Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы ІІ кіші топ «Гүлдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 жас тобымен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған.Білім салалары кіріктірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ- кіші топ. «Гүлдер»

«Балабақша» «Біздің табиғат бұрышымыз»


Ай апта


Мақсаты

Білім салалар

Коммуникация

Топтағы тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым табиғат құбылыстарын бейнелеуге баулу.

Кіріктірілген білім саласы

Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сөйлеуді дамыту. Сурет салу

Тақырыбы

«Біз табиғат жанашырларымыз» (серуен)

«Жау, жау жаңбыр»

Әдістер

Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауаптар.

Көрнекіліктер

Слайд арқылы, жаңбыр тамшысы суреттері

Қос тілділік

Природа –табиғат,Дождь-жаңбыр.

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушылық

1.Шаттық шеңбері

Армысыз, қайырымды –Аспан ата!
Армысыз, мейірімді-Жер ана!
Армысыз, шұғылалы-Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн


Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

2.Әңгіме жүргізу. Қонаққа қуыршақ Әйгерім келді. Оған табиғат бұрышымызды таныстырайық.

-Балалар, барлығымыз назарымызды Әйгеріммен бірге табиғат бұрышына аударайық. Табиғат бұрышында не бар?Дұрыс айтасыңдар табиғат бұрышында гүлдер, аквариумда балықтар және құстар бар.Бұлардың барлығы тірі табиғат. Гүлдер су құймасаң, құстар мен балықтарға жем бермесең олар өліп қалады. Сондықтанда уақытында гүлдерге су құйып жапырақтағы шаңдарын сүртіп тұруымыз керек. Балықтардың суын ауыстырып, жемін беріп, құстардың су мен жемін беріп тұрумыз керек.Сонда ғана бұлар тіршілігін жалғастырып тұрады.

3. Ғажайып сәт.

Жаңбырдың дыбысы шығады.

-Балалар ненің дыбысы?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл жаңбырдың дыбысы. Жаңбырдың жауғаны табиғаттағы тіршілік атауына пайдасы өте зор. Жаңбырдың суы арқылы даладағы өсімдіктер, судағы балықтар және құстар тіршілік жасайды. Балалар қуыршақ Әйгерімге естелікке сурет салып берейікші. Балалар орнымызға отырып, жаңбырдың суретін салайық.Салмастан бұрын саусағымызға жаттығу жасайық. Жай жаңбырдың дыбысы арқылы үстелді жай ғана тырсылдатамыз, қатты жаңбырдың дыбысына, үселді қатты тырсылдатамыз.

Балалар алдарыңда ақ қағазда бұлттың суреті бар соған жаңбыр тамшыларын саламыз. Қылқаламды көк бояуға малып, жоғарыдан төменге қарай түсіріп, жаңбырды шашырата көп етіп саламыз.Балалар салған суреттерінің ішінен ең әдемі салынған жұмысты қуыршақ Әйгерімге сыйлайды.Әйгерім балаларға рахмет айтып қоштасады.

4.Сергіту сәті.

«Күн мен жаңбыр»

Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші «Күн» деген кезде балалар ойнап жүреді, ал «Түн» дегенде, балалар қолшатыр астына тығылады.

5.Дидактикалық ойын: «Суретші нені ұмытты?»

Қуыршақтың дене мүшелерін көрсету, суретшінің нені ұмытқанын сұрау. Ұсақ моторикаға жаттығу: Қиылған парақшалардан адамның дене мүшелерін құрастыру.

Рефлекциялық- түзетушілік

Бүгінгі оқу іс-қызметін сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

Балалардың салған суреттерін мадақтайды. Жұмыстарын топтағы балалар шығармашылығы бұрышына іліп қояды.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Табиғат бұршындағы тіршілік атауын атай біледі

Түсінеді

Гүлдердің, балықтардың, құстардың ерекшелігін сезініп, оларға қалай күтім жасау іс-әрекет дағдыларын түсінеді.

Қолдана біледі

Гүлдер, балықтар, құстар табиғаттың бір бөлігі екенін меңгереді.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12