Ата - аналар жиналысының жоспары "Менің балам қандай?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата - аналар жиналысының жоспары "Менің балам қандай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- аналар жиналысында Менің балам қандай? тақырыбында тренинг, жаттығулар, тапсырмалар, сұрақтар мен жағдаяттар қою арқылы жиналыс өз мәресінде өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата - аналар жиналысының жоспары

Тренингтің тақырыбы: "Менің балам қандай?"
Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.

Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркерлер.
Жоспар
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
3. "Тазалық денсаулық кепілі" медбикеден кеңес
4. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
5. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
6. «Менің балам қандай?» ойыны
7. Аңыз «Мінсіз емес»

1.
Ұйымдастыру кезеңі.

Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.

Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім.

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.

1. Балаңыздың туған күні?

2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?

8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?


3. "Тазалық денсаулық кепілі" медбикеден кеңес

4. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру

«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.

«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?

егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.

егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.

3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,

егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.

егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

5. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны

Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

6. «Менің балам қандай?» ойыны

Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.

Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.

7.Аңыз «Мінсіз емес»

Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:

«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.

Не үшін ұяласың?

Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:

Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.

Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.

Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!

Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!

Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1030
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі