400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата - анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

Балабақша әдіскері: М.Қалымбетова


Күні:

Тақырыбы: Ал, қанекей, ойнайық!

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. Қазақ халқының ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?- деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын барысында балалар дүниені таниды, өзінің күш - жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Балаларда қолданатын ойындарды ата - аналармен жүргізе отырып, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінде қолданатын ойындарды көрсетіп, бірге ойната отырып бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.


Тәрбиеші:

Құрметті ата - аналар жиналысымызға қош келіпсіздер!

Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Ал, қанекей, ойнайық!»тақырыбында өрбімек. Біздің мақсатымыз күнделікті ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінде қолданатын ойындарды сіздермен бірге ойнап көрмекпіз. Ойналатын ойындарымыз бес бөлімнен тұрады. Берілген тапсырманы тиянақты, бар ықыластарыңмен орындауларыңызды сұраймыз? Ендеше іске сәт! Бірінші ойналатын ойынымыз:



«Шаттық шеңбері»

Мазмұны:  Ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.


1 «Суретке қарап пейзаж құрастырайық»

Мазмұны: Әр ата - анаға әр түрлі сурет үлгілері беріледі, соған қарап әр түрлі шаршыларды берілген суретті бейнелеу керек.



2. «Актерлік шеберлігімізді байқайық!»

Мазмұны: Ортаға екі ата - анадан шығарып, оларға интеравтивті тақтадан сурет беріледі, сол суретті тілсіз түсіндіру керек. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады.



3.«Мақал - мәтел» «Кім жүйрік?»

Мазмұны: Ата - аналарға дара жазылған сөздер таратылып беріледі, сол әріптерден шапшаң қимылдап бір мақал шығару керек. Ойын осылайша жалғаса береді.

1.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар


2. Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала


3. Әдепті бала ата – анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.


4 «Кім дұрыс жауап береді?»

Мазмұны: Тақтадан суреттер көрсетіледі. Қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айту керек.






5. Сандарды ретімен орналастыр.

Мазмұны: Тақтада көрсетілген сандарды ретімен орналастырып суретті құрастыру керек.


6. Сәйкесін тап.

Мазмұны: Ата – аналар бір бірден шығып жемістер мен көкөністерді санап сандармен сәйкестендіру.


7. Жұмбақтар.

Мазмұны: Жұмбақтарды шешу.


8. Дауысынан таны.

Мазмұны: Ата – аналарға әртүрлі дыбыстар естіледі. Кімнің дауысы немесе не істеп жатқанын айтуы керек.


9. Үй құрастыр.

Мазмұны: Ата – аналарға кубиктер беріледі, сол кубиктер арқылы үй құрастыру керек.


Қорытындылау «Тілек шамы»

Мазмұны: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі