Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата -аналар жиналысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сапабекова Ақзада Сәлімжанқызы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қостанай облысы, Б.Майлин ауданы, Әйет ауылы
Ата - аналар жиналысының тақырыбы:
«Тәрбие көзі - отбасы»
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын
орнының ерекше екендігін
түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
қалыптастыру;
Түрі:
топтастыру
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сауалнамалар,
қағаз қалам, кері байланыс құралдары (ағаштар, алмалар), постер
қорғау, «балама хат» қағаздарға тілек
жазу.
Жоспар:
1. Тренинг: 1-топ: «Таңғы
қуаныш»,
2.-топ: «Түскі лебіз»
3-топ: «Түнгі
тілек»
2. Баяндама «Ата - ананың басты қуанышы
бала»
3. Сауалнамалар (ата-аналар жауап
береді)
4. Тоқсан қорытындысы және алдағы тоқсанға
қойған мақсаттар
5. «Тілек ағашы»
ойыны
6. Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері
7. Ата-аналарға арналған
этикалық кодекс
8. «Шешімі бар» айдары. Бала тәрбиесіндегі
қазіргі қиындықтар мен оны шешу
жолдары.
9. Кері байланыс
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар!
Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп, сіздерді «бағдаршам» әдісі
арқылы бөліп алдым. Әртүрлі шарлар арқылы түстер бойынша үш топқа
бөлініп отырасыздар.
Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады.
Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және қандай
көңіл күйде оятасыз. Соны бір - бірлеріңізге қарап айтып көріңіздер.
Міне, осындай жылы сөздермен балаларыңызды күнде қуантып
жүріңіздер.
2.Баяндама; « Ата - ананың басты қуанышы –
бала»
Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу
діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының
қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап,
рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында
баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің
қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік,
қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б
келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында
отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін -
ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз
баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің
бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында
тәрбие алады.
3.Сауалнама «Сіздің балаңыздың қызығушылығы»
1.Балаңыздың аты-жөні._____________________________________
2.Балаңыз қандай ойындарды қалайды? ______________________
3.Спроттық ойындардың қандай түрлерін жақсы көреді? _______
4.Кіммен жиі ойнайды? ____________________________________
5.Балаңыз ұжымда өзін қалай ұстайды? ______________________
6.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? ______________
7.Сізді бала тәрбиесіндегі қандай жақтары қинайды? ___________
8.Тәрбиенің қандай әдісін қолдайсыз? _______________________
/көндіру, түсіндіру, қатал тәртіп қою, мадақтау, жазалау т.б. /
Ата-ананың аты-жөні _____________________________________
Жауабыңызға рахмет.
4. Оқушылардың І-тоқсан үлгерімдері туралы слайдтан көрсету.
5. «Тілек ағашы» ойыны
өткізіледі.
Баланың жан дүниесі - бос тұрған ыдыс сияқты.
Ол ыдысты толтыратын қоршаған ортаның әсері мол. Әсіресе,
ата-анасының, отбасындағы тәрбиенің бергенін тез қабылдап, бойына
жинай бастайды. Тілектерін бұлжытпай орындауға
тырысады.
Өз балаңыздың қандай болғанын
қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай
қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың алдыңызда түрлі-түсті
қағаздар жатыр. Сол қағаздардан алақанды қиып, бес тілек
жазыңыздар. Әр топ тілек ағашын жасайды.. Ертең балар
тілектеріңізді оқитын болады. Ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі
бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба
білуге үйретесіздер.
6. Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген
міндеттері:
1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен
қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан
қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз
байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға
көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін
дайындап беру;
6. Баланың сабағына
қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз
ету;
7. Ата-аналарға арналған
этикалық кодекс:
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау
көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін
ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз
жеткізбей тұрып бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол
үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс
қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен
жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті
құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне
жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін
қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ
уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе
балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтетін, қала көлемінде өтетін
мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда
оны тәртіппен шешуге тырысыңыз.
8. «Шешімі бар» айдары
Бала тәрбиесіндегі қазіргі қиындықтар мен оны шешу жолдары. (топтасып постер құрып, қорғайды)
9.Кері байланыс: «Бес
тілек» (ата-аналар сынып жетекшісіне өз көңілдерімен
тілектерін жазады)
10.
Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің»
дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті,
жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі
санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы,
жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің
жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде
болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі
болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері
мол.
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!