Ата-аналармен
тренинг сабақ
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесінде ата-ананың
рөлі»
Сәлеметсіздер ме құрметті
ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала
тәрбиесінде ата-ананың рөлі» атты тренинг сабағымызға хош
келдіңіздер! Құрметті ата - аналар мен сіздерді көргеніме
қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің
балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты,
ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман
етеді. «Ұл тәрбиелей
отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты
тәрбиелейміз».
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырып демеуші ата-ана.
Тренингті өткізу
мақсаты: Бала тәрбиесінде
ата-ананың рөлін анықтау.
Жоспары: 1.Мотивациялық кезең
2. Ата-аналарды топқа
бөлу
3. Топқа тапсырмалар беру
(постер қорғайды)
4. Ситуациялық
сұрақтар
5.
Сергіту сәті «Бинго» ойыны
6. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі
7. Қорытынды: Рефлексия
Барысы:
1.Мотивациялық кезең
Шаттық
шеңбері:
Ата - аналарды шаттық
шеңберіне тұрғызу. Қане, бәріміз шеңбер құрайық. Осы дөңгелек
шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай
ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз
көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір -
бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай
білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық
шеңбері деп атаймыз.
«Бір
шаңырақ астында» тренингы: Ата-аналар
шеңбер бойымен тұрып, Бала сіз үшін
кім? Бала – болашағым, серігім,
бақытым, өмірімнің жалғасы т.б. жауап бере тұра бір таспадан алып бір
ұшын шаңыраққа қадайық. Ата-аналар байқағаныңыздай таспамыз әр
түрлі, яғни әртүрлі жауап берейік. Біз шаңырағымызды көтерейік.
Әрдайым осындай үлкен достықта, лентадай берік, тату, бірлікте, бір
шаңырақ астындағыда ұйымшыл болайық. Қандай тілек
білдіресіздер?
2. Ата-аналарды топқа
бөлу.
Балаларының суреті бойынша тауып ата анасы отыру
қажет.
3.Бүгінгі сіздермен
тренинг сабақ өткізуіміздің басты
мақсаты – ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас
орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз.
Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса
отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу
арқылы сіз бен біз боп ой
бөліссек.
Алдымен топ басшысын
сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып
алайық:
ЕРЕЖЕЛЕР:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге
үйренеміз;
4. Екі топқа тақырып
беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз
ойларын ортаға салады.
I-топ. Бала тәрбиесінде
мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
II—топ. Балаға сапалы білім
беруде мектептің рөлі
қандай?
Уақыты
7
минут.
5.Жеке тапсырма
беру. Ситуациялық
сұрақтар: Ата
аналар үстел үстіндегі үлестірмелі қағаздарды бөліп алып,
сұрақтарға жауап береді.
1.Мұғалімдер күнде сізге балаңыздың сыныптағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің
әрекетіңіз?
2
. Балаңыз
мектептен
ойыншықты рұқсатсыз үйге алып кетеді, сіз оны
үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
3. Балаңыз
үйге келгеннен кейін барлық ойыншықтарын бүкіл үйдің ішіне шашып
тастады, жина десеңіз тіліңізді алмайды, Сіздің
әрекетіңіз?
4.Сіздің
балаңыздың сабаққа
ынтасы нашарлап кетті,
мұғалімдер, сынып жетекші тарапынан шағымдар жиі айтылады,
балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің
әрекетіңіз?
5.
Балаңыз күнде таңертең мектепке бармаймын деп жылайды, не
істейсіз?
6. Балаңыз дүкенге кірген
кезде қымбат ойыншықты сатып алып бер деп жылап тұрып алды, сіздің
ақшаңыз жоқ. Сіздің әрекетіңіз? Осы қылығы бірнеше рет қайталанып
отыр.
7. Балаңыз сіздің ең қымбат
затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің
әрекетіңіз?)
Уақыты 2 минут.
(әр
ата
ананың сөзі
тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып
отырады).
6.Сергіту
сәті «Бинго». Тапсырма орындаған адам
«Бинго» деп айтады.
7.«Қимыл қозғалыс арқылы жауап
беру»
әдісі
-
Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы
бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтар тыңдап, қарап жүрсізбе?
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды
шапалақтаңыз;
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды
тарсылдатыңыздар.
-
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей
ықпал жасайма?
егер «ия» десеңіздер қолдарыңызды жоғары
көтересіңіздер.
егер «жоқ» десеңіздер сол қолдарымызды төмен
ұстайсыздар.
-
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп
ойлайсыз?
егер «әке» десеңіздер қолды, алдымызға созамыз.
егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.
егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды
шапалақтаңыз.
8.«Рефлексия»
(қорытындылау) Шығу парағы:
«Міне, осымен «Бала тәрбиесінде
ата-ананың рөлі» атты
тренингімізді
қорытындылай келе. Бала
дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз
солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де
мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп
тәрбиелеу өз қолымызда.
Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі
тәрбиесінде.
Ата-анаға көз
қуаныш,
Алдына алған
еркесі.
Көңіліне көп
жұбаныш,
Гүлденіп ой -
өлкесі, - деп, Абай атамыз ата-ананың қуанышы,
гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін
айтқысы келген.
Ендеше, ата-аналар
қолымыздағы алтынымызды
жақсылап,
тәрбиелейік және біздер олардың ең бастысы үлгі болар бейнесі
екендігімізді ұмытпайық.
Ана-әке әнін бірге
шырқау.
Келгендеріңізге рахмет!
Шығу парағы:
1.А.Т.Ж.___________________________________________________________
2.Тренинг сабақ сізге қызықты болды ма ,әлде жок па?
(Неге?)
________________________________________________________________________________________________________________________
3.
Тренинг сабақ барысындағы
өзініздің жұмысынызды бағалаңыз_____________________________________________________
4.Мұғалімге ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолы____________
Сауалнама
А.Т.Ж.
|
|
1.Балаңыздың
аты-жөні?
|
|
2. Балаңыздың туған
күні?
|
|
3. Мұғалімінің толық аты- жөні?
|
|
4.
Тәрбиешісінің толық аты-
жөні?
|
|
5. Балаңыз
қандай өлшемді аяқ киім
киеді?
|
|
6. Балаңыздың сүйікті асы
қандай?
|
|
7. Балаңыз
қандай түсті жақсы көреді?
|
|
8. Балаңызды
еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
|
|
9. Балаңызға ашуланғанда,ең
алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
|
|
10. Балаңыз қандай
мультфильмді жақсы көреді?
|
|
11. Балаңыздың
сыныптағы
достары?
|
|
12. Балаңыз сабақтан бос уақытта немен
шұғылданады?
|
|