Ата-анамен балабақша бірлестігі.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру.Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, тренинг, ойындар, әңгімелесу, түсіндіру, пікір талас, сұрақ-жауап.Жүру барысы: Құрметті ана-аналар, апайлар бүгінгі «Ата-анамен балабақша бірлестігі » атты жиналысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі күні жарқын болсын. Мен бүгінгі жиналысты ерекше түрде өткізгім келіп тұр.Күн тәртібі:1. «Достық» (танысу тренинг)2. Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.3. Ата-аналар комитетін және мүшелерін сайлап тағайындау.4. Ата-аналарды балабақша өмірімен, күн тәртібі ,топ аты, ұйымдастырыған оқу іс-әрекетінің сабақ кестесі, тәрбиелік шаралар, ата-анамен жүргізілетін жұмыс жоспары , ата-ана міндеттері, пән жетекшілері, психологпен таныстыру.5. «Мен қандаймын» тренинг ойыны6. Балалардың оқу құрал-саймандарын тиянақы әкелу.7. Балалардың киімінің талапқа сай болуы.8. Портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.9. Ата-аналар жиналысының шешімі.10. «Алтын балық »тілегі.11. Ата-аналар жиналысының шешімі.12. Қорытындылау.«Достық» тренингіМақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.Ата-аналар орты шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны мен ұстап: аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: Әсия Телманова Ғиниятқызы. Мен «Жасұлан» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықты болайық дегім келеді- деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.Ендеше Ата-аналар комитетін және мүшелерін сайлап алайық.Ата-аналарды балабақша өмірімен, күн тәртібі ,ұйымдастырыған оқу іс-әрекетінің сабақ кестесі, тәрбиелік шаралар, ата-анамен жүргізілетін жұмыс жоспары , ата-ана міндеттері, пән жетекшілері, психологпен таныстыру. «Мен қандаймын?» тренинг ойыныМақсаты: әр адам өзін жеке тұлға ретінде сезіну. Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.Жүру барысы: Ата-аналар гүл, үй, күн тобы болып 3 топқа бөлінеді. Әрқайсыныз сол суретің ішіне отбасы мүшелерін және өзіңіздің есімдеріңізді жазасыздар.Нәтижесі: Егер өзіңіздің есімдеріңізді басына жазсаңыз. Сіз өзіңізді отбасы мүшелерінен биік санайсыз. Өзіңіздің жағдайын бірінші ретке қоясыз. Ал, егер өзіңіздің есіміңізді ортасына қойсаңыз, онда сіз отбасыңыздың ортасындасыз. Екі жақты бірге ойлайсыз. Егер есіміңізді соңына жазсаңыз. Онда сіз бауырмал жансыз. Ата-ана, бауырларыңыз бірінші ретте тұрады. Өзіңізді соңынан ойлайды екенсіз.Ата-аналар ендеше атқарылатын мәселелерге кезек берелік.1. Балалардың оқу құрал-саймандарын тиянақы әкелу.2. Балалардың киімінің талапқа сай болуы.3. Портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.Ата-аналар жиналысының шешімі.«Алтын балық »тілегі.Ата-аналар енді көзімізді жұмайық, ендеше ашайық міне ғажайыптар әлеміне келдік. Егер сіздердің қармаңызға Алтын балық түссе, ең, ең, ең маңызды жалғыз тілектеріңізді орындаймын десе , қандай тілек тілер едіңіз.Қорытындылау.Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.