Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Ерте жас топ «Балапан».

Материал туралы қысқаша түсінік
1,5-2 жас балаларымен жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Ерте жас тобы «Балапан»

(1,5-2 жас)


Білім саласы

Коммуникация

Мақсаты

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Көркем әдебиет


Білімділігі: Тазалық заттары туралы көрсету және әңгімелеу арқылы түсінік беру.

Дамытушылығы: Тазалық заттарын танып, айта білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тақырыбы

«Тазалық құралдары»


Әдістер

көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, жұмбақ жасыру, сергіту.


Көрнекіліктер

Тазалық заттарының үлестәрмелі суреттері (сабын, тарақ, сүлгі, айна, су)


Сөздік жұмыс

Тарақ, сүлгі


Әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрады.

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарқырасын

Судай мөлдір көңіл күймен

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Тазалық құралдыры»

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

-Есік ашылады. Беті аузы лас қыз бала жүгіріп келеді.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Саламатсыңба!

-Қайдан келесің, сен кімсің? Бетіңе, қолыңа қарашы саған не болған лассың ғой?

-Мен Айгүлмін, ештеңе болған жоқ.

-Балалар қараңдаршы мына кішкентай Айгүлдің беті қолы бәрі лас болып қалыпты, соны жуып тазалап берейік.

Айгүлдің бетін жуу үшін не керек деп ойлайсыңдар?

-Су, сабын, орамал т.б керек.

- Міне қараңдаршы Айгүлдің беті таза болды, шашы дұрысталып беті ағарды.

-Қандай болды?

Біз үнемі беті қолымызды таза ұстаймыз, шашымызды тарап жүруіміз керек.

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жұмбақтың шешуін табыңдаршы.

-Дымқылдап күнде сен

Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір-ласың

Тап-таза боласың. Бұл не? (Сабын)


-Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолын да

Сүртеді жонын да. Бұл не? (Сүлгі)


-Иілсең иіліп

Түйілсең түйіліп

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)


-Аузы жоқ, көзі жоқ

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақ та тісі бар

Шашыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)


Сергіту сәті

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын

Шашымды тараймын

Тап-таза боламын.

Рефлексивтік-жинақтаушы

Топтастыру. Топ заттардың ішінене тазалыққа керекті заттарды тауып көрсету және атын айтқызу.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Таза болу үшін не керек екенін біледі

Түсінеді

Тазалық заттарының аттарын түсінеді

Қолдана біледі

Жұмбақтарды шешіп заттарды тауып қолданады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1001
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12