Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі:Төрт түлік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы :Төрт түлік Бөлімі:Жаратылыстану Мақсаты: Қазақстанда қолда өсірілетін түлік түрлері, үй жануарларына күтім жасау, олардың тіршілік қалпы туралы түсініктерін кеңейту. Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту. Жануарларға қамқор көзқарас, өзгелерге көмектесуге əзірлік, туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілік сезімдерін тəрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Салиева Б.Н

Күні: 15.10.2021 ж

Тақырыбы: Төрт түлік

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Мақсаты: Қазақстанда қолда өсірілетін түлік түрлері, үй жануарларына күтім жасау, олардың тіршілік қалпы туралы түсініктерін кеңейту. Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту. Жануарларға қамқор көзқарас, өзгелерге көмектесуге əзірлік, туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілік сезімдерін тəрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Үй жануарлары» тақырыбына суреттер, интерактивті жабдық.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары –домашние животные
Билингвальді компонент: Сиыр-корова,жылқы- лошадь,түйе-верблюд,қой-овец,ешкі- козы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.




















2. Негізгі кезең.














Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын деп едім, жауабын табасыңдарма?



Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. Бұл не екен, балалар?


-Дұрыс, балалар. Ендеше келесі жұмбақтың шешімін

табыңдар:


Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар?

-жарайсыңдар, балалар.


-Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар. Ал осы жұмбақтың шешуіндегі қой, түйе, қайда мекен етеді?


-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар түйені, қойды, ешкіні және сиыр мен жылқыны ата бабаларымыз «Төрт түлік мал» деп атап кеткен. Мына суретке қараңдаршы, ненің суреті?


-Сиырдың төлі қалай аталады?


-Жарайсыңдар балалар. Сиырдың адамдарға пайдасы барма? Оған қалай күтім жасайды?


-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Сиырдан сүт аламыз, одан қаймақ,май,сүзбе,құрт жасайды екен. Балалар сиырды әукім-әукім деп шақырамыз. Кәне қайталайықшы.


Сиырдың атасын – Зеңгі баба деп атайды.


-Келесі суретке назар аударыңдар, бұл ненің суреті?


-Иә, бұл жылқы. Ол қандай жануарға жатады? Оның төлі қалай аталады?



Балалар шаттық шеңберге тұрып  бірге  өлең жолдарын  қайталайды.


-иә, табамыз





-Қой





-Түйе






-олар үй жануарлары



-Сиырдың суреті


-Бұзау


-Пайдасы бар, одан сүт, қаймақ, май, ірімшік,құрт аламыз. Сиырға су береді, жем, шөп береді.


-Әукім – әукім

-Жылқы

-Ол үй жануарына жатады. Оның төлі құлын деп аталады





































3. Рефлексия.


-Иә, бұл жылқы. Ол қандай жануарға жатады? Оның төлі қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жылқыдан сүт аламыз, одан қымыз жасалады, және жылқыны ертеде көлік ретінде пайдаланған. Жылқыға су, жем, шөп береді. Жылқының атасы – Қамбар ата деп аталады. Жылқыны құрау – құрау деп шақырады екен. Кәне қайталайық.

-Ал мына суретте не бейнеленген?

-Қойдың төлі қалай аталады? Оның адамдарға пайдасы барма?

-Өте жақсы, балалар. Қойдың атасы – Шопан ата дейміз. Жайылып жүрген қойды пұшайт – пұшайт деп шақырады екен. Кәне қайталайық.

-Балалар таңертен балабақшаға келе жатып,хат тасушыны кездестірдім.Бұл хатты бізге Әли мен Айяның әжесі жолдапты.Сендерге оқып берейін(тәрбиеші балаларға хатты оқып береді)

Ғажайып сәт

Есік қағылады. Әли мен Айяның әжесі келеді. Балалар амандасады.

Тәрбиеші:әжеміз немерелеріне тосын сый жасап келіп қалды. Әже шаршаған шығарсыз сәл демалып алыңыз

Ал балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Дыбысын тап». Қазір мен сендерге төрт түлік малдың дыбысын қосамын, сіздер қай малдың дыбысы екенін табуларыңыз керек.

-Өте жақсы, балалар. Ал енді, балалар серігіп алайық:

«Қуыр,қуыр қуырмаш»

Әже: жақсы балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Төлін тап». Мына үстелдің үстіндегі суреттердің арасынан төрт түлік малдың төлін тауып, қасына апарып қою керек.

-Жарайсыңдар, балалар.Әже, осы төрт түлік малға қатысты ата – бабаларымыз тыйым сөздер айтқан.Сол тыйым сөздерді балаларымызға айтып бересіз бе?

Әже: әрине айтып берем.«Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»

-Енді мен осы немере балаларыммен бірге, немерелемізге атасы екеуміз үйреткен «Қошақаным»әнін бірге айтсақ қалай қарайсыздар?

Тәрбиеші:балалар айтамыз ба бірге?

Әже: Олай болса онымыздан тұрып бірге ән шырқайық

-Жарайсыңдар балалар

Әже: Жарайсыңдар балаларым.Сендерге арнап ауылдан алып келген сыйлықтарым бар. Балаларым сендерге өте риза болдым,менің немерелерімнің достары өте ақылды екен атасына айтып беремін.Енді мен кетейін.Сау болыңдар балалар.

-Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?


-Балалар, біз қандай жануарлармен таныстық?

-Балалар, үй жануарларынан «төрт түлік малға» қандай жануарлар жатады екен?

-Олардың адамдарға қандай пайдасы бар екен?

-Балалар, сендерге ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарына рахмет




-Құрау – құрау



-Қой

-Қойдың төлі – қошақан, қойдың жүнінен киіз жасайды, жіне қолғап, шұлық тоқиды

-Пұшайт – пұшайт




-Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы











-Тәрбиешімен іс-қимылдарды қайталайды


Ойын ойнайды

 -«Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»



-Бірге ән шырқайды

- Сау болыңыз



-Ия

-ұнады

Үй жануарларымен

-Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе

-Сүт аламыз, етін жейміз, қойдың жүнінен шәлі тоқылады


-балалар куанады



Күтілетін нәтижелер:
жасайды: үй жануарларының атауларын түсінеді: төрт түлік малдың төлдерін атауды игерді. қолданады: Төрт түлік малдың пайдасын, адамдардың оларға күтім жасайтынын меңгерді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.11.2021
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі