|
Мотивациялық
–қозғаушы:
|
Балалардың назарын топтағы
бөлме гүлдеріне аудару:
Сондықтан оларды
бөлме өсімдіктері деп атайды. Бөлме өсімдіктері ауаны
тазартады.
|
Тәрбиеші сұрақтарына жауап
береді.
|
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
-
-Қазір мен бір өсімдікті
сипаттаймын, ал сендер қандай өсімдік екенін
табыңдар.
-
Жапырақтары сопақша, үлкен,
түсі қою жасыл. Бұл қай өсімдік? (фикус гүлін
көрсетеді).
-
-Бүгін сендерді жаңа бөлме
өсімдігі – хош иісті қазтамақпен таныстырамын. Қазтамақтың сабағы
жасыл, шырынды, сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары
өседі. Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады,
бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп
кездеседі.
Билингвалдық компонент: өсімдіктер – растения,
өсімдіктер-plants;
жапырақтар – листья,
жапырақтар-leaves;
сабақ – стебель,
сабақ-stem.
Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің
хош иісі».
Сергіту сәтін
өткізу.
Біз гүлдерше
өсеміз,
Жапырағы
жайқалған.
Сабақтары
салалы,
Жел күшімен
шайқалған.
-
-
Балалар, қазтамақтың фикустан
айырмашылығын қарастырайық.
-
Фикус қандай күтімді қажет
етеді? Жапырақтарындағы шаңды немен
сүртеді?
-
Не үшін жапырақтардағы шаңды
сүртеміз?
-
Өсімдіктерді қалай суару
керектігін көрсетіңдерші.
-
Су құйғыштың тұмсығын гүл
ыдысының шетіне салып, суды шашыратпай суару керек. Бөлме
өсімдіктерін қалай күтіп-баптау керектігін
түсіндіреді.
Таңғажайып сәт. Ескі қағылып,
бөлмеге дәрігер Салауат кіреді.
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен
мейірімді Салауатпын. Таңертең маған көжектер келіп, құлақтарының
ауырып тұрғанын айтып еді. Ал менің дәрі салғышымда дәрілер
таусылып қалыпты. Балалар, сендердің топтарыңда дәрілік өсімдіктер
бар ма?
-
Балалар, сендерге үлкен
рақмет! Сендер маған көмектестіңдер, енді мен өз достарымды емдеп
аламын. Сау болыңдар!
Логикалық ойын: «Ойлан
тап!»
Мақсаты: есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Шарты: берілген гүлдерді
жапырақтарымен сәйкестендіреді.
|
Айтылған сипаттама бойынша
фикусты табады.
Мұқият
тыңдайды.
Қайталайды.
Қазтамақ гүлінің иісін иіскеп,
тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Қазтамақ пен фикусты
салыстырады. Сабағы мен жапырақтары әртүрлі екенін
айтады.
Үш тілде
қайталайды.
Тыныс алу жаттығуын барлығы
орындайды.
Сергіту жаттығуын орындайды
(қолдарын жоғары көтереді, шайқалады
т.б.).
Фикус гүлінің жапырақтарын
сулы шүберекпен сүртеді
Қазтамақ пен фикусты күту
жолдарын айтады.
-Гүлдің жапырақтары ауаны
тазартады.
Дәрілік өсімдіктер бар екенін,
оның ішінде қазтамақтың атын айтады.
Балалар дәрігер Салауатқа
қазтамақ гүлін береді, онымен қоштасады.
Тапсырманы
орындайды.
|
|
Рефлексивті-
коррекциялау-шы:
|
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу
қызметінде алған білімдері
қорытындыланады.
- Сонымен бүгін не туралы
әңгімелестік?
- Гүлдердің пайдасы бар
ма?
- Гүлдерді қалай күтеміз
?
|
Сұрақтарға жауап береді.
Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
- гүлдер
туралы.
- бар , ауаны
тазартады.
Су құямыз, шаның
сүртеміз.
|