жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық ҰОҚ "Қамбар атаға көмек"
Білім беру саласы: «Таным»
Кіріктірілген білім беру салалары: «Коммуникация», «Әлеумет», «Денсаулық»
Тақырыбы: Қамбар атаға көмек
Өткізу түрі: тікелей білім беру қызметі
Мақсаты:
-
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
-
Құрастыру іс-әрекетін дамыту.
-
Дүниенің тұтас келбетін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
-
Геометриялық пішіндер туралы білімін (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) және үй жануарлары туралы түсініктерін нығайту (сиырлар, жылқылар, қойлар)
-
Топтастырылған (бір, көп) заттардың санын анықтауды қалыптастыру; заттарды салыстырғанда бір затты екінші затпен ені, ұзындығы бойынша салыстыру және салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізуді үйрету: ұзын-қысқа, кең-тар.
-
Құрастыру дағдыларын жетілдіру: кірпіштерді төртбұрыштың периметрі бойынша орналастыру, оларды бір-біріне мықты орналастыру.
-
Ерлік танытқан адамға құрметпен қарауға және бір-біріне тілектес болуға тәрбиелеу.
-
Қажетті құрал-жабдықтар: хат, кіші (бір) және үлкен (бес) саңырауқұлақтың мүсіні, ені 10 см-лік ұзын көк түсті мата, көлді бейнелеуге арналған көк түсті мата, , үлкен құрлыс құрылыс жинағының кірпіштері, жалпақ геометриялық пішіндер: жасыл түсті үшбұрыш, қызыл түсті төртбұрыш, сары түстідөңгелек; үй жануарларының жиынтығы: сиырлар, жылқылар, ешкілер; кішкентай құрылыс жиынтығынан кірпіштер.
Алдын ала жұмыс: дидактикалық ойындар: «Бір-көп», «ұзын-қысқы», «Жануардың атын ата»;
-
-құрылыс материалдарымен жұмыс.
Ұйымдастырылған ашық кіріктірілген оқу қызметінің өту барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Қане, олармен амандасайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Қайырлы таң, қонақтар!
Есік қағылады.
Тәрбиеші: Қанекей, көріп келейінші бұл кім екен?! Пошташы хат әкелді. Қызық, ол кімнен екен?! Білгілерің келе ме? Бұл хатты Қамбар ата жазыпты. Ата былай деп жазыпты:
«Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балақайлар! Мен бір қиын жағдайға тап болдым, үй жануарларын өріске жайылсын, шөп жесін деп айдап жіберіп едім, бір кезде қасқыр шыға келіп барлық малдарымды қуып жіберді. Мен қартайдым, тізем қақсап, аяғым ауырады, жүре алмаймын. Енді не істерімді білмеймін. Бар үмітім сендер. Аталарыңа көмектесіңдерші».
Тәрбиеші: Атаға қалай көмектессек екен? Ата қайда тұрады деп ойлайсыңдар?
Балалар: Ауылда.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, Қамбар ата ауылда тұрады, ал оның малдары фермада тұрады.
Атаға апарар жол алыс., сендер ол жаққа баруға қорпайсыңдар ма? Онда кеттік.
Балалар соқпақ жолмен келе жатып үлкен көрнекілік материалдарды көреді.
Тәрбиеші: Ой, қараңдаршы, жолымызда не өсіп тұр екен?
Балалар: Саңырауқұлақтар.
Тәрбиеші: олар әртүрлі ме? Қандай?
Балалар: үлкен және кіші.
Ал үлкен саңырауқұлақтар нешеу?
Балалар: көп. Бесеу.
Ал, кішкентайлары?
Балалар: Біреу.
Тәрбиеші: Саңырауқұлақтардың түсі қандай?
Балалар: қызыл, қоңыр
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Әрі қарай кеттік. Тағы да бір кедергіге тап болдық. (Матадан бұлақ пен көл төселген, көлдің жағасында әртүрлі ұзындықта ағаш тақтайшалар, үлкен құрылыс материалдарының кірпіштері жатады) Қалай ойлайсыңдар, бұлақтан аттап өте аламыз ба?
