400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала - бақша психологтарына қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

«Шакизада» ЖШС «Айбол» жеке меншік

бала- бақшасының психологы

Боранбай Қаламқас Қуанышқызы

Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастары

  • Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің мақсаты:
    Бала, педагог, ата - ана осы үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі бірлікті қамтамасыз ету;
    Міндеттері:
    - Отбасы
    мен бала-бақшаның өзара қарым - қатынасы;
    - балалар мен отбасыларына әлеуметтік психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру.
    Ата - аналар алқасының өзекті мәселесі:
    Ата - аналарының бала-бақшамен тығыз байланысын нығайту, ата - аналармен жүргізетін жұмысымды мына сызбаға түсірдім.

    Зерттеу жұмыстары:

  • Ата - аналар жиналысы.

  • Педагогикалық біліммен қаруландыру.

  • Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстар

    Өз ойларын ортаға сала білу, тәжірибе алмасу
    Жеке ата - анамен жұмыс
    кезінде баланың мінез - құлқы жөнінде жасалынған диагностикалық картамен таныстырылды. Сонымен бірге жүргізілген жұмыстар ретімен таныстырылады.
    Зерттеу жұмыстары: тест, анкета, сұрақтар тізбегі берілді, ата - аналар сол бойынша тапсырмаға жауап берді.
    Сауалнама «Сіз қандай ата – анасыз?»
    Сауалнама сұрақтары ата – аналарға таратылып беріледі.

1. Кез – келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып, балаңызға бір сәт көңіл бөлесіз бе?
2. Балаңыздың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен арадағы қарым - қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың жасаған ісі ашу шақыртқан кезде өзіңізді игере аласыз ба?
6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәт Сізге мейірімді адам ретінде сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балалық шағыңыздан балаңызға өнегелі, қызықты әңгіме айта аласыз ба?
9. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін өзгелердің айтпауына ықпал жасайсыз ба?
10. Балаға берген уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Отбасындағы балалармен қарым – қатынас дұрыс жолға қойылған ба?
12. Сіздерді және балаларыңызды қызықтыратын ортақ істер бар ма?

Осы сауалнамаларды талдай отырып, мына бағытта жұмыс жасау керектігін анықтадым.
● Ата - ана мен бала ынтымақтастығы;
● Баланың бас ұстазы - ата - анасы;
● Отбасылық сыйласым
ы;

Ақыл - кеңестер:
■ Балаңыздың бас ұстазы - өзіңіз.
■ Дарынды бала өсіргіңіз келе ме?
■ Оқып, талдап ғибрат қыл.

Өз ойларын ортаға салу, пікір білдіру мақсатында ата - аналарға түрлі сұрақтар және ситуациялық жағдаяттар берілді.
Сұрақтар:
1. Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
2. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
3. “Бақытыңды балаңнан ізде” деген сөзді қалай түсінесіз?


Сіздің балаңыздың сеніміне ие болу үшін көрсететін кеңестер
● Баланың денсаулығын сақтау;
● Психологиялық көңіл - күйі;
● Материалдық көмек;
● Жүйелі қадағалау;
● Уақыт бөлу, бағыттау, қадағалау, көмектесу;
● Стандарт талаптарын білу;
● Олқылықтарын білу;
● Ішкі мүмкіндіктерін білу.
Жұмыс түрлері:
■ Дәріс;
■ Семинар;
■ Пікірталас;
■ Ашық әңгіме;
■ Тренинг;
■ Психологиялық кеңес:
Адамның көңіл - күйін өсіретін шараларды іске асыруға тырысу қажет.
Ата - ана жұмысын былайша ұйымдастырудан алынатын нәтижелер:
● Ата - ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алады;
● Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын біледі;
● Ата - ана өзін танып біледі;
● Психолог,тәрбиешілер мен педагогтарға сенім күшейеді;
● Баланың тәрбиесіне тікелей араласуы арқылы ата - ананың педагогикалық - психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянады;
● Ата - ананың жиналысқа қатысуы, белсенділік деңгейі өседі.
Әрбір ата - ана қажет етсін, етпесін ол - тәрбиеші. Тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына қоғамдық мән бере білетін ата - аналар тәрбиеші ғана емес, педагогта бола білетін жандар екенін айтып өтілді.
Қорыта келгенде
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.
Назарларыңызға рахмет!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі