400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі"Ғажайып бөбек"балабақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне тәжірибе жинақтауғы мол мүмкіндік береді.Балаларды жаңа технологиялар арқылы жаңа заманға сай етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балапан” тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі




Тексерілді

____________________


Күні:30.11.2018ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені қоректенуі туралы түсінік беру.Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Жан-жануарларды қорғау оларға қамқор болуға тәрбиелеу, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:Зерек қалам,макет хайуанаттар бағы,дүрбі,жануарлар макеті.

Билингвалды компонент: Түлкі-
лиса-fox, аю-медведь-bear,қасқыр-волк-wolf

Мотивациялық-қозғаушылық:


Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай бүлдіршіндерім!

Здравстуйте ребята!

Good morning my friends!


Балалар бүгін бізде ерекше күн. Себебі бізде бүгін қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді,тәртіптеріңді көруге келді.Қонақтарға қандай білімді екенімізді көрсетейік.

Балалар бүгінгі көңіл - күйіміз қандай ?

Бүгінгі көңіл-күйлеріміз тамаша болса ендеше шаттық шеңберін құрайық.


Шаттық шеңбер.

Амансың ба алтын күн

Амансың ба көк аспан

Қайырлы күн достарым

Сіздерді көріп қуандым


Добрый день и добрый час

Очень рады видеть вас

Разрешите пожелать

Вам успеха и удач


Good morning,good morning,good morning to you !

Good morning our teacher!

We are glad to see you!

Марапаттау: Жарайсыңдар

Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын,біз өткен оқу қызметімізде «Қанатты достар» тақырыбын өткен болатынбыз. Балалар олай болса «Қанатты достар» тақырыбын толықтай меңгерген болсақ,аздап шолу жасайық.


(Құстардың атын суреттен көрсету.)

Жарайсыңдар балалар Құстар – табиғаттың көркі.Біз құстарға үнемі қамқорлық жасауымыз керек.


-Балалар бір сәт өлең жолдарын тыңдаңдаршы!

Өлең жолы.

Табиғатты қолдай біл

Аң құсын да қорғай жүр

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз

Табиғат бөлек демеңіз

Сол үшін жауап береміз.


Балалар бұл өлең жолында не туралы айтылған екен?(табиғат жайлы)

Балалар табиғат дегеніміз-ол бізді қоршаған орта. Табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.

Олай болса бүгінгі оқу қызметіздің тақырыбы осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі «Жабайы аңдармен»танысамыз.


- Балалар қазір,жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер ? (күн суытады,жапырақтар сарғайып жерге түседі)

Дұрыс айтасыңдар.Күз мезгілінде ағаштар қурайды,жапырақтар сарғаяды,күн салқындайды.Қалын киінеміз.

- Ендеше балалар, жабайы аңдар қайда болады?(хайуанаттар бағында)


Дұрыс, балалар олар орманда және хайуанаттар бағында мекен етеді. Біз оны жақыннан көру үшін және танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз

Балалар жабайы аңдар дегеніміз елсіз далада болады.Өз азығын өзі тауып жейді.Ол күнінің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді.


Хайуанаттар бағы дегеніміз не?

-Ол үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан – жануарлардың көптеген түрлері, әр түрлі құстар мекен етеді.


Біз оның барлығын көріп, аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде, теледидардан көріп жүрген жбайы аңдармен ғана танысамыз.

-Ол жақта қандай жануарлар мекен етеді екен?(аю,қасқыр,түлкі,қоян,жолбарыс)

-Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады - деп ойлайсыңдар?(торда тұрады)

(Хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік ережелерін балаларға ескерту).

-Ал,енді, балалар хайуанаттар бағына баруға дайындалайық.

Балалар қайда барамыз?(хайуанаттар бағына)

Балалар ең алдымен қонаққа маймылды шақырайық

Бізге хайуанаттар бағына бару үшін билет керек. Ол билетті мен сендерге дайындап қойдым.

(Билетті таратып беремін).

Балалар сендерге жануарларды алыстан бақылайтын құрал беремін.(дүрбі)


Хайуанаттар бағына жаяу өлең жолын айтып барамыз.


Алақанды соқ – соқ,

Аяғымыз топ – топ

Көзді ашып жұмамыз

Хайуанаттар бағына тап боламыз.


-Балалар, қараңдаршы! біз міне хайуанаттар бағына да келіп қалдық.

Ол аңдардың барлығы қайда кеткен?


Бұл аңдарды табу үшін мен сендерге тапсырмалар беремін.

1. Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады.

аю

- Аю немен қоректенеді.( Бал ,балық жейді.)

-Балалар аю қыс бойы не істейді?( Ұйықтайды.)

-Аю қалай жүреді?( Қорбаңдап,маймаңдап жүреді.)

-Аюдың баласын қалай атайды?( Қонжық)

-Аюдың түсі қандай болады?( Қоңыр )


2.Өзі бір қу

Жүрген жері айқай да шу.

түлкі

Түлкі немен қоректенеді? (Тышқан,қоянды сүйсініп жейді.)

Оның түсі қандай? (Қызыл-сары)

Түлкі неге ұқсайды?( Түлкі итке ұқсайды. )

Оның баласын қалай атайды? (Түлкішек)

Түлкінің терісі бағалы. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі.

3. Сұр түсті

Ақсиған көп тісті.

қасқыр

Қасқыр немен қоректенеді?( Мал жейді және қоян аулап жейді.)

Ал оның түсі қандай? (Сұр)

Баласын не деп айтайды?( Бөлтірік)

Қасқыр қандай аң?(жыртқыш аң)

Балалар барлығымыз шаршадық па?

Сергіту сәті.

Қолымызды көтереміз

Қолымызды түсіреміз

Қол белде

Төмен отырамыз

Тұрамыз


Руки вверх,

Руки вниз

Руки на бедрах

Сядьте

Встаньте


Hands up,

Hands down ,

Hands on hips,

Sit down

Stand up.


Өте жақсы, балалар біз барлық тапсырмасы орындадық.

Олай болса тобымызға қайтамыз.

Алақанды соқ – соқ,

Аяғымыз топ – топ

Көзді ашып жұмамыз

Тобымызға қайтамыз.

Балалар олай болса арыстанға рахмет айтамыз.


Балалар біз хайуанаттар бағында көрген жануарларды зерек қаламның көмегімен үш тілде атаймыз.Зерек қалам бұл отандық өнім.

Жарайсыңдар балалар!


Балалар қызықты ойын ойнаймызба?

Балаларға доп лақтыру арқылы сұрақтар қою.

Аюдың баласы?

қонжық

Қасқыр баласы?

қасқыр

Түлкінің баласы?

түлкішек

Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Жабайы аңдар туралы біледі.

Нені игереді:Берілген сұраққа жауап беру.

Нені біледі:Жабайы аңдардың тіршілік ету мекенін білді.


Рефлексивті-түзетушілік:Қорытынды

-Біз бүгін қайда бардық?(хайуанаттар бағына)

-Хайуанаттар бағындағы саяхатымыз сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі