жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі."Қызыл кітап құпиясы"
Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.
Мақсаты Қызыл кітап туралы түсінік беру,оның маңызы туралы түсіндіру.
Міндеті :
Қазақстанда жойылып кету қауіпі төніп тұрған жануарлар,құстарға,жәндіктерге тоқталып,"Қызыл кітап"туралы түсінік беру.
Қызыл кітапқа енген,сирек кездесетін жануарларды қорғау шаралары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы :сирек кездесетін аңдар.
Полилингвиалды компонент: Қызыл кітап- Красная книга- Red data book
Көрнекілік: жануарлардың суреттері,слайдтар,үнтаспа."Сен білесің бе?" "Жануарлар әлемі" атты кітапшалар.
Қолданылатын әдістер: әңгіме,баяндау,көрсету,сұрақ-жауап,тақпақтар,ойын технологиясы,өзіндік жұмыстар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші :Балалар,бізде бүгін ерекше күн.Бізге қонақтар келіп отыр.Енді табиғатымызбен амандасайық.
Табиғат біздің- анамыз
Жер-ана-біздің панамыз
Таза болса табиғат,
Бізде аман боламыз
Амансың ба,достарым?
Қайырлы таң қонақтар!
Тәрбиеші :Міне алтын күн бізге шұғыласын шашып тұр,топ іші әдемі,әсем,жарық,бәріміз де,бізді айнала қоршаған орта да сондай көңілді.
- Балалар айтыңдаршы бізді қоршаған ортаны біз қалай атаймыз?(Табиғат)
- Табиғат нешеге бөлінеді?(Өлі және тірі)
- Неге тірі табиғат дейміз?(Тірі табиғат өседі,көктейді,көбейеді)
- Неге өлі табиғат дейміз? (Өлі табиғат өспейді,көктемейді,көбеймейді)
Тәрбиеші: Адам табиғатқа қамқорлықпен қарау керек.Табиғатта өзімізді қалай ұстайтынымызды және тыйым сөздерді еске түсірейік!
Ойын:"Сөйлемді аяқта"
Мәтін не тиым сөзді оқу.Балаларға, адамзат үшін табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.
Қоқысты...кез-келген жерге тастама,арнайы қоқыс жәшігіне сал!
Жануарларға...зиян келтірме,қамқорлық жаса!
Құстарды...өлтірме, ұя жасап қамқорлық көрсет!
Өсімдіктерді...жұлма!
Суды...ластама,керісінше қоқыстардан тазарт!
Табиғат аясында...жерге түкірме!
Суға...түкірме
Суды... суды лайлама .
Бұлақты... былғама.
Орманды... өртеме.
Жалғыз ағашты...кеспе.
Шалғынды...баспа.
Гүлді...үзбе.
Құстың ұясын...бұзба!
Жәндіктерді...жәбірлеме!
Құмысқаның илеуін...бұзба.
Ұларды...шулатпа.
Тәрбиеші:Рахмет,тиым сөздерді біледі екенсіңдер.
Осы кезде әуен ойналады.
Қызыл кітап:Ей,адамдар күн мен гүлден жаралған
Отсезім мен мейірім содан таралған
Табиғат пен тіршілікті қорғаңдар
Бар жақсылық табиғаттан жаралған
Сәлеметсіз бе,балалар!
Қызыл кітаппын жануарларды қорғайтын
Өсімдікті аман сақтап қалатын
Білесің бе,қызыл кітаптың сырларын?
Келеді менің осы жайлы тыңдағым
Тәрбиеші: Білесіңдер ме,балалар ғалымдар зерттеу жасап бір өсімдік жойылса жануарлардың 30 түрі жойылатынын байқады.Сондықтан оларды сақтау үшін мына "Қызыл кітапқа" енгізді.Ол жойылып бара жатқан аң-құстарды,өсімдіктерді қорғап,оларды аулауға тиым салады.
Балалар қызыл кітап туралы кім тақпақ біледі?
Аида
Ата "Қызыл кітапқа"
Жолбарыста тіркелген
Дейді соны бірақта
Түсінбедім бірден мен
Жолбарыс-бір қызық аң
Кезікпейді әр елде
Терісіне қызығар
Аңшылар көп әлемде
Иманғали
"Қызыл кітап" шындықты
Айтуға да арналған
Жою керек сұмдықты
Жойылмасын бағалы аң
Қорғау керек аңдарды
Бара жатқан сиреп көп
"Қызыл кітап" ал мына
Жұртты соған үйретпек
Тәрбиеші: Жануарлардың саны неліктен сиреп азайды деп ойлайсыңдар?
Балалар:
Браконерлер тері еті және дәрі жасау үшін атып алады.
Ормандағы ағаштарды кесіп,өсімдіктерді жұлады.
Адамдар су қоймасын жасап өзендер құрғады.
Орман орнына жаңа қалалар салынып жатыр,жануарлар мен құстар жаңа орта іздей бастады.Қалдық сулар құйылып балықтар жойылады.Мұнай төгілді.Орманда қоқысты жерлер көп.
Тәрбиеші: Иә,дұрыс айтасыңдар балалар.Адам табиғаттан қанша алсада,таусылмайды,бәрі өз-өзінен қалпына келеді деп ойлайды.Бірақ қателескен екен.Кейбір жануарлар толық жойылды.ал кейбіреуіне жойылып кету қаупі төніп тұр.
Тәрбиеші:Қызыл кітап жойылып бара жатқан аңдарды қорғауға шақырады.Жойылу қаупі болса ескертеді,ақылын айтады.Балалар, егер сендерге сирек кездесетін жануарлар туралы кітап жасаңдар десе қандай түс таңдаушы едіңдер?Неге?
Балалар: Қызыл түс қауіптің белгісі.
Тәрбиеші:Қандай қызыл түсті сигналдар сендерге өмірде кездесті?
Балалар: бағдаршам,өрт сөндіру машинасы,белгілер
Тәрбиеші:Дұрыс,қызыл түс адамды тоқтады.Тоқтаңдар!Ойланыңдар!Қызыл кітап бұл- қауіп-қатер дабылы.Қазақстан Үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.Осы жылы 40 жыл болыпты.
Тәрбиеші:Балалар,жануарлар мен құстарды тағы қалай қорғауға болады?
Балалар:Қорықтарда
Тәрбиеші:Қорық дегеніміз не?
Балалар:Қорық- өсімдіктер мен жануарлар ерекше қорғалатын аймақ.Қорық аймағындағы жануарлар мен өсімдіктерді жоюға,зиян келтіруге тыйым салынады.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстар қорықтарда қорғалады.
Тәрбиеші:Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?
Балалар:10 мемлекеттік қорық бар.Олар:Қаратау,Қорғалжын,Наурызым,Батыс Алтай,Марқакөл,Алакөл,Алматы,Ақсу-Жабағылы,Барсакелмес,Үстірт Қорықтары.
Тақтада жұмыс:Қазақстан қорықтары.
Дидактикалық ойын:"Не қайда мекендейді?"
Мақсаты:жануарлардың тіршілігі туралы білімдерін бекіту.Балалар жануарлардың суретін таңдап алады,топтың ортасында жануарлар мекен ететін жерлер (су қоймалары,таулы,орманды,шөл дала).Әуенмен қозғалыс жасап жүреді.Ал әуен тоқтағанда балалардың қайда мекекндейтінін тауып орнын табады.
Тәрбиеші: Балалар тамаша Қазақстандағы жануарларды қай жерде тіршілік ететінін біледі екенсіңдер.Қазір сирек кездесетін жануарларды сипаттама бойынша тауып көріңдер.
- Шөл даланы мекендеп,
Жүгіреді секеңдеп
Құйрығы ұзын шашақты,
Аяғы көп саусақты
Түнде іздеп керегін
Інге жинар қорегін (Қосаяқ)
-Арқар - тау ешкісі,түсі қоңыр,сұр,мүйізі ірі,бұралып иілген,айшықты болып келеді.Тау тасты мекендейді.Денесі сымбатты,қимылы жылдам.Басты жауы- қасқыр мен браконерлер.Дәрілік шөптердің гүлдерін ғана теріп жейді.Сондықтан еті дәмді болған соң және мүйізі үшін көп ауланып,қазір саны өте аз,қорғауға алынған.
Жапырақ жоқ бұтасында
Қос емен өсіп тұр бір бұтағында (Бұғы)
Сергіту сәті: "Бұғының үйі үлкен"
"Сұрақ менен ,жауап сізден" Қызыл кітаптың тапсырмасы
1. Қытайда ас даярлау үшін,Үндістанда тері үшін,Бирмада уға қарсы дәрі дайындау үшін ауланады. (Жылан)
2. Қай аңды орман санитары деп деп атайды? .(қасқырды, өйткені ол өліп қалған аң құстардың етін жеп,орманды тазалайды.Сондықтан оны бейберекет атып,көзін жоюға болмайды)
3.Металмен қапталған кемені тұмсығымен тесіп өтетін балық (Семсер балық)
4.Қызғалдақтың отаны қай ел? (Қазақстан)
5. Әлемдегі ең жылдам жүгіретін аң(Гепарт,қабылан,gheetah-чиита)
6. Суда жүзетін құстарды қорғауға арналған қорық? (Қорғалжын қорық)
7. Дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат,Қызылқаз деп те аталады.Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялайды. (Қоқиқаз)
Тәрбиеші: Дұрыс, осы қоқиқаз, Фламинго- латын тілінде жалын от деген ұғымды білдіреді.Қоқиқаздарды көрген жан бақытты адам болады екен.Қоқиқаз бүкіл өмірін тік тұрып өткізеді,ұйықтасада бір аяғымен тұрады.Ұйқы кезінде ұзын мойны бұратылып, басы арқасына,тұмсығы қанатының астына жасырылады.Тобымен ұйқыға кетеді,бірақ әлсін-әлсін біреуі,сосын екіншісі басын көтеріп,маңайды шолып қарап қояды.
Бүгін біз әдемі табиғат сұлулығын сақтап қоқиқаздарды әртүрлі тәсілдермен бейнелейік.Қызыл кітап сізге сыйлық жасап бергіміз келеді.
Шығармашылық саласында жұмыс,топтық жұмыстар
1. ұнтақ жармасымен салу
2. пуантилизм тәсілімен салу
3. аппликация
4. көбікпен салу
Сабақты қорытындылау
1. Балалар, бүгін сендер не туралы білдіңдер? Саған қандай тапсырма ұнады?
2. Сендер қоқиқазды қандай тәсілдермен салдыңдар
3.Балалар қай досының,топтың жұмысын мақатар едің?
Рефлексия
- Барлығың бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.Жарайсыңдар!Енді балалар, көңіл-күйлерің қандай екенін суреттерден таңдап алып,мына ағашқа
- егер еңбегіңнің жемісін көрсең, сендерге барлығы ұнаса жемісті ілісіңдер
- егерде түсіндім,бірақ біраз қиын болды десең гүлді ілесің
- ештеңе түсінбедім,көңілім толмады деп жапырақты іліп қойыңдар
Табиғатты сүйе білмейтін бала, елін, жерін сүймейді.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз
Жер бетінің ажары ол- сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Сақтайықшы тіршілікті бәріміз!
Күтілетін нәтиже:
Білу: Сирек кездесетін аңдар мен құстарды білді.
Меңгеру: "Қызыл кітап", оның маңызын меңгерді.
Жасай алу: Әртүрлі сурет салу әдістері бойынша жұмыс жасай алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген