400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашықсабақ "Сиқырлы математика еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орталықтың тәрбиешілеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат»


Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.


Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.


Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.


Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.


Қостілділік сыңары: Бір-один-one,екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four,бес-пять-five.


Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, құрсау, мнемокесте,ноутбук.


Әдіс тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, саяхатка шығу, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, жұмбақтар жасыру,мнеммокесте.


Алдын-ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.


Рефлексивтік-түзетушілік

I Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгін бізде ерекше күн қарандаршы бізге қонақтар келді.

алдыменен қонақтармен амандасып алайық.


2.Жылулық шеңбер:

Сәлеметсіздерме!

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық!

Жүрек жылуын алайық!

Жиналған жылы шуақты!

Қонақтарға сыйлайық!


-Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?

-Қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.


«Саябақ » елі

-Балалар саябақ елінде мынадай тапсырмасы бар.

1-тапсырма:

Санға сәйкес жеміс-көкөністерді теріп алыңдар

-Айтып беріңдер, қандай сан және неше жеміс тердіңдер.

Мнемокесте туралы тақпақ жаттау.

Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады күлімдеп.

Овал 1 Овал 2 Овал 3












«Түрлі-түсті пішіндер» елі

Пішіндерді орналастыру.


«Санамақтар» елі

-Кім санамақ айтып береді?

«Пинг-понг» ойыны

-Мен сендерге бір сөзді айтамын, сендер маған қарама-қарсы сөздер айтасындар.

-Ұзын

-жуан .т.б

«Сандар» елі

Сандарды тура және кері ретімен қою және санату.

«Жұмбақтар» елі

-Бір сиырдың неше аяғы бар?

-Екі жылқының неше құйрығы бар?

- Гүлге төрт көбелек қонып отыр, олардың жанына тағы бір көбелек келіп қонды ,барлығы неше көбелек болды?


Қорыту

-Балалар бүгін қайда бардық?

-Саяхатта біз не істедік?

-Балалар сиқырлы математика елінің патшайымы сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.

-бүгін сендер жақсы, білімді, тәртіпті болдыңдар .


Мадақталды.





-Барғымыз келеді.





Мен құрсауға пішіндерді орналастырдым. Көк құрсауға дөңгелек пішіндерді, қызыл құрсауға әр түрлі пішіндерді орналастырдым. Т.б.

Мен киімді сопақша және үшбұрышпен жамадым.

Мен поровоз жасадым, онда төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектер бар.

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.


Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып.


Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ білемін.


Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған.

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да...

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.


«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.


-қысқа.

-жіңішке.т.б


-1, 2, 3, 4, 5-тура сан.

5, 4, 3, 2, 1-кері сан.


-екі санына екі ұлуды құрастырдым. Бір санына бір қызыл телпекті құрастырдым.т.б.

-матрешкаларды өсу ретімен қойдым: 1, 2, 3, 4, 5.

-матрешкаларды кему ретімен қойдым; 5, 4, 3, 2, 1.

-Бір сиырдың төрт аяғы бар.


-екі түлкінің екі құйрығы бар.

-бес торғай болды.

-«Сиқырлы математика» еліне саяхатқа бардық.

-Саябақ аялдамасының тапсырмаларын орындадық.

Әр аялдамаға тоқталып тапсырмаларды орындадық, ойын ойнадық, жұмбақтар шештік.


Балалар сыйлыққа қуанады.

-Балдай тәтті балалармыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасып бәріміз,

Жарасады сәніміз.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: сандарды,пішіндерді,кеңістікті бағдарлауды.

Нені игерді: Санға байланысты заттарды сәйкестендіруді.

Нені меңгерді: Жұмбақ шешуді , сұраққа жауап беруді, логикалық ойлауын, есте сақтауды.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
912
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі