Ата -ана махаббаты баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата -ана махаббаты баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 08.12.2018 ж

Тренинг тақырыбы: Ата - ана махабатты.
Мақсаты: Ата - анамен бала арасындағы қарым- қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Тренинг барысы:
І.Ата - аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
ІІ.Есімдер аллитерациясы
.Мақсаты:Ата - аналарды бір -бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді,жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
-Өзіңіз қазір қандай көңіл күйде отырсыз?
ІІІ.Баяндама. "Ата - ана махаббаты".
Отбасы - бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бала - ата -ана өмірінің жалғасы.Үй ішінің жайлы өмір сүруі, бала- шағаның тәртіпті болып өсуі - отағасының ақылы мен еңбекқорлығына байланысты. Сондықтан әйел үй - ішінің берекесін келтірсе,сол берекеге берік негіз қылатын ер адам екенін ұмытпайық.Әке баласы үшін шыңы биік асқар тау!Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап бағуға да,жақсы тәлім- тәрбие беруге де міндетті адам.
Тәрбие дұрыс берілуі үшін үйде ата- ананың, мектепте ұстаздың айтқан сөзі үндесіп жатуы керек.Ендеше "Адамның адамшылығы ақыл,ғылым,жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады.Адам баласын бауырым деу жүректің ісі" деген екен Абай атамыз.
Бала тәрбиесі - қызығы мен қиындығы қатар жүретін күрделі процесс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата- ананың балалардың алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз" деген сөзін келтіре отырып,жас ұрпақтың болашағына нұрлы жол ашатын бірден - бір кілт әке - шеше,ендеше бала тәрбиесіне ата - аналардың көңілі бөлінсе екен дейміз.Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру,мәдениетін арттыру,бала тәрбиесіне белсене араластыру ,соның нәтижесінде ата - ананы баланың басты ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренингтің маңызы орасан зор.
ІҮ.
"Біз біргеміз!" жаттығулары: Мақсаты:Отбасындағы қарым - қатынасты нығайту үшін ата - аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету .
* Көздері байлаулы аналары/әкелері балаларын тауып алуы керек.
Талдау: Сізге балаңызды табуға не көмектесті?Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
*
"Біз бақытты жанұямыз!" Алдын ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау: Өз балаңыздың суретін қалай таптыңыз?Табу сізге қиын болды ма? Суреттерден өз балаңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
* "Үшеуіміздің суретіміз!".Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады.Баласы суретті бастайды,әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді,баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:1.Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма? 2.Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма? 3 .Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағатанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
Ү. "Кім тез?"ойыны
Жанұядағы тәрбие,баласының өмір сүріп жатқан ортасы туралы пікір алмасу.
1.Балаңыздың туған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3.Балаңыздың парталас көршісі кім?
4.Балаңыздың сүйікті асы?
5.Қандай пәнді жақсы көреді?
6.Балаңыздың ең жақын досы кім?
7.Балаңыз қандай түсті ұнатады?
ҮІ. Ата - ана туралы өсиет. /Видио ролик/.
ҮІІ. Ойын. "Шар ішіндегі сұрақ" (шарға сұрақтар салынып,таңдауы бойынша ата - аналар сұрақтарды алып,жауап береді)
1.Балаңыз сабағын жақсы оқу үшін оған тілегін орындауға уәде бересіз бе?
2.Балаңыз сабақты өте жақсы оқиды.Бір күні сабақтан нашар баға алып, күнделікке мұғалімнің ескертпесі жазылып келді.Сіз не істер едіңіз?
3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба ?
4.Отбасы тату болу үшін адам бойындағы қандай қасиеттер маңызды қызмет атқарады?

ҮІІІ. "Тілек шамы".
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Құрметті ата- аналар ,балалар.Біз сіздермен жанұядағы ата -анамен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға,жан - жақты талқылауға тырыстық.Отбасы,ұшқан ұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. "Отбасы"атауының мәніне терең үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сезінеміз.Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін "Тілек шамы"жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерімізбен бөлісіп,тренинг барысында айтылмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

1.Балаңыз сабағын жақсы оқу үшін оған тілегін орындауға уәде бересіз бе?


2.Балаңыз сабақты өте жақсы оқиды.Бір күні сабақтан нашар баға алып, күнделікке мұғалімнің ескертпесі жазылып келді.Сіз не істер едіңіз?


3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба ?


4.Отбасы тату болу үшін адам бойындағы қандай қасиеттер маңызды қызмет атқарады?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
3304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі