Мақсаты:Шығарма мазмұнын дұрыс
қабылдауға ,кейіпкердің іс-әрекеттерін ұғынуға баулу:әдеби
шығармаларына қызығушылықтарын арттыру:кейіпкерлердің эмоциялық
жай-күйі,қарым –қатынас сипаты жөнінде түсініктерін молайту;бірігіп
тыңдау дағдыларын ,сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беру,естігені
жайлы талқылауға баулу.Ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің
кейіпіне ену,олардың мінезін ашу ,жақсы-жаманын ажырату және
сахналау дағдыларын,көркемдік көзқарас ,қиялдау-сезіну және оны
қолданысқа ендіруді қалыптастыру;баланы сахна өнеріне
баулу,белсенділігін арттыру ;ертегі желісін сахналау арқылы ойлау
қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер:ДVД , «Жабайы аңдар»
суретті қазақша-орысша сөздік фильмі,жабайы аңдарды бейнелейтін
бетперделер;декорациялар-жапырақты тал;жемістер,көкөністер
муляждары.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,сахналау
Билингвальді
компоненттер:жабайы аңдар- дикие
животные,арыстан-лев,түлкі-лиса,қоян-заяц,қасқыр-волк.
Сабақ
барысы:
Балаларды дөңгелене
тұрғызу.Шаттық шеңберін
орындау:
Аспаннан қуат
аламын-алақанға саламын,
Жерден нәр
аламын-алақанға саламын,
Күннен жылылық
аламын-алақанға саламын.
Қолұстасып тұрып сол
жылылықты достарыма таратамын.
Тәрбиеші:Қараңдаршы,мына тұрған талдың жапырақтары неткен
әдемі!
Түрлі-түсті
жапырақтардан ұнаған түсті жапырақты теріп алуға
шақыру.
Жапырақ астында
сұрақтар күз мезгілі,аңдардың қысқа дайындығы туралы
жазылулы.Сұрақтарды балаларға оқып беріп жауабын айтып беруді
өтіну.Бір жапырақ астындағы қалташасына диск
салынады.
Дискіден «Жабайы
аңдар»суретті сөздік фильмін қарау.Қарау үстінде
диктордың сөздерін қайталату(аңдардың орысша-қазақша
атаулары).
Жұмбақтар
жасыру:
1.Сылдырдан
қорқады
Шошынып
жортады.(қоян-заяц )
2.Сұрғылт тартқан түсі
бар
Ақсиған көп тісі
бар.
Тыным таппай
жүреді
Сілекейі
шұбырып,
Қыстау маңын
ториды.
Жемтігін іздеп
сабылып.(қасқыр-волк)
3.Қырда жүрер ол
жортып
Іні де жоқ
бармайтын,
Құйрығымен
бұлтарып
Қандай аң ол
алдайтын?(түлкі-лиса)
Қанжардай тісі
бар
Тасыған күші
бар
Күжірейген
жалы
Білсең айт бұл
аңды(арыстан-лев)
Сергіту
сәті.
Ертегілер
елінде
Патша болған
арыстан
Жинапты бар
аңдарды
Аю келіп
қорбаңдап,
Түлкі келіп
сумаңдап,
Қасқыр келді
арсылдап,
Қоян келді
қалтырап,
Ең кішісі
аңдардың
Тышқан екен
шиқылдақ
Қандай ертегілер
білесіңдер аңдар туралы?Өткен сабақтағы ертегіні ұмытқан жоқсыңдар
ма?
Қалай аталады
ертегі?Кім маған ертегіні айтып береді?
Ертегіде қандай аң
қулығын асырып арыстаннан аман қалды?Қазір біз әртіс боламыз: осы
ертегіні бетперде киіп сахналаймыз.
Ертегіні сахналауға
шақыру.Санамақ арқылы аңдар рөлдеріне балалар сайланады.Балаларға
бетперделер үлестіріледі,ертегі сахналанады.
«Арыстан мен түлкі»
ертегісі.
Жүргізуші:Ерте,ерте,
ертеде орманда бір дәу арыстан өмір сүріпті.Күндердің күнінде
арыстан қартайып аң аулап тамағын табуға шамасы келмей
қалады.Інінде жатып алып айла ойластырады-өзінің ауырғанын аңдар
арасына таратып аңдарды кеуіл сұрап келуін өтінеді.Арыстанның
кеуілін сұрауға бірінші болып қоян барады.
Қоян:Сәлеметсіз
бе,арыстан аға!Хал жағдайыңыз қалай?
Арыстан:Бері келші
құлағыңа сыбырлап айтайын.
Жүргізуші:Қоян арыстан
қасына жақындай түскенде арыстан оны шап етіп ұстап алады да жеп
қояды.Келер күні арыстанға қасқыр барады.
Қасқыр: Сәлеметсіз
бе,арыстан аға!Хал жағдайыңыз қалай?
Арыстан:Бері келші
құлағыңа сыбырлап айтайын.
Жүргізуші:Қасқыр
арыстан қасына жақындай түскенде арыстан оны шап етіп ұстап алады
да жеп қояды.Келесі күні арыстан жағдайын сұрауға аю
барады.
Аю: Сәлеметсіз
бе,арыстан аға!Хал жағдайыңыз қалай?
Арыстан:Бері келші
құлағыңа сыбырлап айтайын.
Жүргізуші:Аю арыстан
қасына жақындай түскенде арыстан оны шап етіп ұстап алады да жеп
қояды
Түлкінің де арыстанның
жағдайын сұрауға кезі келді.Ініне арыстанның түлкі
барады.
Түлкі:Сәлеметсіз
бе,арыстан аға!Хал жағдайыңыз қалай?
Арыстан:Бері келші
құлағыңа сыбырлап айтайын.
Түлкі:Жоқ,жоқ
бармаймын.Жақындап сенің халіңді сұрамаймын.Өйткені сенің ініңе
барар із барда шығар із жоқ.
Барлық аңдар арыстан
ініне баратын жол басында тұрып,арыстан шақырғанда жолдағы іздер
бойымен әр аң өзіне лайық жүріспен арыстанға қарай жүреді(қоян
секіріп,аю қорбаңдап с.с)
Жүргізуші:Осылай түлкі
арыстаннан құтылып аман қалады.Ертегі сендерге ұнадыма?Қалай біліп
қалды түлкі арыстанның қулығын?Жарайсыңдар,балалар,сендер бүгін
тамаша әртіс болып ертегіні сахналап бердіңдер.Ал арыстанға енді
аңдарды жемес үшін оған дәрумендерге бай жемістер,көкөністер
берейік.Келесі сабақта оны емдеуге дәрігерге апарамыз.Балаларға
алма таратылады.Мадақтау.
Санаториялық
үлгідегі «Балдырған»балабақшасы.
Шалқар
қаласы.
Білім беру
саласы:Қатынас.
Бөлімі:Көркем
әдебиет.
Тақырыбы:

ертегісін
сахналау.
Тәрбиеші:Әбдіғалиева
Ғ.М.
2013-2014 оқу
жылы.