Балалар: Иә, өйткені ол тар. (Балалар бұлақтан секіріп өтеді, бірнеше баладан бұлақ қандай екендігін нақтылау керек)
Тәрбиеші: Ал көлден аттап секіріп өте аламыз ба?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Неге?
Балалар: Ол оның арнасы кең.
Тәрбиеші: Келесі жағасына қалай жетсек екен? Асықпай жүруге болмайды, себебі қасқыр Қамбар атаның малын жеп қоюы мүммкін.
Балалар құрылыс материалдарынан көпір жасауды ұсынуы тиіс. Көпір жасап, балалар келесі жағалауға өтіп, алқапқа түседі.
Тәрбиеші: Әрі қарай жүрейік. Қараңдаршы, бұл не?
Балалар: Гүлдер.
Тәрбиеші: Неше гүл бар екен?
Балалар: Көп.
Тәрбиеші: Гүлдердің көлемі қандай?
Балалар: Кішкентай және үлкен.
Тәрбиеші: Қане, біз бір сәт гүл қауызына айланайықшы.
Сауықтыру жаттығуы «Гүлдер»
Балалар шеңбер жасап тұрып. Педагог оларға өлең жолдарын оқиды:
Әрбір гүлдің қауызы
Күлімдеп оңға, солға, алға, артқа иіледі.
Жел соқса да, ыстықта да
Гүл шоғына тығылады.
Педагогтың басшылығымен балалар ырғақпен өлең оқығанда бастарын оңға, солға бұрады, алға, артқа иіледі, демін кезектеп алып, шығарып отырады. Соңғы жолды оқығанда балалар қолдарын көтеріп бастарын жабады.
Тәрбиеші: Балалар, міне біз ауылға да жеттік. Жайылып жүргенде қасқыр қорқытқан үй жануарларын қараңдаршы. Қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
Балалар: Сиырлар, жылқылар, ешкілер.
Тәрбиеші:Қанша мал бар екен?
Балалар: Көп.
Тәрбиеші: Сиырлар қалай мөңірейді?
Балалар: Му-у.
Тәрбиеші: Сиырды сауып не алады?
Балалар: Сүт.
Тәрбиеші: Неше ат бар екен?
Балалар: Үш
Тәрбиеші: Жылқы қалай кісінейді?
Балалар: Иго-го
Тәрбиеші: Ал, ешкілер қалай маңырайды?
Балалар: ме-ме.
Тәрбиеші: Қамбар ата хатында бізден не сұрағанын ұмытқан жоқсыңдар ма? Ал міне малдарға арналған қора, бірақ қоралар ерекше қора. Оларға мұқият қарап әрқайсысын өз қорасына қамайық. Мұнда қараңдар. (Стол үстінде геометриялық пішіндер жатады)
Тәрбиеші: Бұл не? (шаршы). Түсі қандай? (Қызыл). Біз бұл үйге барлық сиырларды қамайық. Ал мынау не? (Дөңгелек) Түсі қандай? (Сары) Біз бұл үйге барлық қойларды қамайық. Бұл не? (Үшбұрыш) Түсі қандай? (Жасыл) Ал бұл қораға жылқыларды қамайық.
Балалар орындықтарға орырып, жануарларды қорасына қамайды, тәрбиеші таңдауларының дұрыстығын анықтайды.
Сергіту сәті.
«Қара жорға» әні қысқаша үзінді
Сергіту сәтінен кейін тәрбиеші балаларды мақтайды.
Тәрбиеші: Жақсы биледіңдер ме? Қамбар атаның малдары қашып кетпес үшін қораның айналасына қоршау жасауымыз керек. (шағын құрылыс жиынтығының кірпіштері)
Өзіндік жұмыс: қоршау жасау.
Тәрбиеші: балалар, қалай ойлайсыңдаратамыздың малдары қашып кетпей ме? . Жануарларды өз қорасына қамай алдық па? Оны қалай жасадық? Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген