Математика негіздері: Асықтарды санайық
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың ұғымында «саны көп», «саны аз», «саны бірдей», «саны тең»
ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру; жұп заттарды бір-
бірінің тұсына қою және беттестіру тәсілі туралы білімдерін тиянақтау; қазақ
халқының ұлттық ойындары туралы түсінік қалыптастыру; біртектес заттарды
түстеріне қарай жұптастырып жинау, орналасу орнына қарай топтастыру,
заттардың санын салыстыру және теңдестіру іскерлігін қалыптастыру; саны
өзара тең, аз немесе көп заттарды салыстырғанда бір-бірінің тұсына қою және
беттестіру арқылы тексеру, салыстырудағы өзгерістерді сөзбен сүйемелдеу
дағдыларын жетілдіру; қолдың ұсақ моторикасын, зейін, ойлау қабілетін дамыту.
Қазақ халқының ұлттық ойындарына қызығушылықтарын ояту, ұйымшылдыққа,
достыққа тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Жаттығуларды орындау барысында: «жоғарғы жолақ», «төменгі жолақ»,
«асықтарды солдан оңға тіземін», «бір асық, тағы да бір асық», «бір асық артық»,
«саны бірдей» деген сөз тіркестерін айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, ғажайып сәт, көркемсөз, зерттеу жаттығуы, сергіту сәті,
іс-тәжірибе жаттығуы, мақтау, пысықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Ойынға шақыратын ырғақты әуеннің аудиожазбасы.
Қолына асық ұстаған Аланның суреті.
Асықтарға толған дорба немесе оның суреті.
Көрнекіліктерге панно, көрсеткіш.
Екі көлденең жолақты көрнекілік панносы.
1
Көрнекілік кескіндер: 5-6 қызыл және 4-5 көк түсті асықтар.
Аудиожазба №43.
2. Үлестірмелі материалдар.
Әр балаға екі көлденең жолақты карточка; жоғарғы жолақта қызыл, көк, сары,
күлгін түсті асықтар бір қатарда тізілген, соңғы бір асыққа орын бос
қалдырылған.
Табақта қызыл, көк, сары, күлгін, жасыл түсті асықтар бір-бірден жатыр. Асық
ойыншықтарының жинақтамасы.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Ойынға шақыратын ырғақты әуеннің аудиожазбасы естіледі.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Ғажайып сәт.
Алан келеді. Аланның бір қолында дорба, бір қолында асық бар.
Педагог:
- Сәлеметсің бе, Алан! Наурыз құтты болсын! Сен бұнда не істеп жүрсің?
- Қараңдаршы, балалар, бүгін Алан бізбен бірге ойнағысы келетін сияқты. Алан,
дорбаңның ішінде не бар? Қолыңдағы не?
Алан:
2
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мына шашылып жатқан не екенін білесіңдер ме?
- Иә. Бұл асықтар ғой. Асық ойынын барлық бала жақсы көреді.
1.2. Көркемсөз.
«Асық ойнайық».
Кел шығайық алаңға,
Қосылайық Аланға.
Асықтарды қағып-соғып,
Біз ойнайық алғыр болып.
- Балалар, Алан барлықтарыңа екі қолға бір-бірден екі түрлі асық сыйлағысы
келеді. Әкелген асықтары барлығыңа жете ме, жетпей ме екен? Соны біле алмай
тұр. Асықтарды тең бөліп берейікші.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Панно алдында зерттеу жаттығуы. «Асықтарды тең жинайық».
2.1.1.
Егер педагог ірі қара малдың асықтарын жинап қойса, оларды математикалық
сатының үстіңгі және астыңғы жолдарына тізіп, өзара салыстыру жаттығуларын
орындайды.
Балаларға көлденең сызықпен жоғарғы және төменгі жаққа тең бөлінген панно
көрсетіледі.
Жаттығуды орындау үшін 5-6 қызыл және 4-5 көк асық қажет.
Педагог:
- Балалар, мына паннода екі жолақ бар. Бұл жолақтарды не деп айтамыз? Иә.
Жоғарғы жолақ және төменгі жолақ. Жарайсың, Әлия!
- Менде қызыл және көк асық бар.
- Балалар, осы қызыл және көк асықтың санын тең бөлуіміз керек. Мұқият
болыңдар.
- Жоғарғы жолақтың сол жағынан бастаймын. Көк асықтарды оң қолмен
ұстаймын, бір-бірден тіземін. Оспан, мен не істеймін? Көк асықтарды солдан оңға
3
тіземін. Бір асық, бір асық, тағы да бір асық, тағы да асық ...
Педагог 4 көк асықты жоғарғы жолаққа тізіп, 1 асық сыятындай бос орын
қалдырады.
- Балалар, жоғарғы жолаққа қанша көк асық салынды? (Көп асық салынды.)
Жарайсыңдар!
2.1.2.
- Енді маған көк асық қанша болса, қызыл асықтан да сонша салу керек.
Педагог төменгі жолаққа қызыл асықтарды бір-бірден, әр көк асықтың астыңғы
тұсына салады. Бір қызыл асық артық болып жатады.
- Балалар, мен қызыл асықтарды төменгі жолаққа солдан оңға қарай тізіп
саламын. Балалар, мен бір көк асықтың астыңғы тұсына бір қызыл асықты
ғана саламын. Тағы да ... 1 көк асықтың астына 1 қызыл асық, 1 көктің астына 1
қызыл ...
- Балалар, көк асықтар мен қызыл асықтардың саны бірдей ме? Саны тең бе?
