Ата - салтым асыл қазынам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата - салтым асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Опорный орта мектебі» КММ









Ата-салтым асыл қазынам

(интелектуалды сайыс)











Өткізген:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сания Изимова







2018 оқу жылы



Ата-салтым асыл қазынам.

Мақсаты: халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы-бабаларымыздың өсиет сөздерін ұғындыру. Отансүйгіштікке, адамгершіліккебаули отырып, ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі:интер тақта, шар, плакат, кітаптар.

Барысы: хош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар! Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды,өскелең ұрпақ сендерге жаңа міндет жүктеп отыр. Жаңа ғасыр талаптарына сай болу үшін, салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың өткен тарихын оқып ,рухани байлығын әдет-ғұрыпын білу қажет.

Сайысымызды бастамас бұрын технология пәні мұғалімі Маймолдиева Даметкен апайға сөз беріледі. Баяндама: «Ата салтым-асыл қазынам»

Ата-салтым ,асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім ,

Өткенімді бүгініммен жалғадым.

Ал , енді құрметті қауым , қол соғып қошеметтеп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Өнерпаз және Талапкер тобы. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. 1.Топты таныстыру.

2.Қолөнер сайысы (құрақ құрау)

3.Сыйқырлы қоржын

4.Қазақтың ұлттық тағамын әзірлеу

5.Топ басшылар сайысы (әр түрлі салада сұрақтарға жауап беру.)

Сайысымыз бастамас бұрын әділдікті сүйетін,әділ баға беретін әділқазы мүшелерін сайлап аламыз.

1-кезең: «Топты таныстыру»

Топтың аты: Талапкер

Топтың ұраны:Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.

Топтың аты:Өнерпаз

Топтың ұраны: Шыдамды еңбек алғыр ой,нағыз досың біліп қой.

«Шебердің қолы алтын» -дейді атам қазақ.Сөзге де шебер іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі оның қол өнері.Олай болса келесі турымыз «Қол өнер» деп аталады. Бұл кезеңде құрақты осы жерден қйып дайындап, қағазға жапсырады.Құрақтың атын атап жасалуын түсіндіреді.Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріліп бағаларын қояды. Таза мінсіз асыл сөз,ой түбінде жатады дегендей келесі кезеңіміз «Сыйқырлы қоржын» деп аталады. Қоржында асықтар салынған және нөмірленген. Сол асықты тандай отырып сұрақтарға жауап береді. Ереже түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

1.Халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениет пен өнер туындысы қалай аталады? (Қол өнер)

2.Темірден заттар жасайтын шеберді кім деп атайды? (Ұста)

3.Асыл тастардан, алтын күмістен бұйымдар жасайтын шебер.. (Зергер)

4... Киім тігетін шебер.. (Тігінші)

5.Етікші құралы..(Біз)

6.Жүн сабайтын ұзынша,жіңішке ағаш..(Сабау)

7.Қалың бұйымдар тігетін тігін құралы..(Тебен ине)

8.Киіз үй сүйектерін жасайтын шебер..(Үйші)

9.Кимешектің және сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қойған моншақ қалай аталады? (Бетмоншақ)

10.Түйенің жетек бауы қалай аталады? (Бұйда)

Әділқазылар алқасы бағаларын айтып өтеді.

Қазақ халқы асты жоғары бағалап ,қадірлей білген.Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар,асты қорласаң құстырар» деген ескертпе мақал-мәтелдер осының дәлелі . Қай заманда,қалай айтылғанына қарамастан,халық асты құрметтеудің жолын оны әзірлеудің көзін,ретін таба білген. Олай болса келесі кезеңіміз «Ұлттық тағам әзірлеу» деп аталады.

Екі топ өздерінің дайындаған тағамдарын түсіндіреді. Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Қадірменді халайық сайысымыздың аяқталуына біраз сикунттар қалды.Сондықтан сонғы кезеңімізге өтеміз.Сонғы кезеңіміз «Топбасшылар сайысы» деп аталады.

«Талапкер» тобы

1.Қазақтың дәстүрлі ұн тағамдарын ата.. ( таба нан,бауырсақ,шелпек)

2.Салат дегеніміз не?(бір немесе бірнеше көкөністерден дайындалған тағам)

3.Кофенің отаны?(Африка)

4.Еліміз егемендігін қай жылы алды? (1991жыл 16 желтоқсан)

5.Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)

6.Қойдың пірін ата? (Шопан ата)

7.Біз қандай ауданда турамыз? (Бейнеу)

8.Сәбіз қандай көкөніс түріне жатады?(Тамырлы)

9.Көкөністерді турау тәсілдерін ата ? (Күрделі,қарапайым)

10.Көмек,жәрдем үшін жиналу? (Асар)

«Өнерпаз»тобы

1.Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарын ата?(айран,шұбат,қымыз,сүт,құрт,шалап)

2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3.Жалаудың авторы кім? ( Шота Аман Уалиханов)

4.Қыздар тақиясының төбесіне не таққан? (Үкі)

5.Сиырдың пірі кім?(Зеңгі баба)

6.Біз қай облыста тұрамыз?(Маңғыстау)

7.Модельдеу сөзі қандай ұғымды білдіреді?(Сәндеу)

8. Алжапқыш тігу үшін қолданылатын мата? (Шыт)

9.Кристалды ,ақ түсті, исі жоқ,дәмі тәтті өнім? (Шекер)

10.Бес арысты ата (Шәкәрім Құдайбердіұлы,Мағжан Жұмабаев,Міржақыа Дулатов,Ахмет Байтұрсынов,Жүсіпбек Аймауытов)

Қорытынды:Жеңген топ әділқазылар алқасының шешімі бойынша марапатталады. Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
661
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі