«Баланызды тым катты
еркелетізбе?»
Барлық ата-ана баласын еркелетіп өсіреді.
Тек, осы еркелету шектен тыс болса, оның зияны өте зор. Керісінше,
біздің көптеген ата-аналарымыз баласының қалаған барлық тағамын
ішкізіп, қалаған барлық киімін үстіне жапсырып, қалаған барлық
заттарын сатып алып береді. Мұны ұл-қызының мұқтажсыз өмір сүруіне
жағдай жасау деп түсінеді. Содан бала ешнәрсенің нарқын да, парқын
да білмей өседі. Ержете бастасымен-ақ ата-анасына өтініш көбейіп,
«аспандағы айды алып бер», - деуден де тайынбайды. Тіпті, өсе келе
баланың өтініш, тілегі бұлжытпай орындалуға тиісті талапқа,
бұйрыққа да айналады.Еркелетіп, әлпештеудің күшейетін бір кезі бала
ауырып қалғанында. Көп ата-ана баласы сәл сырқаттанып қалса да оған
айрықша көңіл бөліп, асты-үстіне түсіп өбектейді, айтқан тілегінің
бәрін орындауға жанталасады. Ал, психолог-дәрігер бала ауырғанда
оған өте айрықша көңіл бөлмеуге кеңес береді. Себебі, кейбір
балалар өздері ауырғанында ата-анасының ерекше назар аударатынын
байқап, қалаған затын алдырту үшін өтірік ауыратын да болады. Және
де баланы ойнатып отырып тамақтандырмаңыз. Бұлай жасасаңыз, балаңыз
тамақ ішерде Сіздің өзіне ерекше ықыласыңыздың ауғанын, өзімен
ойнағаныңызды күтетін, соған әдеттенетін болады. Егерде сондай
жағдай қалыптасқанда балаңызға көңіл бөлмесеңіз, ол жабырқап
қалады, қыңыр, қырсықтыққа салынады, тамаққа тәбеті
тартпайды.Кейбір балалар «қорқып жатырмын», - деп анасын жанынан
шығарғысы келмейді. Мұндайда оның «қулығын» біле тұра, оған қарсы
шықпай, ұрыспай, құшаққа алып, неден қорқып жатқанын білуге
тырысқан жөн.Ата-анасының баласына шектен тыс көңіл бөлуі
отбасындағы тыныштықты да бұзады, баланың дұрыс жетіліп өсуіне
кесірін тигізеді. Шектен тыс әлпештеуге үйреніп, оны өз пайдасына
жаратып, әдеттенген бала ешкімнен жылы сөз естімейтін ортаға тап
болса, депрессияға ұрынуы да әбден мүмкін. Психолог-дәрігер жас
балаға ата-анасы бір нәрсе айтарда тізерлеп отырып, онымен бойы
бірдей жағдай да сөйлескен жақсы әсер етеді дейді. Иә, әрбір жас
бала ата-анасымен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста
болғанды, олардың алдында еркін жүріп, тұрғанды қалайды. Егерде
ата-анасы жас сәбиімен үнемі жоғары отырып, түрегеліп тұрып
«биіктен» сөйлесетін болса, бала «жоғары жаққа қарағыш» болып
өседі, кемістік, әлсіздік сезімдеріне беріледі. Сәби де, ата-анасы
да бір-біріне тура қарап сөйлессе, екеуі де әдемі қуатқа бөленеді.
Жапонияда: сәбилерге 5-6 жасқа дейін барынша ерік беріледі. Олардың
сындырғанына, бүлдіргеніне, артық та орынсыз айтқан сөздеріне
ешқандай назар аударылмайды. Сол сағатында тәрбиелейміз, жөнге
саламыз деп шаршап, шалдықпайда, жүйкесін жұқартпайды.Тек әрбір
бала 5-6 жастан асқан соң оларға басқаша талаптар қойылады. Себебі,
ақыл-есі бар балалар ол талаптың керектігін, мән-маңызын түсіне
алады.