(Саны бірдей емес. Саны тең емес.)
- Қайсының саны көп? Қызыл асықтың саны көп. Ненің саны аз? Көк асықтардың
саны аз. Ғалия, көк асықтың саны көп пе? Ал, қызыл асықтың саны ше?
Жарайсың!
2.1.3.
- Балалар, олардың саны бірдей немесе тең емес екенін қалай білеміз? Қалай
тексереміз? Иә. Асықтарды беттестіреміз. Қайталайық. Дұрыс.
Педагог әр көк асықтың үстіне қызыл асықтың біреуін салады. Балалар 1 қызыл
асықтың артық қалғанын байқайды.
- Балалар, мына қызыл асық неге біреу? Жарайсыңдар! Қызыл асықтардың саны
көп. Қайталаймыз. Ал көк асықтың саны ... аз. Тамаша!
- Балалар, көк асық пен қызыл асықтың сандарын қалай тең етуге болады?
- Әрине, балалар, қызыл асықты алып тастаймыз. Қайталайық.
- Мінекей, балалар, барлығыңда 1 қызыл, 1 көк асық бар.
4
2.2. Сергіту сәті. «Күн жарқырайды».

- Балалар, көктемде асықты далаға шығып ойнайды. Қараңдаршы, балалар,
күніміз аспанға биік көтеріліп, бізге көп жылу сыйлайды екен. Қанекей,
бойымызды жылытып, сергітіп алайық.
Балалар, педагогтің қимылдарына қарап сөздер мен әуен ырғағына сай
қимылдар жасайды.
2.3. Үстел басында іс-тәжірибе жаттығуы. «Асықтарды жұппен тізу».
2.3.1.
Балаларға жоғарғы және төменгі жолаққа сызықпен тең бөлінген карточкалар
беріледі. Жоғарғы жолақта қызыл, көк, сары, күлгін түсті асықтар бір қатарға
тізілген. Соңғы 1 асыққа бос орын қалған.
Әр балаға қызыл, көк, сары, күлгін, жасыл асықтардың жинақтамалары бір
ыдысқа бір-бірден салынады.
2.3.2.
- Балалар, карточкаларыңды өздеріңе жақын қойыңдар.
- Асылжан, карточкада не бар? Иә. Асықтар бар.
- Асықтар қайда орналасқан? Асықтар жоғарғы жолақта орналасқан.
- Төменгі жолақта асықтар бар ма? Бірде-біреуі жоқ. Қайталаймыз. Жақсы.
- Асық нешеу? Асық көп.
- Асықтар бірдей ме? Несі бірдей емес? Қорлан, асықтардың түсін айтып жібер.
Педагог әр түстің санын сұрауы мүмкін. «Қызыл асық нешеу? Көк асық нешеу?»
2.3.3.
5
- Балалар, ыдыстарыңда да асықтар бар. Асықтарды бір-бірден алып, сол
жақтан оң жаққа қарай түсіне сай етіп, төменгі жолаққа тізіп салыңдар.
- Ержан, қызыл асықтан неше және түсі қандай асықты салдың? (1 қызыл асық
салдым.) Жақсы.
- Ринат, көк асықтың төменгі тұсына түсі қандай және неше асық салдың? (1 көк
асық салдым.) Жақсы.
Педагог балаларға жасыл түсті асық қалғанға дейін белгілі бір түстегі
асықтардың жұптарын жинатады.
- Балалар, қандай асық қалды? Жасыл асық қалды. Оны да төменгі жолаққа
салыңдар.
- Қалай ойлайсыңдар, балалар, жоғарғы жолақта асық көп пе? Төменгі жолақта
асық көп пе? Төменгі жолақтағы асықтардың саны көп. Ал жоғарғы да ше?
Жоғарғы жолақтағы асықтардың саны аз. Жарайсың, Арман!
2.3.4.
- Жоғарғы және төменгі жолақтағы асықтардың сандары бірдей емес екенін
қалай тексереміз? Тексеріп көріңдер.
Тапсырманың орындалуы бақыланады.
- Шәріп, сен не істедің? Иә. Асықтарды бір-бірден салып беттестірдің.
Жарайсың!
2.3.5.
- Балалар, жоғарғы және төменгі жолақтардағы асықтардың санын бірдей ету
үшін не істейміз? Жасыл асықты алып тастаймыз. Ыдысқа салып қойыңдар.
Жарайсыңдар!
- Балалар, бізде түстері бірдей асықтардың жұптары пайда болды. Қандай
тамаша!
Педагог әр асықты жұбына сай төменгі жолаққа қайта салғызуы мүмкін.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.
Педагог:
- Балалар, бүгін қандай қызықтар болды? Иә. Біз асықтармен ойнадық.
- Асықпен ойнауды кім үйретті? (Алан үйретті.) Тамаша!
Кейіпкермен қоштасу.
6
- Балалар, асықтардың санын салыстырып, тең бөліп бергендерің үшін Алан
қуанып тұр.
Алан:
- Балалар, маған көмектескендеріңе рақмет! Сау болыңдар.
- Балалар, Алан қандай асықтар туралы айтты? Асықтарды неге санын тең етіп,
екеу-екеуден жинадық? Иә. Екі қолға бір-бірден керек.
- Егер бір асық артық, қалғаны аз болса, оларды тең ету үшін не істедік? Артық
асықты алып тастадық. Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы!
- Балалар, бүгін өте ұйымшыл, байқампаз болдыңдар. Жарайсыңдар!
Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды, сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асықтарды санайық

шағым қалдыра аласыз