15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата - анамен жұмыс "Балабақша мен отбасы" трениг
Ата
- анамен жұмыс
тренинг
Күні: 20.02.2019 жыл
Тақырыбы:
Балабақша мен отбасы
Мақсаты:
Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын
жақсарту. Балабақша өмірімен
таныстыру,
тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста
болу. Психологиялық
кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі:
бейне слайд,
ақ
парақтар, жүрекшелер, стейкерлер,
ыдыстағы су.
Жоспары:
1. «Танысу »
2. «10 сөз»
3. «Алғашқы қадам »
4. «Кім қалай жеткізеді екен?»
5. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
6. «Сыйқырлы жүрекшелер»
7. «Тілек гүлі»
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, әріптестер! Бүгінгі біздің
отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингмізді
бастаймыз.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, аса қасиетті алтын бесігі. Бала қанша жерден балабақшада тәрбиеленгенімен, оның өмірінің көп бөлігі әке – шешесінің қасында өтеді.
Баланың болашақ өмірге алғаш қадамы отбасынан басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті де, жаман әдетті де содан алады. Ұлы педагог Макаренко ата-аналарға бір сөзінде былай деген екен. «Сіздің жеке мінез құлқыңыз – жеткіншек тәрбиесіндегі бірден- бір шешулі құрал. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай әңгімелесесіз сіз қалай күлесіз міне, мұның бәрі бала үшін маңызы бар». Ата-аналар балаларын өнегелі сөзімен жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Әр бала жылы сөйлегенді, аялағанды, еркелегінді, ертегі-әңгіме тыңдағанды, ойын-ойнағанды ұнатады.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен есте сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу өз орындарында орындалады. Өз есімдерін басқаша атаумен өзгерту, және оны парақшаға жазып жүрек тұсына жабыстырып қояады. Өмірінде кедескісі келетін адамдарды есімін атау.
«10 сөз» ойыны
Мақсаты: Қазіргі сәтте не ойлап отқандарын білу, өз ойларын жинақтату.
Ата-аналардың алдына ақ парақпен қалам беріледі, соған өз ойларындағы 10 сөзді жазады,
Жазып болғаннан кейін бір сөзді домалақтап белгілеп қояады , сол сөзді тақырыпша ретінде алып қалған сөдермен ертегі немесе шағын әңгіме құрайды. Ертегі құрастыру үшін 5 мин уақыт беріледі.
«Алғашқы қадам» жаттығу
Мақсаты: Ата- аналардың балаларын алғашқы өмірге қандай үмітпен жіберетіндерін анықтау.
Бұл жаттығуға ыдыс тағы су қолданылады. Алғашқы қатысушыға тәрбиеші ыдыстағы суды ұстатады, суды ала отырып алғашқы перзентінің дүние есігін ашып қолына ұстаған сәтін есіне түсіріп, оны әрі қарай ержеткізіп үлкен өмірге қадам бастыртып, жібереді. Әрі қарай осылай басқа қатысушыларға береді. Соңында өздерінің алғанәсерлерімен бөліседі.
«Кім қалай жеткізеді?» ойыны
Барлық қатысушыларымыз сыртқа шығарылады, бір ғана қатысушымызды алып қаламыз, сол қатысушымызға бір мәтінді оқып беремін. Мәтінді тыңдап болғаннан кейін , сыртағы қатысушыларымызды біртіндеп кіргіземіз. Алғашқы қатысушымызға іште қалған қатысушымыз мәтінді әр түрлі дауыс ырғақта жекізеді.
Ертегі
Жас келіншек данышпаннан ақыл сұрап келеді.
- Данышпан ата, менің баламның туылғанына бір ай болды. Баламды қалай тәрбиелесем болады: қатал ма, әлде мейірімділікпен бе?
Данышпан келіншекті қолынан ұстап жүзім сабағының жанына алып барады: - мына сабаққа қарашы. Егер сен жүзім сабағына аяушылық танытып қиып отырмасаң, сабақ жайылып кетеді. Сабақтың өсуіне бақылауды жоғалтсаң, сен тәтті де, әрі дәмді жемісті жей алмайсың. Егер сен сабақты күн сәулесінің түсуінен қалқаласаң, күнделікті сабақ тамырын суарып отырмасаң, онда ол солып, тәтті әрі дәмді жемісті жей алмайсың- деген екен.
Сол айтпақшы ақыл- мен іс үйлескенде ғана тамаша жеміс алып, тәттілігін сезінуге болады. Яғни, нені егіп баптасаң соны орасың. Сондықтанда бала тәрбиесіне көз жұмып қарамайық.
Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесізбе?»
Мақсаты: Ата-анамен баланың ортасындағы қарым- қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйіп жейді?
3. Балаңызды еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Сүйіп тыңдайтын ертегісі?
5. Балаңыздың туған күні?
6. Тәрбиешісінің толық аты- жөні?
7. Балаңыздың сүйікті киімі?
Ата – аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
«Сыйқырлы жүрекшелер»
Тәрбиеші арнайы қорапқа салынан жүрешелерді ата- аналарға бір біреуден алуын сұрайды, жүрекшені алып болғаннан кейін ішіндегі өздеріне арнап жазылған сөйлемдерді оқиды және ол сөйлемді ата-аналар жекелеп оқып шығады алған әсерлерімен бөліседі, қалаған қатысушысына тілек айтып жүрекшесін береді.
«Тілек гүлі» (қорытындылау)
Сонымен
ата - аналар бала тәрбиесі ең маңызды -
мәселе. Ең басты – ата - ананың бала
тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне
бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды
ортаға салдыңыздар. Осы іс - шарамыздың
соңында сіздерге мандарин ұсынғым келіп
отыр. Мандаринді берген мақсатым:
Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ,
нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің
ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік.
Мандарин қандай қасиеттерге ие болса
бізде балалармызға жұмсақ мінез танытып,
жан - жақты тәрбие берейік.
Әке,
Ана үш - ақ әріп тіршілік,
Үш – ақ
әріптен үлбірейді гүл шығып.
Үш – ақ
әріп дүниені танытқан,
Үш – ақ әріп
қойған жыршы ғып – дей келе тренингімізді
аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген