Ақтөбе облысы, Ақтөбе
қаласы
Канапиева
С.С
Тақырыбы: «Тату доспыз
бәріміз»
Білім
саласы: Әлеуметтік
орта,шығармашылық.
Бөлімі: Көркем
әдебиет,жапсыру.
Мақсаты:Балалардың ертегі
кейіпкерлерінің әр түрлі іс-әрекет үстінде көріну өзгешелігіне
қызыға назар аударуға дағдыландыру.Түстерді ажыратып,күннің шуағын
дұрыс жапсыруларын меңгерту. Достыққа,татулыққа,бауырмашыл болып
өсуге баулу,өзара татулық сезімдерін дамыту,достықты қадірлей
білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңберіне
тұрғызу.
Қуанамын мен
де,
Қуанасың сен
де,
Қуанайық
достарым!
Арайлап атқан
күнге!
Жұмбақ
жасыру:
Арайлап таң
атты,
Нұрлы сәуле
таратты,
Жарқырайды
күніміз.
Күлімдейді
жүзіміз
Айтыңдаршы
балалар,
-Бұл қай мезгіл
болады?
Балалар жұмбақтың шешімін
табады. (Таңертеңгі мезгіл)
-Бүгін бізде ерекше күн болып
тұр.Қараңдаршы балалар ,күн күлімдеп,жоғарыдан бізге сәулесін
аямастан төгіп тұр.Ендеше балалар,осындай ерекше күнде,біз ерекше
оқу іс-әрекет өткізейік.Балалар біз сендермен көп ертегілерді
үйрендік,ендеше білетін ертегілерді атап
шығайық.
-Шалқан,Бауырсақ,Әтеш пен тоты
құс.
-Тамаша,жарайсыңдар
балалар,олай болса мен сендерге ертегі оқып
берейін.
-Ертегіні балалар,қалай тыңдау
керекпіз?
Балалар:Ертегіні мұқият,тыныш
отырып тыңдау керек.
-Дұрыс айтасыңдар
балалар,ендеше ертегіні мұқият тыңдаңдар.
«Қоянның үйшігі» ертегісін
балаларға оқып беремін.
-Балалар,сендерге
ертегі
ұнады
ма?
Балалар:Ұнады.
-Балалар ертегі не туралы
екен?
Балалар:
Достық,татулық,аңдар
туралы.
-Дұрыс айтасыңдар
балалар,достық,татулық туралы.
-Ертегідегі қандай аңдарды
білесіңдер?
Балалар:
Қоян,аю,түлкі.
-Жарайсыңдар балалар,ендеше
осы ертегіні сахналап көрсетейік.
Балалар рөльдерге
бөлініп,ертегіні сомдап көрсетеді.
-Балалар біз қандай болуымыз
керек?
Балалар:
Тату-тәтті,дос болуымыз
керек.
Сергіту жаттығуын
орындайды.«Ұзын құлақ сұр қоян».
Балалар сергіту жаттығуын
жақсы көңіл-күйде орындайды.
-Ал енді балалар,қараңдаршы
күн шықты,бірақ та күннің несі жетіспейді?
Балалар:
Шуағы.
-Ендеше балалар сендерді
күннің шуағын құрастыруға ойынға
шақырамын.
Дидактикалық
ойын: «Күннің
шуағы».
Балалар киім қыстырғышымен
куннің шуағын құрастырады.
-Қараңдаршы балалар,күннің
шуағы жарқырап шықты.
-Ендеше балалар күннің шуағын
қағаз бетіне жапсырайық.
Балалар:
Иә,
жапсырайық
Көрме
ұйымдастыру.
Балалар жапсырған суреттерін
көрмеге әкеліп қояды.
Сергіту жаттығуын
орындайды. Сергіту жаттығуын іс-қимылмен
орындайды.
-Балалар,біз қандай ертегіні
сахналадық?
Балалар: Қоянның
үйшігі.
-Ертегі сендерге ұнады
ма?
Балалар:
Ұнады.
-Балалар,біздер қандай
болуымыз керек?
Балалар: Тату-тәтті,дос
болуымыз керек.
-Дұрыс айтасыңдар балалар
әрқашанда, бір-бірімізді сыйлап дос
болуымыз керек.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды
мадақтау.
Балалар ертегіні мұқият
тыңдап,сомдап шықты.Ойынға қызыға қатысып,күннің шуағын жақсы
көңіл-күйде жапсыра білді.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:Балалар достық,татулық туралы
түсініп білді
Игереді: Дайын кесілген суреттерді
қолданып,күннің шуағын жапсыруды түсініп
игерді;
Меңгереді:Достықты қадірлей білуді,
ұқыпты жұмыс жасауды меңгерді;