаршамдарға жапсыруды,ермексазбен жағу тәсілін,тіс пастасымен бояуды көрсетеді)Сендер дайын салынған бағдаршамның үш көзін үш түспен бояп,жапсырып,ермексазбен жағу керексіңдер!Қызыл әлемі бағдаршамның үш көзін көпіршікпен бояймыз,сары әлемі бағдаршамның үш көзін түрлі-түсті түймелермен жапсырамыз,ал жасыл әлемі бағдаршамның үш көзін ермексазбен сұқ саусақ арқылы жағу әдісін орындаймыз.







Балалардың жауабы.

Санжар:Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа

Бекзат:  Шофер біткен бүгінде.

Жол тәртібін біледі

Бағдаршамның түбінде

Ережемен жүреді.

Абай : Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Т. Інжу:Жол тәртібін білейік

Аман-есен жүрейік.

Ережені біз жаттап

Тәртіпті ұлан болайық!

- Ия білеміз.







-Балалар алаңында тебу керек.

-Спорт алаңында ойнау керек.

-Бағдаршамның үш көзі бар. Түстерін атайды.

-Жасыл түсі біздің досымыз,ол бізге әрқашан көмектеседі.

-Демеуші инспектор басқарады.
















-Жіңішке жол жаяу жүргінші.











-Сәлеметсіз бе Инспектор апай, біз «Айгүл» балабақшасынан келдік, біз сіздің елінізге саяхат жасауға келдік, еліңіз әдемі екен, біз сізге жету үшін көп жол қиылыстардан өттік,ережелерді жақсы орындадық, қоянда ережелерді үйренді.




















Балалар Дымбілмеспен қоштасады.







-бағдаршам


Балалар педагогты мұқия тыңдап,жұмысқа кіріседі.

Рефл.

корр.

-Ал балалар бүгін біз қайда бардық?

-Бізге топқа кім келді?

-Жолда қандай белгі көрдік?

-Қандай жұмыс атқардыңдар?

-Балалар сендерге рақмет, сендер қоянға жол ережесін үйреттіңдер,бүгінгі жұмыстарыңда өте тамаша,бағана аю берген сыйлықты сендерге ырзашылығымды біолдіріп,ұсынғым келіп тұр.Осымен біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

-«Жол белгілер еліне»

-Инспектор мен қоян

-бағдаршам



Балалардың жауабы,қуанышы.

Күтілетін нәтеже:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12