Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы І кіші топ «Саңырауқұлақтар». «Табиғат аясында»

Материал туралы қысқаша түсінік
2-3 жастағы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналады.Бұл жұмысымда түрлі жаңа технологиялық әдістерді пайдаландым.СТО және Тәй-тәй т.б
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

І кіші топ «Саңырауқұлақтар». «Табиғат аясында»

Білім саласы

Таным

Мақсаты

Ұйымдастырыл

ған оқу қызметі

Сенсорика

Үш түрлі көлемді

(үлкен, орташа, кішкентай) заттарды салыстыруды үйрету. Ауызекі сөйлеу тілдерінін, ұсақ қол маторикасын дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Тақырыбы

«Аққала»

Әдістер

Әңгімелесу, Тәй-тәй технологиясы, сұрақ-жауап, ойын, құрастыру т.б

Көрнекіліктер

Үлгі суреттер және бейнелеу,

құрылыс материалдары, слайд

Сөздік жұмыс

Аққала, қар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау»

Шаттық шеңбері: Балалар, бүгін не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақты сипаттап шешу арқылы білетін боламыз. Тәрбиеші аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық пішіндерден құралғанын айтады. Аққаланың негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасалатынын айтады.

«Аққала» - қардан жасайтын қар адамын аққала дейміз. Қардан тек қана аққала емес басқа да мүсіндер жасауға болады.

«Аққала» дид.ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы т.б суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
- Балалар жылдың қай мезгілі?

- Қардың түсі қандай?
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, жылы киініп, аулада қардан аққала жасап ойнаймыз.







Балалардың жауаптары......

-Аққала



Балалардың ойынға қызығушылық тары артады. Балалардың жауаптары......



Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, хоккей ойнаймыз.т.б


Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

ІІ. Мағынаны тану.

Ғажайып сәт: Сол кезде топқа Аққала келеді.
- Қараңдаршы балалар, бүгін бізге қонаққа Аққала келіпті. Аққала балалармен амандасады.

Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен ақшақарлар елінен келдім.Мен сендерге арнайы тапсырмалар әкелдім.

Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті. Қане, олай болса Аққаланың әкелген тапсырмаларын орындаймыз ба? Балалар 3 орталыққа бөлінеді. Тәрбиеші әр орталықтың тапсырмаларын түсіндіреді. Балалар тәрбиешілерімен біріге өз орындарынан орындайды.

  1. «Ғылым» орталығы

Мақсаты: Балаларды табиғаттағы заттармен, құбылыстармен таныстыру, түсініктер іздестіруге үйрету. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке, табиғатты сүюге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Міндеті: өз тәжірибесі арқылы заттарды бір-бірінен ажыратуға үйрету.

Қажетті құралдары: Ыдыстағы қар, жылы су, түрлі-түсті бояулар.

Тапсырма: «Қарды зерттеу»

- Енді осы Аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік.Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.

2. «Өнер» орталығы

Мақсаты: Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. 
Міндеті: Түр-түстерді дұрыс қабылдауға үйрету. Ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдары: қағаз, қайшы, бояу, бояу қарындаш, фломастер, гуашь, түрлі-түсті құм,ұн, ермексаздар.

Тапсырма: Ұнға Аққала суретін салу. Қағаздан умаждап Аққала жасау. Аққаланы желімсіз жапсыру. Ермексаздан Аққала мүсіндеу.

3. «Таным» орталығы.

Мақсаты:  әр түрлі көлемдерді, пішіндерді пайдалана отырып, өз бетімен қажетті үлкен және кіші бөліктерді таңдап алуына ықпал жасау.

Міндеті: Бөліктермен жұмыс істей отырып, ұғымдарды меңгерту: көлем, салмақ, кеңістік. Әр түрлі көлемді, салмақты бөліктермен әрекет жасауға, оларды теңестіруге үйрету. Бір-бірімен сөйлесу арқылы баланың сөздік қорын молайту.

Тапсырма: Аққаланың қандай пішіндерден құралғанын, дене бөліктерін атап, түстерін ажырату.

Сергіту сәті: «Кандай пішін жетіспейді?» дид/ойыны.

О/мақсаты: зеректікке,

шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң, балалар көзін жұмып, тәрбиеші бір пішінді жасырады. Сәлден соң, балалар көзін ашып, қай пішін жетіспейтінін анықтауы керек.

«Өз үйіңді тап» дид. ойыны.

О/мақсаты: логикалық ойлауын, ұсақ қол маторикасын дамыту.

Шарты: балаларға үлестірмелі материалдар таратылып беріледі. Тапсырма әр бала өзінің үйіне сәйкес пішінді апарып қояды.

Аққала балалармен қоштасады.






Балалар Аққаламен амандасады.

Оған таңқала қарайды.

Аққаланың тапсырмаларын орындауға келіседі.

Балалар орталықтарға бөлініп отырады.

Орталық тәрбиешілері тапсырмаларды орындауға жетекшілік етеді.







1.Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Жұмыстарын тәрбиешісімен біріге қорғайды.















2.Міне, балалар біз аққаланы құрастырдық, енді біздер Аққалаға сыйлыққа аққалаларды жапсырып берейік.

(Ұжымдық жұмыс)













3.Балалар тақтаға шығып Аққаланы қағаздан құрастырып бөліктерін атап береді.















Балалардың ойынға деген қызығушылық

тары артады. Қандай пішін жасырылған ын табуға тырысады.

















Балалар Аққаламен қоштасады.

Рефлексивтік-жинақтаушы

ІІІ.Ой толғаныс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

Аққаланы неден жасаймыз?

Қай мезгілде жасауға болады?

Оның пішіні неге ұқсайды? Қардың түсі қандай?

Неше бөліктен тұрады? Мадақтау оқу қызметті қорытындылау.


Балалар қорапшаның қырындағы сұрақтарға қызыға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Балалар қыс мезгілі, аққала туралы, үш түрлі көлемді (үлкен, орташа, кішкентай) заттарды салыстыруды

Түсінеді

Аққаланы неден жасауға болатынын түсінеді.

Қолдана біледі

Әр орталықтың жұмыс істеу ережесін білді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
561
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12