Кіріспе
(5-мин)
|
-
Ата-аналармен амандасу.
«Шаттық шеңбер» құрып, тренингін өткізу.Жіп
арқылы.
-Жиналыстың мақсатымен
–міндетімен таныстыру. -Күн тәртібінде қаралатын
мәселелерді анықтау.
Ата-аналарды 3 топқа
бөлу;
Ата-аналар бүгін топтарда
жұмыс істейтін боламыз. Топтық ереже құрып
алайық.
|
тренингі – ата-аналар
бір-біріне бума жіпті беру арқылы өздерін таныстыру. Мысалы:
ата - ананың аты жөні,кімнің
анасы (әкесі) екенін
айту.
«Әке»,
«Ана», «Бақыт
дегенің» әндерінің шумақтары жеке –жеке
жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген
өлең шумағын өлеңдете айта отырып, топқа бірігіп
отырады.
«ӘКЕ», «АНА»,
«БАЛА».
1.Тыңдай білу. 2.Өзара
сыйластық.
3. Белсенділік. 4. Қол көтеріп
сөйлеу. 5.Уақыт үнемдеу.6.Кешікпеу.
7.Телефонды
сөндіру.
|
Тұсаукесер
(5-мин)
|
«Миға шабуыл»
әдісі
Адамгершілік дегенді қалай
түсінесіздер?
Адамгершілікке қандай
қасиеттерді жатқызуға болады?
Адамда асыл қасиеттерімен
қатар жағымсыз қасиеттер де
болады.Қандай жағымсыз қасиеттерді
білесіздер?
Жағымсыз қылықтардан
баламызды аулақ ұстау үшін не
істейміз?
Адамгершілік туралы Ұлы
Абайдың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
Ол қандай қасиеттер?
|
Адамның адамгершілігі-оның
жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана
емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта
жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді
Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
«Досыңа достық-қарыз
іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам
әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты
адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы
қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл
мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі
жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан
Момышұлы.
Оларжалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік
ашу,ызақорлық,еріншектік,
жалқаулық,
мақтаншақтық, күйгелектік
т.б.
Ақыл- кеңес айту,тәрбие мен
білімді ұштастыра беру,өнеге көрсету,үлкенді сыйлауға үйрету
т.б
Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым
|
Негізгі
бөлім
(25-минут)
|
Біздің балаларымыздың
адамгершілік, моральдық бейнесі әр уақытта көңіліңізден шыға
бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп
жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата-ана өз баласына
көңіл бөлуі қажет. Меніңше, әрбір баланың іс-әрекеті, тәрбиесі
отбасында ата- ананың жағымды өнегесінен қалыптасады. Сондықтан
баланың бас ұстазы -ата-ана. Ата –ана өз баласының тәрбиесі үшін
ел, халық алдында жауапты. Олай болса әрбір ата-ана өз балаларының
парасатты, білімді азамат болып өсіуіне қам жасаулары
керек.
Баяндама
оқу.
Тақырыбы:«Отбасы мен
мектепте рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу»
Тапсырма: 1 топ
Өз бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
2 топ
Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?
3
топ
Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесіздер?
Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сіздің балаңыз
ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп
үгіттейді.Ал сіз
не істер едіңіз?
2.Сіздің балаңыз
«Циркке
барайық»деген болатын,сіз апарамын деп уәде беріп
қойғансыз,ал сіздің уақытыңыз болмай
жатыр.Не істер едіңіз?
3.Балаңыздың теледидардан
қарайтын бағдарламасы сіздің қарайтын бағдарламаңызбен бір уақытқа
келіп қалды делік,сіз де оны үзбей қарайсыз.Бірақ өкінішке орай
екеуі екі арнадан беріледі,сіз қандай шешімге келер
едіңіз?
|
- Баяндаманы
тыңдайды;
- Пікірлерін
айтады.
Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Жағдаяттарды
ата - аналар
шешеді.
|
Қорытынды
(7-минут)
|
Ашылған күннің соңындағы
кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен
бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Жүректен
жүрекке.
-Ата-аналарға ризашылығымызды
білдіреміз.
|
Тілек жазу.жүрекшелерді
жабыстыру.
|